Ғылыми мақала жазу үлгісі
ТІЛДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ЖҮЙЕСІ
Векхаі В. Оіпауеуа
Кагакһ Опмегзііу оТ іһе Нитапіііее апсі і_ауу, Азіапа, Кагакһзіап
ЗаЬіга М. Заріпа
Кагакһ ІІпК/егзііу оГіһе Нитапіііез апсі І_аұу, Азіапа, Каиакһзіап
АБСТРАКТ
Мақала тілді меңгеру деңгейін бағалаудың қазақстандық жүйесі - ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымын талдауға арналған. ҚАЗТЕСТ жүйесі - халықаралықстандарттарға негізделген қазақстандықжүйе болғандықтан, бұл жүйенің тіл меңгеру деңгейін бағалайтын басқа да халықаралық жүйелермен ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері анықталады. Зерттеудің мақсаты - ҚАЗТЕСТ жүйесінің Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өміріндегі алатын орнын, өзіндік ұлттық ерекшеліктерін, кемшіліктерін көрсету. Бұл үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылуының алғышарттары, қоғамда атқаратын рөлі көрсетіледі, жүйенің Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясаты мен тіл стратегиясын жүзеге асыруда тиімді жұмыс жасап келе жатқан құрылым екендігі мысалдармен дәлелденеді. Көпұлтты мемлекеттерде тіл саясаты ұлттық саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындықтан, көтеріліп отырған мәселе өзекті болып саналатындығы даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |