Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны


«Мен және қоршаған орта»бағытында



бет11/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
«Мен және қоршаған орта»бағытында1 курс студенттерін колледж тарихымен колледждегі мамандықтармен таныстыру мақсатында 1 а РШО, 1 а РДО топтарына педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Ж.М.Сахипова., З.А.Кошановалар «Здравствуй, первокурсник!» атты шара ұйымдастырды.

Шара 2 бөлімнен тұрды. 1 бөлімінде 2 а КШР, 3 а РШО топ студенттері өз мамандықтарын слайд материалдары арқылы әсерлеп бөлісті.

2 бөлімінде «В лабиринте испытаний» сайысында студенттер тапсырмаларды орындады.

1 тапсырма: поэтикалық— команда студенттері 2 минут ішінде өлең шумақтарын құрастыру ( колледжде оқуға түсу мотивтері бойынша)

2 тапсырма: «Креативная равнина» студенттер «Я и моя будущая профессия» тақырыбында өз дене мүшелерімен қылқалам немесе бояуды қолданбай сурет салды.

3 тапсырма: «Мы с хороших студентов» студенттер колледж тарихы бойынша, оқу-тәрбие процесі бойынша сұрақтарға жауап берді.

4 тапсырма: «Страна немых» қатысушылардың біреуі жест арқылы мақалды жасырады, топ мүшелері оны табуға тырысты.

Шараның нәтижесінде 1 а РШО тобы - 1 орын иеленсе, 1 а РДО тобы-2 орынды иеленді. Қатысушылардың барлығы шарада белсенділік танытты. Шараға кафедра меңгерушісі Г.С.Нұрашева қатысып өз пікірін білдірді.

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың ұйымдасырумен «Дін бүлікті емес, бірлікті іздейді» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге БҚО имамының орынбасары М.Р.Асанов, БҚО Дін істері басқармасының басшысы С.М.Ғиззатов, БҚО Дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының Оңалту жұмыстары бөлімінің теологы Д.Ғ Нагимов және Батыс Қазақстан инновциялық-технологиялық университетінің оқытушысы, тарих магистры А.М Кенжеғалиев қатысты. Дөңгелек үстел барысында бүгінгі күннің басты мәселесі жат ағымға арбалғандар, терроризм мәселесі және оқу орындарында діни киім кию мәселелері, жастардың жат ағымдардың шылауына кетпес үшін не істеу керек, діни ағымдардың ықпалында жүрген жастарға көркем насихат айту арқылы оларды райынан қайтаруға бола ма деген мәселелер қозғалды. Шараға студенттердің өзін-өзі басқару ұйымыжәне студенттік кеңестің 15 мүшесі қатысты. Колледж студенттері шараға белсене қатысып өздерін толғандыған сұрақтарға тұшымды жауап алды.



Топ жетекшілері тарапынан әрбір студенттің бос уақытында немен айналысатыны, дінге деген көзқарасы қадағаланып отырылады. Тәрбие жұмысы кеңесі отырысында қазіргі таңда жастар арасында кездесіп отырған қылмыстық оқиғалар, діни секталардың, ағымдардың көбеюі, жастарды тартуы жөнінде айтылып, әр топ жетекшісі өз тобындағы студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін колледждегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыруға, суицидті болдырмау үшін студенттердің психологиясын зерттеу, ата-аналармен жұмыс жүргізу жөнінде айтылып, қоғамдағы жат қылықтардан, діни секталардан аластату мақсатында студенттерді қатаң қадағалауға тапсырма берілді.

Жастардың экологиялық мәдениетін, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас эколог» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Чагано-Набережная аумағында өткізілген сенбілікке 2аМК, 2пКШО және 2аКШФ топтары қатысты.

«Үміт» Орал Өңірі әйелдері Одағының Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен АҚТБ/ЖҚТБ-ымен күрес айлығы шеңберінде арнаулы оқу орындары студенттерінің арасында өткен «Денсаулыққа құқылымыз» атты жолдастық кездесуге колледжіміздің 1а КДО, 1а КШО, 1ас ФК, 2а КДО топтарынан 10 студенттен құрылған «Жігер» тобы қатысып, үздік өнер үлгісін көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталып, ұйымдастырушылар тарпынан зор қошеметке ие болды.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің БҚО қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті» РММ біріккен 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Дене белсенділігі» тақырыбында өткен флэшмобқа колледжіміздің «Дене шынықтыру» және «Музыкалық білім» мамандығынан 100 студент 5 оқытушы қатысты.

«Жаның сау болмай, денің сау болмас!» ұранымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған бірлескен түрдегі іс-шаралар жүзеге асырылды.

Шараның ашылу рәсімін 1а КШО-9 топ студенті Мұратова Дананың орындауындағы «Тек алға!» әнімен басталды. «Өмір мен сені сүйемін!» психологиялық тренинг жүзеге асырылды. «Джунглидағы жауын», «Мен өз әлемімнің қожайынымын», «Есте қалған қызықты оқиға» атты жаттығулар ұйымдастырылып, барлығы белсенді қатысты. Өміршендік ережесін барлығы қосылып айтылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет