Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қаласы Резюме



Дата08.06.2018
өлшемі34,47 Kb.
#42101
ӘОЖ 378.1: 37.062.3
П.ғ.к., доцент м.а. Әліпбек А.З.
ЖОО-ДА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ ДАЯРЛАУДА «ЖЕТКІНШЕКТЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ» ПӘНІН ОҚЫП-ҮЙРЕНУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қаласы
Резюме

В статье рассматривается психология подростков, психические качества подросткового периода и исследования процесса развития личности как отрасль возрастной психологии. Наряду с этим расскрывается теоретическая и практическая значимость дисциплины «Психология подростков» в ВУЗе при подготовки будущих педагогов-психологов.


Summary

In article the psychology of teenagers, mental qualities of the teenage period and research of development of the personality as branch of age psychology is considered. Along with it the theoretical and practical importance of discipline «Psychology of teenagers» in Higher education institution reveals when training future educational psychologists.


Түйіндеме

Бұл мақалада жеткіншектер психологиясы жеткіншектік кезеңнің психикалық қасиеттері мен тұлғасының даму үдерісін зерттейтін жас ерекшелік психологиясының бір саласы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, ЖОО-да болашақ педагог-психологтарды даярлауда «Жеткіншектер психологиясы» пәнін оқып-үйренудің теориялық және практикалық маңыздылығыжайында анықталады.


Түйін сөздер: ЖОО, педагог-психолог, даярлау, жеткіншек, психология, оқып-үйрену, теория, практика, маңыздылық.

Ключевые слова: ВУЗ, педагог-психолог, подготовка, подросток, психология, изучение, теория, практика,значимость.

Key words: HIGHER EDUCATION INSTITUTION, educational psychologist, preparation, teenager, psychology, studying, theory, practice, importance.
Қоғамдық жаңару кезеңінде, еліміздегі әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезеңінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл дегеніміз – қоғамдағы мектеп, отбасы орны, оның басты міндеті – жеткіншектік кезеңдегі балалардың психофизиологиялық дамуындағы ерекшеліктеріне деген көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Оны шешуге мектеп психологтарының қосатын үлесі өте үлкен. Өйткені, жеке тұлғаның барлық қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу, жеткіншек жас кезеңінің өмір салтындағы құндылықтардың мәні мен маңыздылығын түсінуге үйретіп, оларға өмірлік оң бағыт-бағдар беруге психолог көмек көрсетуге тиіс[1, 5-8 б.].

Осындай міндеттерді жүзеге асыруда 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы үшін «Жеткіншектер психологиясы» пәнін оқу жоспарына кәсіби таңдау пәні ретінде енгізіп, оқып-үйренудің маңызы зор.

Жеткіншектер психологиясы – жоғары оқу орындарында 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығын даярлауда кәсіби білімдерін дамытатын таңдау пәндерінің бірі.

Қоғамның қай кезеңі болмасын жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесі өзінің әлеуметтік-тарихи құндылығымен ерекшеленеді. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесі ХХ-ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап күні бүгінге дейін ғалым-зерттеушілердің еңбектеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылып келеді.

Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның қалыптасуы жайлы Л.С.Выготский мен А.Н.Леонтьевтың, С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьевтің, Д.Б.Эльконин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Бұл ғалымдардың ғылыми мектебінде психикалық дамудың теориялары мен тұжырымдары қалыптасты. Мәселен, психикалық даму теориялары, жеткіншек жасының психикалық даму ерекшеліктері, жеткіншектің тұлғалық дамуындағы өзіндік сана-сезімдері және т.б. тұжырымдарын айтуға болады. Сонымен қатар, жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты ғылыми теориялық және әдістемелік зерттеулер жасаған қазақстандық ғалым-зерттеушілерді ерекше атап айтуға болады. Мәселен, айталық, С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев, В.К.Шабельников, Л.К.Керимов, В.А.Трифонов, Ж.Ы.Намазбаева, Қ.И.Шериязданова, С.Ж.Өмірбекова, Л.С.Пилипчук, Т.М.Шалғымбаев, А.У.Ескендірова және т.б.

Жеткіншек кезеңінде көрініс беретін мінез-құлықтағы қиындық және «қиын балалар» ұғымдарын зерттеу және бақылау 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданылған ғылым ұмтылып, 1950-1960 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр. Балалар мен жеткіншектердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс жасады. Мысалы, В.Г.Баженов, Р.А.Дебагян, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенова, А.М.Қарабаева, Л.К.Керимов, В.П.Кривошеев, Л.В.Лысенко, М.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов, В.П.Шевченко, Э.И.Шнибекова, Г.А.Уманов, А.Байсымақ және т.б. Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Сонымен қатар, бастауыш мектеп оқушылары мен жеткіншектердің ассоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті. Қазiргi уақытта мiнез-құлықтың бұзылу себебi түбегейлi түрде зерттелiнiп жаңа сипатқа ие болуда.

