Тһотзоп Пеиіегз компаниясының ғылыми журналдары базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе 8кориз деректер базасына кіретін журналдарда және 3 (үш) халықаралық конференцияда, соның ішінде 1 (бір) шетелдік конференция материалдарындашыққанжарияланымыболуыкерек.Жарияланымдарға аймақтық, республикалық, халықаралық конференциялардың, симпозиумдардың, кеңестердіңтезистері.ақпараттық-шолубаяндамалар, талдамалық шолулар, көлемі кемінде 0,3 баспа табақ ақпараттық парақтар мен патенттер теңестірілуі мүмкін.
Докторлық диссертацияның құрылымы, мазмұны және ресімдеу
ережесі
Докторлық диссертацияның көлемі, әдетте, 150 бетті құрайды.
Мамандықтардың жекелеген топтары бойынша диссертация кәлемі 200 бетке дейін жетуі мүмкін. Докторлық диссертацияның көрсетілген көлеміне қосымшалар енгізілмейді.
Докторлық диссертацияның құрылымдық элементтері:
пайдаланылған әдебиеттізімі;
Сонымен қатар докторлық диссертацияның мазмұнына сәйкес докторант 1-1,5 б.т. реферат жазады. Реферат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады (қажет болған жағдайда реферат басқа шетел тілінде жазылуы мүмкін) және диссертацияға қол қойылады.
Докторлық диссертацияның рефераты мына мәліметтерді қамтуы тиіс:
иллюстрациялар, кестелер, қолданылған әдебиет саны;
негізгі сөздер тізімі (15-20 сөз);
алынған нәтижелер, олардың жаңашылдығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы;
жарияланымдар туралы мәліметтер.
Кіріспе ғылыми және/немесе инновациялық сипатқа ие шешілетін ғылыми, ғылыми-техникалық немесе технологиялық проблеманың (міндеттердің) қазіргі жай-күйін бағалауды, тақырыпты әзірлеу үшін негіздеме мен бастапқы деректерді, осы ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зертгеу) жұмысын жүргізу қажеттілігінің негіздемесін, әзірлеудің жоспарланған ғылыми-техникалық деңгейі туралы, патенттік зерттеулертуралы мәліметтердіжәнеоларданалынғанқорытындыларды, диссертацияның метрологиялық қамтамасыз етілуі туралы мәліметтерді қамтуытиіс. Кіріспедетақырыптыңөзектілігі менжаңалығы, осыжұмыстың басқа ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмыстарымен байланысы көрсетілуі керек. Сондай-ақ зерттеудің мақсаты, нысаны мен мәні, міндеттері, олардың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысын тұтастай орындаудағы орны және әдістемелік база, қорғауға шығарылатын ережелер кәрсетілуі тиіс.
Ғылыми жұмыстар тақырыптарының өзектілігі, олардың мақсаты мен міндеттері туралы жоғарыда 2-тарауда толық жазылғандықтан, бұл бөлімде арнайы тоқталмаймыз.
Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін деректер келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |