Магистрлік диссертация - магистрантгың ғылымның өзекті мәселелеріне зерттеу жүргізу арқылы оның нәтижелерін қорытып жазатын біліктілік жұмысы. Оны магистрант ғылыми жетекшісінің басшылығымен өз бетімен орындайды. Магистрлік диссертация ғылым мен тәжірибенің қазіргі теорияларына, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін пайдалану жолымен орындалуы, негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, тәжірибелік) бөлімдерінен тұруы, тиісті білім салаларындағы озық халықаралық тәжірибеге негізделуі, нақты
тәжірибелік ұсынымдардан тұруы тиіс. Магистрлік диссертация тақырыбы Ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.
Магистранттыңғылыми жетекшісініңғылыми дәрежесі (доктор немесе ғылым кандидаты) немесе РҺО докторының академиялық дәрежесі болуы және ғылымның берілген саласында ғылыми зерттеулермен белсенді айналысуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |