Магистрлік диссертацияны қорғау тәртібі
Бітіруші ғылым магистрі академиялық дәрежесін алу үшін біліктілік комиссия алдында магистрлікдиссертациясын қорғауға шығады. Қорғауға ұсынылған негізгі нәтижелері ғылыми журналдарда жарық көруі тиіс.
Диссертацияны қорғауға бір ай мерзім қалғанда диссертациялық кеңеске мына материалдар ұсынылады:
түптелген диссертация 1 дана;
сараптамалық комиссия қорытындысы;
диссертанттың ғылыми жетекшісінің пікірі;
диссертацияның аңдатпасы;
диссертация тақырыбын бекіту туралы құжат;
Сараптамалық комиссия 10 күн ішінде диссертацияға сараптама өткізеді және бекітілген түрде негізделген жазбаша қорытынды береді. Қорытынды төмендегі мәселелерді қамтуы керек:
диссертацияда баяндалған нәтижелерді алуда магистранттың нақты жеке қатысуы;
- диссертация мазмұнының мамандыққа сәйкестігі;
магистранттың жариялаған жұмыстарында диссертация
материалдарының баяндалуы.
Магистрант қорғауда диссертациясында қарастырылған мәселелер туралы 15-20 минуттан аспайтын баяндамасында зерттеу мақсаты мен
міндеттерін қысқа және анық сипаттауы, аса маңызды қағидаларды баяндауы, қорытындылар мен ұсыныстарды негізделген түрде дәлелдеуі қажет.
Магистрлік диссертацияны бағалау кезінде мына жағдайлар ескеріледі:
алынған нәтижелердің жаңалығы;
әдеби шолудың толықтығы мен пайдаланылған дереккөздерінің қазіргі заманға сай болуы;
диссертацияның ресімдеу талаптарына сәйкестігі;
диссертация қорғаудағы баяндаманың сапасы (дәлдік, сауаттылық, кәсіби терминдерді пайдалана білу, көрсетілген материалдың сапасы және т.б.);
қорғау уақытында берілген сұрақтарға және рецензенттің ескертпесіне жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы.
Магистрлік диссертация қорғаған магистрантқа сәйкес мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскриппен) беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |