Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы өкілетті органдар бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу ережесімен анықталады.
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау университетте Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының ашық отырысында белгіленген уақытта өткізіледі.
Қорғауға ғылыми жетекшілер, рецензенттер шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.
124
Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациялық комиссияның және қатысушылардың алдында кемінде 15 минут уақыт аралығыңда баяндама жасап қорғайды. Студенттің қорғайтын жұмысы көрнекі плакаттар немесе слайдтармен интерактивті режимде болуы керек.
Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушы сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады.
Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтікәріптікжүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.
Диплом жұмысын (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.