Жеткіншектік кезеңнің дамуын ғалым-зерттеушілер түрлі аспектіде жан-жақты қарастырып, зерттеуге тырысқан.

- Әлеуметтiк-психологиялық және педагогикалық аспекті М.А.Алемаскин, А.С.Бехкин, Л.М.Зюбин, М.Р.Мягков және т.б.

- Клиникалық аспекті – Г.А.Власова, В.Я.Гиндикин, О.В.Кербиков, В.В.Ковалев, М.З.Певзнер, Г.Е.Сухарев және т.б.

- Криминологиялық аспекті – М.М.Бабаев, К.Е.Легошев, В.Н.Кудрявцев, Г.М.Миньковский және т.б.

- Қоғамдағы жеткіншек кезеңінің әлеуметтік психологиялық мәні мен маңызы туралы зерттеулер – Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Р.С.Немов, А.В.Петровский, И.Фельдштейн, В.А.Крутецкиий, С.Кон, Л.М.Фридман,В.Г.Асеев, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, П.М.Якобсон,Д.Б.Эльконинжәне т.б

- Жеткіншектерді тәрбиелеудің педагогикалық және психологиялық аспектілері қарастырған қазақстандық ғалымдар – Г.А.Уманов, В.В.Трифонов, Л.К.Керімов, В.Г.Баженов, К.Бегалиев, М.Мұқанов және т.б.

Жеткіншектер психологиясы – жеткіншектік кезеңнің психикалық қасиеттері мен тұлғасының даму үдерісін зерттейтін жас ерекшелік психологиясының бір саласы.

Жеткіншектер психологиясы – 5-9 сынып оқушылары немесе 11-14 жас аралығындағы жас өскіндердің психикалық дамузаңдылықтары мен фактілерін, тұлғалық қасиеттері мен танымдық-интеллектуалдық дамуын, сезімдік-эмоционалдық ерекшеліктерін қарастыратын жас ерекшелік психологиясының маңызды, әрі қажетті бөлімі.

Жеткіншектер психологиясының зерттеу пәні – жеткіншек-оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері.Жеткіншектер психологиясының зерттеу нысаны – 11-14 жас аралығындағы орта буын оқушылары.Жеткіншектер психологиясы пәнінің мақсаты – онтогенездегі жеткіншектік кезеңдегі балалардың психикалық даму ерекшеліктерібойынша түсініктері мен психологиялық және педагогикалық білімдерін жетілдіру[2].

Жеткіншектер психологиясы пәнінің міндеттері:

- Жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері;

- Жеткіншектік шақта пайда болатын жаңа құрылымдар;

- Жеткіншектердің интеллектуалдық дамуы;

- Жеткіншектің эмоциялық және сезімдік сферасының дамуы;

- Жеткіншектің қызығулары және эстетикалық дамуы;

- Жеткіншектің тұлғалық қалыптасуы;

- Жеткіншектің мінез бітістері;

- Девианттық мінез-құлық мәселесі;

- Жеткіншектік кезеңдегі қарым-қатынастың теориялық мәселелері;

- Жеткіншектің кәсіби бағыт-бағдар туралы;

- Жеткіншек және тәрбие мәселесі.

Жеткіншектер психологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы – жеткіншектік кезеңнің психикалық даму ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуге бағытталады.

Жеткіншектерпсихологиясы психологияның басқа салаларымен: жас ерекшелік психологиясымен, жалпы психологиямен, тұлға психологиясымен, әлеуметтік, педагогикалық және дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты.

Мәселен, жас ерекшелік психологиясы – адамның бүкіл өмірі бойындағы психикалық қасиеттері мен тұлғасының даму үдерісін зерттейді. Жас ерекшелікпсихологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы – даму қарқынына басым көңіл бөлінуі. Сондықтан оны генетикалық психология (грек тілінде «генезис» – шығу тегі, қалыптасу) деп атайды. Жас ерекшелік психологиясында әр психикалық қасиеттің даму үдерісі және әр түрлі жас кезеңдеріндегі қызметаралық байланыстардың өзгеруі қадағаланып отырады. Жас ерекшелікпсихологиясы – психологиялық білімнің ерекше саласы. Баланың даму үдерісін қарастыра отырып, ол әр түрлі жас кезеңдеріне сипаттама береді, демек, «жас» және «балалық шақ» деген ұғымдарды қолданады. Жас немесе жас кезеңі дегеніміз – бала дамуындағы өз құрылымы мен қарқыны бар цикл.

Адамныңпсихикалық даму ерекшеліктерінесәйкесжәнекөптегенғалымдардың (Д.Б.Эльконин, Л.С.Выготский, В.С.Мухина, А.А.Люблинская, т.б.) зерттеулеріненегізделіп, жасерекшелік психологиясыныңтараулары: нәрестеліккезең (туғаннан 1 жасқадейін), бөбектіккезең (1 жастан 3 жасқадейін), мектепкедейінгікезең (3 жастан 7 жасқадейін), бастауышмектебкезеңі (7 жастан 11 жасқадейін), жеткіншеккезеңі (11 жастан 15 жасқадейін), жоғарысыныпкезеңі (16 жастан 17 жасқадейін), жасөспірімдіккезең (17 жастан 20-23 жасқадейін), жастықшақ (20 жастан 30 жасқадейін), кемелдіккезең (30 жастан 55-60 жасқадейін), қартаюкезеңі (60-70 жасаралығы), кәріліккезең (70-тенжоғары)[3].

Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. «Психология» сөзі гректің екі сөзінен пайда болды: «Пcюхе» – жан, психика және «Логос» - ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология – адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.

Психология – танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).

Жалпыпсихология – психикалық құбылыстардың немесе «жан қуаттарының» пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі – барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілібір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.

Әлеуметтік психология(гр. Рsyche – жан және logos – сөз, түсінік, ілім) – әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы. Әлеуметтік психология – отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясынзерттейді. Әлеуметтік психология – қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдері: әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі, тұлға психологиясы, ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі, түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.

Педагогикалық психология – адамды оқыту мен тәрбиелеу барысында оның болмысының даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология саласы. Педагогикалық психология – оқу-тәрбие беру қызметінің, білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында адамның интеллектуалдық және тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын жүйелеп, баяндап, зерттейді. Педагогикалық психологияның тараулары: оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы.

Дифференциалды психология (қазақшаға аударғанда индивидуалды айырмашылықтар психологиясы) – бұл ғылымдағы жеке индивидті немесе топтағы адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін зерттейтін бөлім. Оларды қандай да бір ерекшеліктеріне байланысты: жасына, жынысына, қандайда бір әлеуметтік ортасына қарай топтастырады. Индивидуалды айырмашылық психологиясы немесе дифференциалды психология – бұл психология ғылымының жекелеген индивид немесе адамдар тобын, қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін бөлігі болып табылады.Мұнда зерттелетін ерекшеліктер диапазоны өте кең, ал олардың құрылымы әр түрлі: индивидуалдылықтың физиологиялық негізі ретінде жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерінен бастап, әлеуметтік бағдарлар мен кәсіби қызығушылықтарға дейін қарастырады.



Дифференциалды психология» терминін 1900 жылы неміс психологы В.Штерн енгізді. Сол кезде оның «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі жарық көріп, Штерн әр елдің ғалымдарына психологияның бұл бөлігін бір атау мен атауды ұсынды. Дифференциалды психологияның зерттеу салалары өз бетінше дамиды және көп жағдайда өзара аз байланысады. Дифференциалды психологияның міндеті – адам психикасындағы индивидуалды айырмашылықтардың заңдылықтарының пайда болуын және көрінуін қарастыру, зерттеудің психодиагностикалық теориялық негізін және психокоррекциялық бағдарламаларын өңдеу болып табылады.Бүгінгі күні білімнің бұл аймағы практика сұранымдарына максималды жауап беруде, сондықтан өте тез дамуда.

Тұлға психологиясы – жеке адамның психологиялық құрылымын, бағыт-бағдарын, типологиялық ерекшеліктерін зерттейді.Тұлға психологиясы – адамтануғылымдары жүйесінде ерекше орынға ие. Бұл сала – адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның іс-әрекетіне сәйкес қадір-қасиеттерінің калыптасуының психологиялық механизмдері мен зандылықтарын зерттейді. Сонымен бірге адамның кұрылымы мен адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселелерді де зерттейді.

Сонымен, қоғамның қай кезеңі болмасын, жеткіншек мәселесі күн тәртібінен түспегені бәрімізге мәлім. Бүгінгі жеткіншек – ертеңгі саламатты еліміздің азаматы. Олардың дені сау және жоғары талғаммен өмір сүре білуге барынша жағдай жасап отыру – мектептің тәрбие мақсатынан туындап отырған мәселе екендігі күмән келтірмейді. Болашақ педагог-психологтардыңбілім беру мекемелерінде жеткіншек-оқушылармен психологиялық ағарту, психологиялық кеңес беру және түзету жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруда жеткіншектер психологиясы пәнінен алған теориялық білімдері мен тәжірибесінің аса қажет болары сөзсіз.
Әдебиеттер

1. Көшербаева А.Н., Әліпбек А.З. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру: Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2010. - 72 б.

2. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы. –Алматы, 1987.- Б.120-126.



3. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. –Алматы, 1982. - 199 б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет