Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет57/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М

Ғылыми-әдістемелік мақалалар ғылыми немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдер, құралдар мен үдерістерге шолу жасауға арналады.

4.2 Ғылыми мақаланың құрылымы

Ғылыми мақаланың нақгы құрылымы болады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: Атауы (тақырып).


Абстракт немесе Аңдатпа.


Тірек сөздер.


Кіріспе.

Әдебиетгерге шолу.

Негізгі бөлім (әдіснамасы, нәтижелері).


Тұжырымдар мен зерттеуден күтілетін нәтижелер.


Қорытынды.



62




Атауы (тақырып) - негізгі мәтіннің құрылымдық бөлігін (бөлім, тарау, параграф, тармақ, тармақша, кесте және т.б.) таңбалау.

Мақаланың атауына қойылатын негізгі талап - қысқалық және анықтық. Тақырыптың ең үлкен көлемі - 10-12 сөз. Тақырып мағыналы, мәнерлі, мақала мазмұнын ашатын болуы керек. Тақырып оқырманның назарын аударатындай болуы тиіс. Мақала жазғандағыдай, тақырып қоюда да ғылыми стильді қатаң ұстану қажет. Тақырып зерттеудің басты тақырыбын анық бейнелеп, оқырманды мақалада қарастырылған мәселеге қатысты шатастырмауы тиіс. Тақырыпта мақаланың мәнін ашатын кейбір тірек сөздер болуы керек. Тақырыпта жалпыға түсінікті қысқартуларды қолдануға да болады. Мақала тақырыбын басқа тілге (орыс, ағылшын тілдеріне) аударғанда кейбір ұлттық ерекшелікке қатысты аударылмайтын жалқы есімдерден, реалийлерден басқа қазақ тілінен ешқандай транслитерация қолданылмауы керек.


Ғылыми мақала белгілі бір ғылыми журналдардың жекелеген нөмірлерінде немесе жинақтарда жарияланатын, қойылған талаптарға сәйкесресімделген, аяқталған авторлықжұмысболыптабылады. Ғылыми мақаланың көлемі, әдетте, 0,5-0,7 баспа табақты (8-10 бет) құрайды.


Мақаланың қолжазбасында жұмыстың толық атауы, автордың аты-жөні, абстракт/аңдатпасы, пайдаланылған әдебиет тізімі болуы керек.


Ғылыми мақаланың мынадай қарапайым құрылымы болады:





  • кіріспе (ғылыми мәселенің қойылуы, өзектілігі, маңыздылығы, ғылымның белгілі бір саласының дамуы үшін қосатын үлесі - 1 абзац немесе 5-10 қатар);




  • автордың соңғы уақыттағы мәселе бойынша сүйенетін негізгі зерттеулері, мақала арналып отырған шешілмеген мәселелерді бөліп көрсету (0,5 -2 бет);




  • мақаланың мақсаты мен міндеттерінің қойылуы. Мақала мақсаты тақырып бойынша негізгі жарияланымдарға шолу жасап, ғылыми мәселенің қойылысынан келіп шығады (1 абзац немесе 5-10 қатар);




  • жеке зерттеу мазмұнын баяндау мақаланың негізгі бөлігі болып табылады. Онда ғылыми зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелері, жеке идеялары, пікірлері, ғылыми деректер, эксперимент бағдарламасы, алынған нәтижелерді талдау, негізгі тұжырымдарды жүзеге асыруға автордың қосқан үлесі және т.б. баяндалады. (5-6 бет);




  • автордың негізгі пайымдауы сипатталатын қорытынды, тұжырымдар мен ұсынымдардың берілуі, олардың теория мен практика үшін маңызы, қоғамдық маңызы мен болашағы (1/3 бет).

Ғылыми мақала жазу кезінде белгілі бір ережелерді ұстанамыз:



  • оң жақ жоғары бұрышқа автордың аты-жөні жазылады, қажет болғанда автор туралы басқа да мәліметтер беріледі (мысалы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны);

63


  • мақала атауы оның негізгі ойы мен идеясын айқындап тұруы керек (бес сөзге дейін болғаны мақұлданады);




  • инициалдар (қазақ тілінде) автордың тегінің алдына қойылады;




  • ғылыми есеп беру стилінен аулақ болған жөн;







  • ережелер мен пікірлерді санамалаған кезде цифрлармен мәтінді толтырмау қажет;

  • белгілі ғалымдардың еңбектеріне сілтемелер мақаланың басында беріліп, негізгі көлем автордың жеке ой-пікіріне арналғаны дұрыс;

  • мақала нақты тұжырымдармен және ұсынымдармен аяқталуы керек, мақала соңында пайдаланылған әдебиет тізімі беріледі.

Мақала қолжазбасына автор қол қойып, редакцияға басуға тапсырылады.

Мақала жазу барысында ойыңызды анық көрсетіп, мақаланың логикалық құрылымын анағұрлым көрнекі қылу үшін төмендегідей түрлі қыстырма сөздер, фразалар қолдануға болады:




Біріншіден... Екіншіден... Үшіншіден... Ең алдымен Сонымен бірге Сондай-ақ Бұдан әрі


Жоғарыда айтылғандарды ескере келе Сәйкес Осылайша Осы ретте Осыған сәйкес Дегенмен Алайда Бір жағынан Жалпы алғанда Сондықтан Қорыта келе


Сөзімізді қорытындылай келе

Десе де, қыстырма сөздерді орынсыз қолданудан, әрбір сөйлемді қыстырма сөзден бастаудан аулақ болғаныңыз жөн.



64





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет