Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет59/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М

Тірек сөздер: білім беру, білім деңгейін бағалау, тестілеу, тілді білу деңгейі, деңгейлік бағалау, ҚАЗТЕСТ, қазақстандық жүйе, коммуникативтік қузырет, тіл саясаты, тілдік жағдай, көпұлтты мемлекет, мемлекеттік бағдарлама,


Кіріспе

Білім беру әлеуметтік жүйелердің ішінде маңызды орын алады. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп отыруды алға қойып отыр. Осы ретте алынған білім деңгейін бағалау білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып есептеледі.


Көптеген мұғалімдер мен педагогтердің пікірінше, тестілеу - оқу материалын игеру дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін барынша ■ объективті әдіс. Білім алушының шығармашылық әлеуетін, білімінің тереңдігін жан-жақты көрсете алу мүмкіндігінің жоқтығы, білім алушының психологиялық, физикалық (дене) кемшіліктеріне/артықшылықтарына байланысты баға шынайылығының өзгеруі сияқты кемшіліктеріне қарамастан, тестілеу әлемнің көптеген елінде білім деңгейін бағалаудың бірден-бір жүйесі болып отыр [1], [2], [3].



65

Тестілеу арқылы тілді білу деңгейін бағалау - жалпы білім дәрежесін бағалаудың ортақ межелеріне сәйкес келгенімен, өзіндік ерекшеліктері бар жүйе [4], [5]. Тілді меңгеру дәрежесіне баға беру деңгейлік бағалау, жалпы бағалау және тұлғаның кәсіби құзыретіне байланысты қойылатын талаптарына сәйкес тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруді бағалау сияқты бөліктерден құралады.

Тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйелерін құру кез келген ұлттық мемлекет үшін қажетті іс деп санаймыз, себебі тілдік білімді игеру сол тіл мемлекеттік тілі болып саналатын елдің мемлекеттік құндылықтарын құрметтеу, қоғамдық құндыл ықтарын ұстану және тұлғалық құндылықтарды иемдену тұрғысынан өте маңызды.


Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл болып саналатын қазақ тілін білудің деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ деп аталады. ҚАЗТЕСТ жүйесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Үлттық тестілеу орталығы әзірлеген. ҚАЗТЕСТ жүйесі 2006 жылдан бастап іске қосылды. Бұл жүйе Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мемлекеттік тілдің қолданысын дамыту, оның бәсекелестік қабілетін арттырумен байланысты мемлекеттік тұрғыдан іске асырылып жатқан шаралар аясында жұмыс жасап келеді [6].


Зерттеудің басты мәселесі құрылымы, мазмұны, ұйымдастыру мен басқару тетіктері қалыптасқан кешен - ҚАЗТЕСТ жүйесін тілді меңгеру деңгейін бағалаудың қазақстандық үлгісі ретінде таныту, оның құрылуының алғышарттарын, өзіндік ерекшеліктерін, кемшіліктерін көрсету.


Мақала авторлары ҚАЗТЕСТ жүйесінің 2006-2009 жылдары лексика-грамматика бөлігінің, 2009-2011 жылдары оқылым бөлігінің, 2014жазылым бөлігінің тест тапсырмаларын әзірлеушілері және сарапшылары ретінде жұмыс тобының мүшелері болған және 2012 жылдан бастап жетік деңгей тапсырмалары бойынша емтихан тапсырып келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет