Мектепшілік «Ұлы тұлғаға тағзым»
ашық тәрбие сағаттары байқауы
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
(1912-1993)
Өткізген:Тенизбаева М
7 «ә» - сынып жетекшісі
"Димаш аға -ғасыр саңлағы"
Мақсаты:Халқымыздың дара тұлғасы Димаш ағаның өмір жолымен таныстыру; оның халқымыз үшін істеген ерен істерін талдау; өз қаламынан туған шығармасы арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу; елі үшін атқарған тағылымы арқылы оқушыларға азаматтық бейнесін үлгі-өнеге ету. Дамытушылық: Оқушылардың іздену дағдысына сүйене отырып, олардың тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін үнемі жетілдіре түсу,өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдылану.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
1. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтің портреті
2. Слайд
3. Кемеңгер, тарихи тұлға жайлы жазылған ой-пікірлер
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушының ынтасын тудыру.
II. Жоспары:
1. Дінмұхамед Ахметұлының өмірбаяны:
А) әулеті, туып-өскен ортасы;
Ә) білім алу кезеңі;
2. Дінмұхамед Ахметұлының қызметі.
3.Игі істері мен жетістіктері
4. Марапаттары
5. Көзкөрген замандастарының естеліктері
6. Қонаевтану
7. Мақалалары мен кітаптары
8. Қонаев есімі берілген жерлер
9. Қонаевтың 12 қасиеті
10. Қонаевтың нақыл сөздері
11. Қонаев университеті
12. Қонаев мұражайы
13. Дінмұхамед Ахметұлының өмірінің соңғы кезеңдері
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
"Д.А.Қонаев есімі Қазақстан халқымен
бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге
ұстаз болған ұлы адам"
(Н.Ә.Назарбаев)
Мұғалім сөзі: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және қонақтар!
Бүгін 7ә сыныбында өткелі отырған "Д.А.Қонаев-ғасыр саңлағы" атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Мен бір жақсы адамдармен жекжат болған екенмін.
Димаш, бұйырса, исі қазаққа ортақ болғалы тұр,
тіл-көзден сақтасын!
Мұхтар Әуезов, жазушы
"Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады"
деген ескі мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған
елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз
үшін айрықша ыстық.
Ілияс Есенберлин, жазушы
Дінмұхамед - нағыз дос деген сөз.
ШәкенАйманов
Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым. Ол-
терең саясаткер, халықтар даналығын толық
меңгерген адам. Ол - КСРО-ның сирек
кездесетін тұлғасы.
Дуайт Эйзенхауэр
бұрынғы АҚШ президенті
Мұғалім: Елу жыл ел ағасы болған Д.А.Қонаев тәрізді ірі тұлға жөнінде айтылар сөз де, естелік те әрқашан жетіп артылады. Ұлы тұлға болмысының қалтарыс-бұлтарысын тереңдей зерттеп, әрдайым жаңа дүниелер жазуға да мүмкіндік мол. Дінмұхамед Ахметұлының кеңестік, онда да Коммунистік партия кезеңімен байланысты өткен өміріне кім қалай қараса да, ол-шын мәнісінде еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан. Яғни Дінмұхаммед Ахметұлының Қазақстанның өнеркәсіптік және шикізаттық базасын, құрылыс инфраструктурасын, ғылым-білімін, мәдениетін өркендетуге сіңірген еңбегі ұланғайыр. Сонымен қатар оның баға жетпес кісілік келбеті мен адами зор қасиеттері де уақыт өткен сайын мейлінше тұлғалана түсуде. Ол туралы том-том кітап жазып, бүкіл ел-жұрт жабылып, күні-түні шежіре шертсе да сағынышты сырдың түгесілмесі анық.
31 жыл халқымызды басқарып, халқының суығына тоңып, ыстығына күйген Димаш аға - туған елі мен жерінің тұтастығы, мемлекет пен ұлт мүддесі үшін жеке басының тыныштығын да, жоғары мәртебелі қызметін де құрбандыққа шалған ұлы тұлға.
Ұлтымыздың өсіп өркендеу жолында қаншама перзенттері бүкіл өмірлерін сарп етті. Солардың бірі - Димаш ата. Сол ұлдарын халқы ешқашан ұмытпайды. Олардың үлгі-өнегесі кейінгі ұрпаққа мәңгі мұра болып қалды. Соның куәсі ретінде Әбдібек Тұрабаевтың өлең жолдарын тыңдайық.
"Елдің даңқын шығарады ұлылар"
Әлемде көп адамдар даңқты,
Ұлы ісімен ел есінде қалыпты.
Тірлік кешкен қамын ойлап халықтың,
Ұлыларға бай ел сірә бақытты.
Қай заманда өмір сүрсін ел мейлі,
Жүректерін ұлы адамдар тербейді.
Өзі өлсе де аты қалар жаңғырып,
Ғибратты ойлары еш сөнбейді.
Ұлылыққа тән ерекше қасиет-
Олар айтқан сөз халқына өсиет.
Болмасаң да ұқсап баққын соларға,
Ең болмаса ізін сұлу басып өт.
Оқушы:
Иә, рас, ұлы тұлғалардың өнегелі істерін үлгі тұтып, оларға ұқсап және олардың жолын жалғастыру - кейінгі ұрпақ біздерге парыз.
Димаш ағаның "Өмір өтті осылай" шығармасына көз жүгіртейік. Кіндік қаны тамған, ата-бабасы мал бағып, қауға ұстаған Күрті мен Іле өзендерінің жағасы, Димаш ағаның балалық шағы өткен Құйған бойы қасиетті мекен емес пе?! Өз әкесі Меңліахмет өлең жазып, өмірін өлеңмен өрнектеген жан еді. Мына шумақтар соның куәсі:
Жас өмір бағасы жоқ гаухар тас бір,
Буына асыл тастың мас болмас кім?
Өтерін бұл жалғанның білсе, шіркін,
Қайрат қып іс тындырмақ-әркімге арман.
Жас өмір өте шықты аққан судай,
Сұлудай есік ашып қайта жапқан.
Өкінсем де келер ме қайран өмір,
Асаудай кетті арқанын үзіп қашқан.
Қу кәрілік енді келіп басып алды,
Қоңсы қылып қондырып қасына алды,
Жатып ішер жалқаулық, ұйқы мырза
Кежегеңнен кері тартқан жолдас болды.
Нұрлыбай:
Ұлы Димашты бола ма, ұмытуға,
Ол-кемеңгер, ғажайып ұлы тұлға!
Жалғыз өзі жарады қапас күнде,
Ұлан байтақ даланы көркейтуге.
Әсемгүл: Димаш ата туралы жазушы журналист Серік Әбдіраймов: «Ар ойлап, дүниеге бой алдырмаған екі адам болса, соның бірі елі еркелетіп Димаш атаған - Д.А.Қонаев. Шүкір, шыққан тауы биік болды. Бір кісідей биліктің шыңына көтерілді. Кісілігін ұлықтыққа жеңдірмеген кім десеңіз, онда да осынау абзалжанның есімі еріксіз еске түседі. Димекең қанағатшыл жан еді. Газет-журналда жарияланған мақалаларын есептемегенде, қай баспадан қанша кітап шығармасын соның барлық қаламақысын жетім балалар үйіне аударып отырған», -деген болатын.
Еламан:
Димашаға! Дидарыңыз жарық күн,
Ұранысызқазақдегенхалықтың.
Саясаттыңдауылынасынбаған,
Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың.
Полина:Димаш аға өмірінде өте ұстамды, салмақты, ақылы мен парасаты ерекше, көпшілікт ііске жұмылдыра білетін,қабілеті мол кемеңгер басшы болды. Оны халқы ерекше құрметтеп, қошеметтеп, «Біздің Димаш» дейтін.
Есдәулет: Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,
Елің барда мәңгі бақи еленбек.
Ел үшін атырам деп жарықтаңды,
Сіңірдің жанаямай көп еңбек.
Мөлдір:Димаш ағаның ерекше бір қасиеті адамгершілігі еді. Талай көкірегі ояу, білімді азаматтар Димаш ағаның қолдауы мен шапағаты арқасында келе–келе қарымды ұйымдастырушыға айналып, абыроймен ел-жұртын басқарды. Көрегені мол мемлекет және қоғам қайраткері болды.
Ы.Дулат:
Ғұмыркешпейқарабастыңқамыүшін,
Қорғадыңыз ел мен жердіңнамысын.
Тарихөзітаразылар, танытар,
ҰлыққазақҚонаевтың сан ісін.
Жаннат:
Үзілмеген достығы, сәлемдері,
Басшылар бар әрқилы, әрелдегі.
Димашқа арнап жыр жаздым жеті шумақ,
Жеті ұлы атанған әлемдегі,-ақын Өтеш Қырғызбай жырлағандай, дүние жүзі ғалымдары жер шарының халқына адал қызмет еткен бүкіл ел басшыларын компьютерге салып таразылағанда Д.А.Қонаевтың әлемдік халқына адал қызмет еткен жеті басшының бірі болуы көпті аңғартады.
Мұғалім: Қонаевтың әулеті туралы айтатын болсақ, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жанұядағы үшінші бала. Үлкені – Әмина деген апасы. Ол кісі — көтерілісші Айтжан Түркебаевтың жұбайы болған. Одан кейінгі апасының аты – Мәймуна. Камал Қадыржановтың жары. Үшіншісі – Димекең. Димекеңнен кейін Наиза, Набила, Фазила деген апалары болған. Назила мен Фазила оқу оқып жүрген жерінен өздері сұранып, соғысқа аттанған. Одан кейінгі — Гаухар, атақты сәулетші Бәсеновтың жары. Гаухардан кейін Едіге деген ұл болған екен. Оны әкесі кішкентай кезінде далаға алып шыққанында көлденең жұрттың көзі тиген деседі, сол күні-ақ мұрттай ұшып, шетінеп кеткен. Одан кейін – Сара деген қарындасы болған.. Димаш екеуінің арасы— он бес жас. Сарадан кейін Асқар деген ұл, Роза атты қарындасы бар.
Әсемгүл оқушы:
2. 3. Қонаев Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы (1912—1993) —
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ тілі, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы 1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
Игі істері мен жетістіктері
Мұғалім: Елу жыл ел тағдырына араласып, жауапты қызметтерді абыроймен атқарған Д.А.Қонаев өте парасатта, көреген саясаткер ретінде танылды. Көп нәрсені орталықтың кесіп-пішіп отырғанына қарамастан, ұлт мүддесіне қатысты мәселеде ешкімге есесін жібермеуге күш салды. Тың жерлерді игеру, Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ аудандарын қайтару, Шардара өңіріне атом электр стансасын салғызбау, Ерейментау топырағынан неміс автономиясын ашуға жол бермеу тәрізді маңызы зор мәселелерде білікті саясат ұстанып, асқан табандылық танытты.
Білікті басшылық нәтижесінде сол жылдарда Қазақстан Республикасы Кеңес Одағы көлеміндегі 14-орыннан алдыңғы үштіктің қатарына шықты. Одақ бойынша екінші астықты алқапқа және көпсалалы өнеркәсіп аймағына айналды. Сөйтіп, еліміздің өндірістік ауқымы 10 есеге өсті. Олжас Сүлейменовша айтсақ, дамудың мұндай қарқыны басқа бірде-бір республикада болған жоқ.
Е.Бейбарыс:
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламентжәне партия делегациясынбасқарып, әлденешеретшетелдердеболыпқайтты.
Айшат:
1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол СОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.
Жазира:
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Қ.Бейбарс
Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Аманжол:
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Полина:
Дінмұхаммед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскеменқорғасын-мырышжәне титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаковкен-байытукомбинаттары, Жезқазған мен Балқаштаукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбеферроқорытпазауыттарыіскеқосылып, Ақтөбеқаласындағышығарылғанхром кенініңкөлеміартты.
Бекзат:
Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасаузауытышығарғанөнімәлемнің 40-тан астаммемлекетінетаралды. Қазақжерініңаумағындакөмір мен мұнайкенорындарыашылып, Қазақстанотын-энергетика өнеркәсібініңіріорталығынаайналды. Жамбыл мен Шымкентқалаларындаорналасқанкомбинаттарсарыфосфорөндірубойыншаәлемдебіріншіорындаболды.
Нұртас:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
Жангөл:
Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхаммед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.
Жаннат:
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақшағимараттарыныңқұрылысыбасталып, Оқушыларсарайыжасөнерпаздарғаесігінайқараашты. Республика Сарайы, Спорт жәнеМәдениетСарайы, «Медеу» спорт кешені, ҰлттықКітапхана, цирк сындымәдениет, білімжәне спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэрожәнетеміржолвокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлерісалынып, қалакөркінашты.
Мөлдір:
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.
Марапаттары
ҮшмәртеСоциалистікЕңбекЕрі (1972, 1976, 1982)
8 Ленин ордені
ЕңбекҚызыл Ту ордені
Нұрлыбай:
Қазір олардың саны 2, 8 мыңнан асып жығылады. Олардың қатарында Дінмұхаммед Ахметұлының Үкімет тарапынан алған 40-тан астам орден-медальдары – 3 Социалистік Еңбек Ері атағының «Алтын жұлдызы», 8 «Ленин» ордені, Моңғолияның «Сухэбатор» алтын жұлдызы және Чехословакия, Куба, Қытай елдерінің мемлекеттік ордендерімен марапатталған.
КӨЗКӨРГЕН ЗАМАНДАСТАРЫНЫҢ ЕСТЕЛІКТЕРІ
«Көзкөрген замандастарының естеліктері»
ҚОНАЕВ ТУРАЛЫ 300 ӨЛЕҢ ЖАЗҒАН АҚЫН
Өтеш ҚЫРҒЫЗБАЙ «Кемеңгер» атты кiтабы
Полина:
«Тiрiсiнде биiкке түлеп өрлеген,
Тәнi өлсе де, ұлының жүрегi өлмеген.
Таң нұрына шомылып, күнде азанда,
Таулар бар ма, Димаш боп түрегелмеген.
Дулат:
Димаш десем, жанарым нұрға толған,
Сауыт кеудем патша өлең, жырға толған.
Димаш десем, самғаған көктi айналып,
Қыран құсым саңқылдап қырға қонған.
Ол кiсiдей менi жұрт түсiнгенде,
Ит жүгiртiп, кiм бассын мысымды елде,
Димаш жайлы жыр жазам, Димаш нұры,
Көкiрегiме сәулесiн түсiргенде»
Әсемгүл:
«Қонаевтың зиялы заманында,
Қадау-қадау жайғасқан дала, құмда.
Жұрттың бәрi көгерiп, көктеп өскен,
Дән жинаған бидайдың сабағында», — деп кешегi «қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған» бейбiт заманнан хабар бередi. Ғалымдар жұмыр жердi жайлаған бүкiл елдiң басшыларын компьютерге түсiрiп екшеп, таразылағанда Дiнмұхаммед Ахметұлы Қонаев жетiншi орынды иеленiп, әлемдегi жетi ұлының бiрi атанған.
Айшат:
«Жалғанда, мынау жалғанда,
Жұрт түгел жұмақ арманда.
Мұхтардай ұлы тұлғаның,
Жұлдызы биiк жанғанда.
Тұр неге, Дүние тойламай,
Лениндiк сыйлық алғанда?».
Жазира:
«Қазақ қалай күн кешсiн шырайланып,
Үкiметтен қол үзген былай қалып.
Бiрақ елiн жасытпай жебеп әлi,
Димаш рухы аспанда жүр айналып»
Еламан:
«Дінмұхамед Қонаев жайлы жыр»
Димаш аға аяулы ағатайым,
Сағынды ғой өзен, көл, бала қайың.
Алтын нұрдан жаралған асылым-ай,
Қазағымның өзіндей қарапайым.
Мәңгілікке өтсең де арамыздан,
Шықпай қойдың бір сәт те санамыздан.
Жүріп өткен жолында ойша шолып,
Сағым жүзген іздедім даламыздан.
ҚОНАЕВТАНУ
Ораз Қауғабай, қонаевтанушы:
Мұғалім:
Атақ-даңқы аңыз болған талайға,
Димекеңебаға беру оңайма?
Ешкімгекөмегінаямаған,
Халқы сол үшін оны бағалаған,-
деп, Ораз Қауғабай ағамыз жазғандай, Д.А.Қонаев атамыз халқы сыйлаған, ардақтаған ғасыр азаматы еді.
Ораз Қауғабай:
1. Қонаев қазақ па, татар ма? деген сұраққа жауабы:
Жұмысқа баратын жолым Қонаевтың ескерткіші тұрған жерден өтетін еді. Қасымда өзіммен бірге жұмыс істейтін азамат бар. Ол үнемі Димекеңнің ескерткішін көрсетіп, «Мынау – татар, қазақ емес. Қу татар атақтың бәрін өзі алып жатыр»дейтін. Бұл менің жүрегіме шаншудай қадалатын. Осындай сөздерді жиі естігеннен кейін мен Димекеңді қатты жек көрдім. Сондықтан ол кісінің ата-тегін, жеті ата, үрім-бұтағын білгім келді де, зерттеуге кірістім. Менің қонаевтанушы болуыма осы оқиға себеп болды. Димекеңнің мұражайында оның атасы Жұмабай Қонайұлының қазақ екенін дәлелдейтін мұрағат материалдары бар. 1912 жылы 30 қарашада Верный қаласында Жұмабайдың қайтыс болуына байланысты оның мұрагерін тағайындау жөнінде Верный қалалық соты болады. Сол соттың шешімінде Жұмабайдың "қырғыз" екені тайға таңба басылғандай жазылған.
2. Димекеңнің Туу туралы куәлігінде ұлты кім деп жазылған?
Мұнда мынадай бір өкінішті жағдай бар. Димекеңді менен де жақсы білетін адам Серік Әбдірайымұлы еді. Ол екеуміз күні бүгінге дейін Қазақстанды дүрліктіріп отырған осы даулы мәселеге байланысты бір сұхбат жасауымыз керек болған. Секең: "Менде Димекеңнің өз қолымен берген Туу туралы куәлігі бар, сол куәлікті саған көрсетем", деген. Куәлікті өзім көрген жоқпын. Бірақ онда "ұлты-қазақ" деп көрсетілген.Димекеңнің Әмина деген әпкесі болған. Сол кісі: "Біздің әжеміз Хадиша татар шатыс болған. Сондықтан бізді жұрт "татар" дейді. Бұл дұрыс емес", - деп жиі айтып отырады.
3. Димекеңнің татар қызын алғаны әжесінің татар шатыс болғаннан ба? Сондай-ақ Меңдіахметтің Димекеңнің басқа ұл-қыздары татарға үйленді ме?
Димекеңнің әжесі өте ықпалды адам болған. Жұмабай атамыз екеуі де діни сауатты болған әрі дәулетті өмір сүрген. Сондықтан да Жұмабай ақсақал екі мәрте қажылыққа барып келген. Верныйдағы ағаштан салынған үлкен үйінің ауласында жазда киіз үй тіктіріп отырады екен. Отбасында қазақ дәстүрімен қатар, татар салтын да ұстанған. Бірақ балаларының барлығы қазақша сөйлеген, ең бастысы, қыздарын түгел қазаққа Зуһраға ғашық болып үйленеді. Ал інісі Асқар Әуезовтың қызына үйленген.
Нұрлыбай:
Ораз Қауғабай. Қонаевтың үйінде құран тұрған
Құдайға құлшылық қылып, Алла тағалаға мінәжат ететін жарықтық. Димекең кітапты өте көп оқыған, кітап жинаған жан-жақты білімді ғұлама ғалым (академик) еді. Димекеңнің артында қалдырған бар байлығы - құнды мұрасы үш мыңға жететін кітаптары. Үш бөлмелі үйінің бір үлкен бөлмесі - еденнен төбеге дейін тірелген кітап, төрт қабырғаны түгел алған кітап сөрелері бір ғажайып кітапхананы елестетеді. Жалтыраған әйнек сөрелердің ішіндегі кітаптарда есеп жоқ.
Көктен түскен төрт кітаптың бірі - қасиетті Құранның түр-түрі бар. Мұсылман елдеріне іссапар кезінде Мысырдан, Сириядан, тағы да басқа ислам мемлекеттерінен әкелген Құран кітаптары алтындалған қағазға басылған. Бұл кітап пайғамбар мұғжизалары екенін көзге көрсетіп тұрғандай. Әр жылдары, әр замандарда басылған қасиетті Құранның алуан түріне қарап, кітапхана иесінің дінді құрметтеп, пайғамбарды ұлықтап, реті келген сәттерде Құдайға құлшылық еткенін сезесіз. Кітапхананың қазіргі иесі - Димекеңнің немере інісі Дияр Қонаев: «Кейде жұма күндері Димекең үнсіз, жалғыз өзі ішінен құран оқып отыратын. Нәпіл ғибадаттарын жасайтын еді», - деп еске алады. Димекеңе кезінде Халифа Алтай, Рәтбек қажы сыйлаған құран кітаптары кітапхананың ең ыңғайлы, алуға оңай жерінде жарқырап көрінеді. Димекең Құранның түпнұсқа арабшасын да, қазақша аудармаларын да оқыған. Өйткені бала кезінде мешіт жанында молдадан сауат ашып, «Әптиекті» тауысқаны белгілі. Халифа Алтаймен дін жайында ұзақ отырып әңгімелесіп, сырласа сұхбаттасқаны жұртқа аян.
Димекең кітапханасында Құран кітаптың өзге тілдерге де аударылған сирек нұсқалары бар. Әсіресе Нью-иоркте 1979 жылы орыс тілінде шыққан Құран қатты қызықтырады. Атеистік саясат кезінде шетелге шыққан бір іссапарында Димекең бұл Құранды Еуропа елдерінің бірінен сатып алады. «К-359» деп жеке тіркеу кітабына нөмірі жазылған Құран И.Крачковскийдің аудармасы бойынша АҚШ-та басылған.
Димекең естелігінде жұбайы Зухра Шәріпқызының Араб елдеріне барғанда Құран кітаптарын іздеп жүріп, сатып алатыны жөнінде еске алатыны бар. Кітапханадағы он шақты Құран кітабының біразы Зухра апаның «меншігі» болған ғой. Димекеңнің діндарлығына байланысты бұл жерде бір ғибратты салтты айта кету парыз. Елу жыл, алты ай, екі күн, яғни жарты ғасыр бірге тату-тәтті өмір сүрген Зухра апа дүние салғанда, Димекең «таяқ таянып» жоқтайды. Аруақ рухына арнап, кейде құранды өзі оқиды.
Мақалалары мен кітаптары
Мұғалім:
1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары»
1992 жылы – «О моём времени»
1994 жылы - «От Сталина до Горбачёва»
1994 жылы - «Ақиқаттанаттауғаболмайды»
Д.Қонаевтың “Ақиқаттан аттауға болмайды” деген кітабы бойынша 10 сериялы фильм түсіріліп жатыр
|
|
Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті Кеңес Аухадиевтың идеясы бойынша түсіріліп жатқан бұл фильмнің режиссері - журналист Мадрид Рысбеков. “Димекеңнің 1994 жылы жарық көрген “Ақиқаттан аттауға болмайды” деген естелігі Қазақстанның өткен ғасырдағы 50 жылдық тарихын қамтиды. Онда Дінмұхамед Ахметұлының 1952 жылы қызметке келгеннен бастап, 1986 жылы қызметтен кеткенге дейінгі аралықтағы елдің тағдыры, экономикасы, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті сөз болады. Жалпы бұл фильмдерді түсіруді өткен жылы бастаған болатынбыз. Әрқайсысы 35-40 минутқа созылатын “Д.А.Қонаев ғасыр саңлағы” деп аталатын бұл фильмнің алғашқы үш сериясы Димекеңнің 95 жылдығы қарсаңында аяқталды. Дінмұхамед Ахметұлы туралы дерек көп. Сондықтан фильмді 15 серияға дейін созсақ деген де ойлар болды. Алайда оларды жинақтап, бастапқы жобадан ауытқымауды жөн деп отырмыз. Тіпті кейбір Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург сияқты қалаларының мұрағаттарындағы қажетті материалдарды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда», дейді сценарийдің авторы және қордың вице-президенті Серік Әбдірайымұлы.
|
|
Әсемгүл:
Д.А.Қонаев есімі берілген жерлер
Алматықаласындаескерткіш – бюст.
Астанажәне Алматы қалаларында - көшелер.
Үлкен Алматы каналы.
Оралқаласында - шағынаудан.
Таразқаласында - орталық көше және бюст.
Талдықорғанда - көше, сәулеттікешенжәнебіржоғарғыоқуорны.
Алматы қаласында - жекеменшікуниверситет.
ӨзбекстанныңастанасыТашкентқаласында - орталық көше.
1992 жылыАлматыдаХалықаралықҚонаев қоры құрылды.
1994 жылы – Алматы қаласындаД.А.Қонаевтыңмұражайыашылды.
Шымкентқаласында - орталықгүлзәржәнесолгүлзәрбойындамұражай.
Әсемгүл:
Жарық жұлдыз
Қазақтың көгіндегі жарық жұлдыз
Тұлпарың күнде сенің таң асқандай,
Мөлдірсің, биіксің сен көк аспандай.
Сүйемін сен отырған кабинетті,
О дағы жақсы ойларға жол ашқандай.
Күледі ел, қуанады ел, құлпырады ел,
Қой қоздап, бие туып, шұрқыра бел.
Қазақтың үмітіндей жарық жұлдыз,
Көгінде жап-жарық боп сен тұра бер.
Тұманбай Молдағалиев
ҚОНАЕВТЫҢ 12 ҚАСИЕТІ
Мұғалім:
Димекеңнің өмірінде және қызметінде «2», «12», «22» деген сандарға байланысты тылсым, сыры жұмбақ жағдайлар өте көп.
- Димекең 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге келді.
82 жасына қараған шағында 22 тамыз күні (1993) дүние салды.
- Өмірінде үлкен қызметке келуі тағы «2» санымен байланысады.
- 1942 жылы комбинат бастығынан бірден «совмин» төрағасының орынбасары болып,
-1952 жылы Академия президенттігіне сайланады. 1962 жылы 12 айда Хрущевке қарсы келіп, бірінші басшылық қызметтен кетуге мәжбүр болады.
-Арада 12 жыл өткен соң бұрынғы орнына қайта келеді. Алғашқы үлкен Мемлекеттік марапатты, яғни Еңбек Ері атағын 1972 жылы алады. Ал үшінші «Алтын жұлдыз» Димекеңе 1982 жылы берілді. Тізе берсек, Димекең өмірінде «тылсым сан» нысандары жалғаса береді. Ең қайран қалдыратыны – Димекеңнің бойында әл-Фараби даналығы бойынша кемеңгер патшаға тән «12» қасиеттің түгел тоғысқанына көзіңіз жетеді.
Әл-Фарабидің даналығында кемеңгер басшы өзінің сүйек-сыны, сыртқы тұлғасы арқылы ерекше көрінуі керек. Яғни ол адам өте сымбатты «мінсіз, мүсіндей әдемі, иманжүзді болуға тиіс». Димекең жаратылысынан көрікті, бойшаң және жүзінен нұр төгіліп тұратын иманжүзді кісі еді. Кеңестік дәуірдегі мемлекет қайраткерлерінің ішіндегі ең сымбатты, бой жағынан да, ой жағынан да ерекше бөлек тұлға Димекең екені белгілі.
Кемеңгер адамның бірінші қасиетін айттық.
Жаннат:
- Екінші қасиеті туралы дана ол адам «өзіне айтылған сөздің бәрін терең түсінетін және істің жай-жағдайына сәйкес жан-жақты тез ұғып алатын аса зерек болуы керек» - дейді Әл-Фараби.
Дулат:
-Үшінші қасиеті туралы әл-Фараби былай дейді: «Ол өзі жүрген, көрген, естіген нәрселердің бәрін зердесіне ұзақ сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын адам болсын» - дейді.
Жазира:
- Төртінші қасиет туралы былай делінеді. «Бірінші басшы терең ой иесі және жадына сақталғандардың бәрін айдан-анық етіп айтып бере алатын шебер әрі шешен болуы шарт».
Жангөл:
-Кемеңгер басшының бесінші қасиеті «ғылым-білім мен өнерге жаны құштар, әр күн сайын оқып үйренуден шаршап-шалдықпайтын адам болуы керек» екен.
Айшат:
-Кемеңгер елбасының алтыншы қасиеті жөнінде ұлы философ: «Тағамға, ішімдікке, сайран-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек» - дейді.
Үмбетәлі:
-Жетінші қағидада айтылғандай Димекең «жаратылысынан сауық құмарлықтан аулақ болды».
Демалысын таза ауада серуендеп, табиғат аясында өткізуді бұлжымас әдетке айналдырды. Аңшылық, саяткерлік салт және мергендік өнер Димекеңнің көзі жұмылғанша тастамаған ермегі әрі көңілді демалысы еді.
Мөлдір:
-Сегізінші қағидада кемеңгердің шындықты сүйіп, жалғандыққа қарсы тұруы жөнінде айтылады.
Димекең өтірік-өсек айтқандарды жек көрді. Жалған сөйлегендерді ұнатпады.
Полина:
-Тоғызыншы қағидада жазылғандай Димекең «жаны асқақ және ар-намысын аса ардақтайтын адам» еді.
Әсемгүл:
-Сондықтан көзінің тірісінде «әлемге әйгілі әулие» атанды. «Оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары, игі істерге ынтызар болуға тиіс» деп оныншы қағидада айтылғандай Димекең игі істердің ұйтқысы, жасампаздықтың жолбасшысы еді.
Нұрлыбай:
-Әл-Фарабидің он бірінші «қағида-қасиетінде» «Әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін адам болсын» деген
Есдәулет:
-Әл-Фарабидің он екінші қағидасында, яғни басшы қасиеті жөніндегі тәмсілінде мынадай жолдар бар: «Өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асыруға келгенде шебер-шешімпаздық танытып, бұл шақта қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін бірбеткей, батыл, ержүрек болуы міндет» дейді.
Ораз ҚАУҒАБАЙ
Д.А.Қонаевтың нақылға айналған сөздері:
1. Бүгінгі күн-кешегі күннің шәкірті(Мөлдір)
2. Жалада шындық болмайды.(Бекзат)
3. Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.(Е.Бейбарыс)
4. Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.(Аманжол)
5. Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау(Нұртас)
6. Ақиқаттан аттап кету-арға сын.(Айшат)
7. Орынды сын ойлантпай қомайды.(Қ.Бейбарс)
8. Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.(Жангөл)
9. Адам айнасы – адам.(Үмбетәлі)
10. Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.(Дулат)
11. Қараң қалған билік қайтып оңалмайды.(Оңалбек)
12. Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады. (Еламан)
Әйгілі ақын Тұманбай Молдағалиев 80 жылдары шетелдерге жиі шығып, шығармашылық сапарларда болды. 1985 жылы «Тынық мұхит» дәптері кітабына жазған ақындық қолтаңбасы ерекше тебірентеді. «Ардақты Димаш аға», - деп бастап, ары қарай жырмен былай жалғастырады.
«Иемсенсіңименетін, жан аға,
Кием сенсіңкүйберетін, жанаға.
Бастаушым да қорғаушым да өзіңсің,
Бақытдегенсыйберетін, жанаға.
Сенімім де менікүнде көтерген,
Бірөзіңсің, айнымайсыңәкемнен.
Жауынгердейқызылтуға ант берген,
Сағанмәңгібасымдыиіпөтем мен».
Қонаев университеті
Ұлылық бар,
қасиет бар затында,
Көсем болған
тірлік-өмір салтында.
Біз оқитын киелі
осы шаңырақ,
Дінмұхаммед
Ахметұлы атында
Д.Қонаев атындағы Университетінің әнұранынан үзінді.
Универитетті Димекеңнің батасын алып аштық,- дейді Д.А.Қонаев атындағы университеттің ректоры: Өмірәлі Қопабаев.
Қонаевтың көзі тірісінде университет аштыңыз. Зейнеткерлікке шыққан Қонаев қудаланып жатқан кезде оның атында университет ашу қиын болған жоқ па?,-деген сұраққа жауабы:
Димекеңнің атындағы университеттің тарихы 1992 жылдан басталды. 1993 жылы 5 маусымда жарғысын тіркетіп, ресми құжаттарымызды алдық. Биыл құрылғанымызға 18 жыл толды. Бәріміз жиналып, Димаш ағаның үйіне бардық. Ол кезде Димекеңді газет-журналда сынап-мінеп, қудалап жатқан кез еді. Үйіндегі өзінің жұмыс кабинетінде қабылдады. "Өтті дәурен осылай" деген кітабын аяқтағанын, енді "Ақиқатты аттауға болмайдыны" жазып жатқанын айтып, алдағы жоспарларымен таныстырды. Қазақстанның жеті рет өскені, өз заманында салынған зәулім ғимараттар, республиканың өркендеуі туралы айтқанда ол кісінің есте сақтау қабілетіне таңғалдық. Қайтар кезімізде бізден бұйымтай сұрады. Біз "ашылғалы жатқан оқу орнына сіздің атыңызды берсек" деген ойымызды айттық. Димаш қарсы болған жоқ. Батасын беріп, ризашылығын айтты. Қолымызда ресми құжат болғанымен, ғимарат мәселесі шешілмеген еді. Алғашқыда Адамбек Татеновтың басшылығындағы мектептің оқу бөлмелерін жалға алып, 200-300 студентпен оқуды бастап кеттік. Ол директорлықтан кеткен соң, біз де ол ғимараттан кетуге мәжбүр болдық. Өзім ҚазҰУ-де оқытушы болған соң сол жерде 1-2 апта студенттерімді "ұрланып" оқытқанмын. Сонан соң ауылшаруашылығы университетінің ректоры Қалдыбек Сәбденовтың рұқсатымен сол оқу орнының ғимаратын жалдап, біраз уақыт оқыттық. Одан кейін Аманжол Қасабеков басқаратын ҚазҰУ -дың Өз білімін жетілдіру институтының ғимаратында әуелде жалға алып, бір жылдан соң сатып алдық. Сол тозығы жеткен болса да, ғимаратқа қол жеткізуге үлес қосқан сол кездегі Алматы қаласының әкімі Шалбай Құлмаханов еді. Алматы теміржол басқармасының бастығы Амангелді Омаров көп көмектесті. Құлауға шақ тұрған балабақша ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Тұрақты ғимаратқа қол жеткізіп, жаңа оқу жылы қарсаңында ашылу салтанатына Димекеңнің өзін шақырайық деп қамданып жатқанымызда, 22 тамызда қайтыс болып кеткені үлкен өкініш болды. Көшіп-қонған қиындықтың бәрі артта қалып, салтанатты түрде университеттің ашылуын көруді Димаш ағаға тағдыр жазбады.
-Университет бүгінде қандай жетістікке жетті?
-Оқу орнының ашылғанына 18 жыл болды. Осы жылдар ішінде 18 мыңнан астам маман даярладық. Заманауи талаптарға сай келетін жаңа оқу ғимаратын салдық. Университетімізде соңғы 10 жылда 200-ден аса диссертациялық жұмыс, 20-ға жуық заң ғылымынан докторлық диссертация қорғалды.
Қонаев мұражайы
« Мейірім-шуағына мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық- қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты.»
Джавахарлал Неру.
Ерекшелігі:
Д.А.Қонаевтың пайдаланған заттары мен киімдері сақталғандығы. Сонымен бірге, әр түрлі елдің танымал мүсіншілердің, қолөнершілердің Қонаевқа сыйға тарқан сыйлықтарының құндылығында. Мұражай Д.А.Қонаевтың 90 жылдық мерейтойы күнінде ашылды.
2002 жылы қаңтардың 12 жұлдызында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Д.А.Қонаев мұражайы Алматы қаласында ашылды.
Бүгінде Алатаудай заңғар тұлға, ұлы қайраткер, кемеңгер ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Алаш тарихынан алатын орны ерекше. Өз заманының перзенті болған Қонаевтың есімі мәңгілік халықтың жүрегінде. Бүгінгі аға буын өкілдері қиын қыстау кезеңде еліне адал болған ұлы ұстазды мәңгі есте сақтайды. Оның дәлелі ретінде Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев мұражайы болып табылады.
Мұражайда Дінмұхамед Ахметұлының балалық шығы, қызметте өсу баспалдақтары мен қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолы туралы деректер мен тарихи мағлұматтар бар. Дінмұхаммед Ахметұлының 100 жылдық мерейтойының құрметіне 2012 жылдың 12 қаңтарында М.Төлебаев көшесінде №119 үйдің , бесінші пәтері мемориалды мұражай болып есігін ашты. Пәтер-мұражайда Дінмұхаммед Ахметұлының өмірі мен тұрмысымен танысуға болады. Мемориалды пәтерде әрбір заттары тарихи-өмірбаяндық деректеріне сәйкес орналастырылған. Пәтерде Д.А.Қонаевтың 7мыңнан астам сан-түрлі саланы қамтитын, сондай-ақ қазақ,орыс, кеңес және әлем әдебиеті шығармаларынан тұратын кітапханасын, түрлі адамдардан келген хаттарын және де ел ішінде әйгілі болып кеткен оттықтар топтамасын көрдік.Сонымен бірге, басқа да шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлері сыйға берген кәдесыйлықтары сақталған.Жалпы пәтер-мұражайдағы жәдігерлер өте қызықты, әрқайсысы Дінмұхаммед Қонаев және оның жұбайы ЗуҺра Шәріпқызы туралы мол мәлімет береді.Д.А.Қонаев мұражайы – бұл өткен тарихымызбен таныстыратын орын,әрі өнегеліөмірдің нағыз куәгері.
Алматы қаласындағы қазақ жұртының зиялы қауым өкілдері тұратын Мұқан Төлебаев көшесінің бойына орналасқан Д. А. Қонаев атындағы мұражай-үйі 2002 жылдың 12 қаңтарында ашылған. Өйткені 12 қаңтар – қазақ халқының біртуар дарынды ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Осы мұражайдың іргетасын қалаушылардың бірі әрі тұңғыш директоры Болысбек Батталхановтың айтуына қарағанда, ең алғаш жеке отау тіккен кезде бұл мұражайда 21-ақ жәдігер болған көрінеді.
оқушы:
Қазір олардың саны 2, 8 мыңнан асып жығылады. Олардың қатарында Дінмұхаммед Ахметұлының Үкімет тарапынан алған 40-тан астам орден-медальдары – 3 Социалистік Еңбек Ері атағының «Алтын жұлдызы», 8 «Ленин» ордені, Моңғолияның «Сухэбатор» алтын жұлдызы және Чехословакия, Куба, Қытай елдерінің мемлекеттік ордендері, Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде пайдаланған жазу үстелі, қазақтың тұңғыш мүсіншісі Кәкімжан Наурызбаевтың 1952 жылы, яғни ұлы қайраткердің 40 жасында соққан мүсіні, тағы басқа өзі тұтынған заттары бар. Осы жәдігерлердің бәрі құнды әрі бағалы.
оқушы:
Мұражайдың Бас қор сақтаушысы Гүлмира Бекмұратованың айтуына қарағанда, Димаш атамыздың 81 қару-жарағы болған екен. Олардың 12-сі – мылтық, 1 «Браунинг» тапаншасы, қалғандары – пышақ, қанжар, семсер, қылыштар. Бұл жәдігерлердің басым көпшілігін шетел мемлекеттерінің басшылары мен еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері сыйға тартқан.
оқушы:
Осы жәдігерлердің ішінде Германия, Куба, Югославия, Чехословакия елдерінің басшылары Эрик Хоннекер, Фидель Кастро, Иоссиф Броз Тито, Гусак Густовтардың қос ауызды карабині, Орта Азия Әскери округының сол кездегі қолбасшысы Д. Язовтың 1647 жылы жасалған «Петр» мылтығы және генерал П. Лушевтің 1777 жылы соғылған «Толедо» деп аталатын қынсыз семсері бар. Ал кавказдық қанжардың біріне «Қайғыға емес, сұлулыққа қызмет ет!» деген таңба соғылыпты. Осы қару-жарақтардың ішіндегі ең құнды жәдігерлердің бірі де бірегейі – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Дінмұхаммед Ахметұлының 70 жасқа толуына орай сыйлаған қанжары. Асыл да бағалы тастармен көмкерілген қанжардың бір бетіне «Д. А. К» ал екінші жағына «Н. А. Н» деген белгі салынған. Бұл – «Д. А. Қонаевқа Н. Ә. Назарбаевтан» деген ұғымды білдіреді.
оқушы:
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев бала кезінде сыныптас досы, кейінірек белгілі жазушы болған Дмитрий Снегинмен бірге жиі-жиі аңға шыққан көрінеді. Ал Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары сол кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімов және оның орынбасары Сұлтан Жиенбаев, қазақтың көрнекті ақыны Олжас Сүлейменов, жеке дәрігері Ахат Мүліковтермен аңға шығып тұрған. Олардың айтуына қарағанда, Дінмұхаммед Ахметұлы құралайды көзге атқан мерген болған деседі. Ол аңға шығу мерзімін қатаң ұстанып, тек астық жинау науқаны аяқталған кезде ғана өзіне демалыс жариялап, аң-құс атуға уақыт бөлген. Ал басқа кезде мемлекеттік маңызды істермен айналысқан. 1986 жылдың қыркүйек айында соңғы рет аңға шыққан екен, – дейді мұражай қызметкері Гүлмира Бекмұратова.
Болысбек Батталханов, Д.А.Қонаев мұражай-үйінің директоры:
Мұражайды ашуға кімдер көмектесті? Жәдігерлерді жинағанда қандай қызық жайттарға кезіктіңіз?
1994 жылдың 24 ақпанында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Алматы қаласында Д.А. Қонаев мұражай-үйі құрылсын" деген қаулысы шықты. Біз жұмысымызды жәдігерлер мен материалдар жинаудан бастадық. Бүгінгі таңда мұражайда Қонаевтың бюсті, жеке қолданған заттары, портреттері, кілемдер, тарихи құжаттары бар.
Жәдігерлердің санын көбейту үшін Қазақстанда бармаған қаламыз, араламаған ауылымыз қалмады. Қазір 3000-дай жәдігеріміз бар. Олар 100 пайыз Қонаевтың өзі тұтынған заттарынан құралған. Әрине, ел ішінде қызық-қызық жәдігерлер жетерлік. Бірақ түптеп келгенде олардың кейбірінің Қонаевқа қатысы болмай шығады. Осындай деректердің ақиқатына көз жеткізуде бізге Димекеңнің оққағары болған Анатолий Горяйнов көп көмектесті. Ол кісі Қонаев шетелге барғанда қандай оттық, қандай қаламсап алғанына дейін біледі.
Д.А.Қонаевтың шынайы тұлғасын анық ашуға, яғни оны қарапайым тұлға ретінде көрсетуге "Қонаев кабинеті" мемориалдық орнының алатын маңызы зор. Аталған кабинт жәдігерлердің толықтай шынайылығымен ерекшеленеді. Оны жабдықтау барысында Қонаевтың жұмыс бөлмесінде бірнеше рет болған замандастары мен достарының көмегі көп болды.
Мұражайдан орын алған түрлі куәліктер, қаламдар, әшекейлі оттық жиынтығы, қолдан жасалған түрлі пышақтар, лунаход, танктердің сувенирлері сияқты Қонаев тұтынған жеке заттар ерекше қызығушылық туғызады. Ал мұражай кітапханасына Димекеңнің және қызметтес әріптестерінің кітаптары қойылды. Сондай-ақ онда Д.Қонаев туралы жазылған 66 кітап топтамасы бар. Кітаптардың саны 3000-нан асады.
Нұрлыбай:
Қонаев рухына
Димаш ата, нар тұлғалы арысым
Қазағымның жүрегісің, арысың
Алаш сені ардақ тұтар қашанда
Ту қып көкке көтерген соң намысын
ДІНМҰХАМЕД – Дін Ислам анығы
Қазағымның маңдай алды жарығы
Жүрегінде Алла есімі жазылған
Елін сүйген, жерін сүйген нар ұлы.
Қаза етпеген ар алдында ел сертін
Сені аңсайды айықтырмай ел дертін
Сағынады Алаш жұрты, сарғайып
Бір ғасырда бір келетін ПЕРЗЕНТІН.
Мынау заман рухтан қалған қағылып,
Жағымпаздар ту көтерген жағынып,
Соқыр, керең басшыларға табынып,
Ар саудасын жолға койған мәңгүрттер
Қайда жем бар, сол жерден жүр табылып.
Өзіңді де салғанменен азапқа
Тарих мүлде бұйырмады мазаққа
Сендей дара керек боп тұр қазаққа.
Елін, жерін ойлайтұғын басшылар
Өкінішке орай бүгін аз-ақ та
Сен де заман бурасындай шөктің ғой,
Халқың үшін қара терді төктің ғой.
Қазағыма берекені дарытып,
Өз жолыңды өнегелі еттің ғой.
Қанша қысым көрсең дағы тағдырдан
Бәйтеректей пана болып өттің ғой.
Қазақ үшін заман жүгін арқалап,
Ешкімге де налымастан кеттің ғой.
Өмір жолың өнегемен туыс-ты
Саған елің мөлдір судай жұғысты
Сен өлмейсің, дұға тілер ардайым
Өз артыңда Алаш барда ырысты
Жатқан жерің жайлы болсын, тыныш-ты!!!
«Ел ағасы» әні орындалады.
Мұғалім сөзі: Халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездеседі. Дінмұхамед атымен аталатын жас ұрпақ та желкілдеп өсіп келеді. Олар, сірә, Димаш атасын, оның ғибратты өмірін ұмыта алар ма екен? Иә, қазақ халқы бар жерде Димекеңнің есімі ұмытыла қоймас. Елдің мәңгі есіндесіз, қазақтың асыл перзенті, Димаш ата!
Осыменен 7 "ә" сыныбындағы "Д.А.Қонаев-ғасыр саңлағы" атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз! Тыңдағандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |