Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



бет7/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
«Менің өмірімдегі дін» бағытындаБүгінгі таңдағы әлемнің назарын аударып отырған басты мәселенің бірі – түрлі діни ағымдардың пайда болуы, жастардың діни секталарға қосылуы. Жастарға діни секталардың ел тұтастығына тигізіп отырған зияны туралы түсіндіріп, студенттерді имандылыққа, толеранттылыққа тәрбиелеуде бірнеше тәрбиелік шаралар өткізілді.

"Діни сауаттылықтан- саяси білімге" тақырыбында ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 5 тармағы «Ақпараттық-насихаттау топтарының радикалды діни идеалогиясының және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» бағыттарын орындау шеңберінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің «БҚО бойынша 2017 жылға арналған ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында ақпараттық-насихаттау тобының мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.Шараға Орал қалалық мешітінің наиб-имамы Наурыз Ибатұлы Убаев қатысты. Шара барысында дәстүрлі діндердің ролі мен рухани танымдық орнын діни экстремизм пайда болу себептерін, негізгі сипаттары және қарсы тұру амалдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің айырмашылықтарын, құлшылық етудегі айырмашылықтарына баса көңіл бөлінді. Шара соңында қонақтар студенттерге тақырыпқа сай бейнебаян көрсетіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. Шараға 1аКДО, 1аКШО, 1пКДО, 1пКШО 1асКШТ, 1пКШК топтарының студенттері мен топ жетекшілері, жатақхана меңгерушісі Қ.Х.Мажитов қатысты.

Оқытушылар А.Б.Журекенова, Р.С.Аққожинаның ұйымдастырумен 2ск КШФТ, 2с КШО топтарында " Діни сауаттылықтан - саяси білімге" тақырыбында дебат түрінде ашық тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында Р.С.Аққожина дәстүрлі дініміздің бағытымен атқарылып жатқан жұмыс барысына тоқталып, өзге жат діни ағымдардың белгілеріне тоқталды. Олардың жетегіне кетпеу туралы айтып өтті. "Жат ағымнан сақтан" атты бейнематериал көрсетілді.

1пКШО топ жетекшісі М.Дүйсенгалиев «Дінім-қасиетті діңгегім» тақырыбында дөңгелек үстел түрінде тәрбие сағатын өткізді. «Дін Ислам-діңгегім», «Жат ағымға алданба!», «Дін және мен» мәселелері бойынша пікірталас оздырылып, бейне материал көрсетілді. Шара барысында дін адамзаттың рухани мәдениеті екені дін арқылы адамдар рухани байланыс, ұлтаралық келісім мен қоғамның беріктігі, адами құндылықтар мен салт-дәстүр сақтаудың ең жақсы мүмкіндіктері бар екені сөз болды.



І-ІІ курс студенттері және жатақхана тұрғындары арасында БҚО Дін істер басқармасының теолог маманы Убаев Наурыз Ибатұлының қатысуымен «Тұрақтылық кепілі қауіпсіздік жобасының бірінші бағыты кең ауқымды түсіндіру жұмыстары» негізінде да діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кездесу өтті. Кездесу барысында терроризм мәселесі және оқу орындарында діни киім кию мәселелері қозғалды. Сонымен қатар жастардың жат ағымдардың шылауына кетпес үшін не істеу керек, діни ағымдардың ықпалында жүрген жастарға көркем насихат айту арқылы оларды райынан қайтаруға бола ма деген мәселелер қозғалып, жат ағымға арбалмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақтары үлестіріліп, БҚО прокуратурасының тапсырысы бойынша түсірілген «Ұрланған балалық шақ» бейнебаяны көрсетіліп талқыланды.

БҚО Дін істер басқармасының тапсырмасы негізінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының жоспарына сай облыс көлемінде әлеуметтік шиеленіс ошақтары бойынша кешенді ақпараттық-түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында жастар арасында дәстүрлі діни құндылықтарды сақтауға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мүшесі, Орал қалалық медресесінің оқытушысы, «Нұр-Мүбәрәк» университетінің түлегі, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Искалиев Талғат Мұратұлының қатысуымен жатақхана тұрғындарына «Жастар – ел болашағы» тақырыбында кездесуі өтті. Кездесу барысында терроризм мәселесі және оқу орындарында діни киім кию мәселелері қозғалды. Сонымен қатар жастардың жат ағымдардың шылауына кетпес үшін не істеу керек, діни ағымдардың ықпалында жүрген жастарға көркем насихат айту арқылы оларды райынан қайтаруға бола ма деген мәселелер қозғалып, жат ағымға арбалмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыру, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша кешенді ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қадыр атындағы мәдениет және өнер орталығында ҚР БжҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті Тәрбие жұмысы және қосымша білім басқармасының Бас сарапшы Жахин Калкен Елеукенұлы және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитетінің исламдық діни бірлестіктермен байланыс бөлімінің басшысы Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы «Білім беру жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары» тақырыбында колледж, мектеп директорлары мен тәрбие орынбасарлары, өңірдегі имамдар және діни бағытты ұстанушы ата-аналарды және туыстарымен кездесті. Жиынды «Облыстық дін істері басқармасы басшысы Гиззатов Саялбек Махамбетович жүргізіп отырды. Облыстық дін істері басқармасы және «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырған басқосуда ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізгі ұстанымдарына түсінік берілді. Шақырулы қонақтар өңірімізде өтіп жатқан қоғамдық шараларға жоғары баға беріп, ділімізге жат ағымдар кеселінің асқынбауы үшін оның алдын алу қажеттігін, Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігін, мемлекеттің зайырлы қағидаттарының, соның ішінде міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар, діни бағытты ұстанушы ата-аналар мен жастарға оқу орнының ішкі тәртіп ережесін сақтап киініп, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара татулық ахуалын сақтауға шақырды. Мемлекет пен діни ұйымдардың ортақ мақсат жолындағы ынтымағының маңыздылығын атап көрсетті.

Кездесу соңында меймандар шараға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.



Қазіргі таңда қоғамымызда өткір тұрған мәселелердің бірі дінді бұрмалаушылық. Қоғамның діни сауаттылығын арттыру, дін саласындағы мемлекеттік сасатты түсіндіру, мемлекеттің зайырлы қағидаттарының, соның ішінде міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды нақтылау мақсатында Қазақ драма театрында Облыстық дін істері және білім беру басқармалары және «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры бірлесе «Білім беру жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары» тақырыбында колледж, мектеп директорларының тәрбие орынбасарлары, әлеуметтік педагог, психологтардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Жиынды «Облыстық білім беру басқармасының Тәрбие бөлімінің басшысы Роза Оңғарбайқызы жүргізді. Шараға ҚР БжҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті Тәрбие жұмысы және қосымша білім басқармасының Бас сарапшы Жахин Калкен Елеукенұлы және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін мәселелерін ғылыми зерттеу және талдау орталығының бөлім басшысы Әбуов Тұрар Түгелұлы қатысты. Кездесуде сөз алған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін мәселелерін ғылыми зерттеу және талдау орталығының бөлім басшысы Әбуов Тұрар Түгелұлы қазіргі таңда мемлекетіміздегі діни ахуал жөнінде мол ақпарат берді. Шақырулы қонақтар мемлекеттің зайырлы мемлекет екендігін және сол зайырлылық қағидаттарының, соның ішінде міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар, діни бағытты ұстанушы ата-аналар мен жастарға оқу орнының ішкі тәртіп ережесін сақтап киіну керектігін ескертті. Кездесу соңында тәрбие орынбасарлары, әлеуметтік педагог, психологтар тарапынан тарапынан туындаған сұрақтарға министрлік өкілдері жауап берді.

Жатақханада тұратын қыз балалармен"Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығы" тақырыбында №3 емхана акушер-гинекологы Г.Г.Исагалиевамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Г.Г.Исагалиева жастарға репродуктивтік жүйе, оның қызметі, адамның психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік жағдайы туралы әңгімеледі. Студенттер сұрақтар қойып, қарқынды жауаптар алды.



Ұстаздар күніне орай, студенттердің бастамасымендәліздер әр кафедраның оқытушыларына арнап баннерден қабырға газеттерін дайындап, көптеген шаралар оздырылды, соның ішінде "Ұстаз ұлы тұлға" 1п КШК,2пКШК, 3п КШК (Б.М.Каримова, Қ.Ү.Жақыпова, Б.Б.Курмангалиева), 2пКШО "Үлкенге құрмет-кішіге ізет"(Г.С.Нурашева), 1ас ФК"Ұстаз аты биік әрі мәңгілік" (Г.К.Суйнгалиева), 2ас РШИ, 2а КШО,1п КДО«Ұстаз - ұлы тұлға» (Н.Б.Ешмуханова, Г.Н.Амандыкова, С.К.Бисенова) 3ас КШИ «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» (З.Е.Ахметова), 2сКШФТ-9 «Ұстазым-ұлағатым, үлгі-өнегем» (А.Т.Даулеткалиева), 1а КДО «Ұстаз-мәңгілік, жанымда тұрар жаңғырып» (Н.У.Ахметова)болашақ мамандарға мұғалім еңбегінің қыр-сыры туралы ыстық ықыласпен бейнелеп, алғыстарын білдірді. Студенттер ең әуелі ұстаздарға концерттік бағдарлама тарту етті. Әсіресе ұстаздарға арналған видео құттықтаулар сәтті шықты.

3п КШМ топ студенттері (А.А.Батырханова) ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік» тақырыпта тәрбиелік шара өткізді. Шараға колледж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С.Жумиева, музыка кафедрасының меңгерушісі А.К.Утебаева, оқытушылар Р.АСулейменова, И.А.Фолимонова, Т.С.Ольхова, Г.Б.Искакова, А.Т.Жубатова, С.А.Утешкалиев, Б.Н.Бакимовтар, 1п, 3а,с КШМ топ студенттері қатысты.

Топтың әр студенті белсенділік танытып, көрермендердің көңілдерінен шығып, көрермен студенттер арасында қызықты ойындар ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсете тәрбиелік шараны көңілді де мазмұнды етіп өткізді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С.Жумиева, музыка кафедрасының меңгерушісі А.К.Утебаевалар кафедра оқытушыларына, көрермен және қатысушы студенттерге өз тілектерін айтып, шара бағдарламасын жауапкершілікпен әзірлеп, қызықты және мәнді өтті деген баға беріп, ризашылықтарын білдірді.

«Мен болмаса, кім?» бағытында өзін-өзі басқару ұйымы студенттерінің ұйымдастыруымен Халықаралық студенттер күніне орай, студенттерді мереке тарихы, колледж тарихымен таныстырып, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеп, студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу мақсатында «Қызықты көңіл, студенттік өмір» кеші ұйымдастырылды.

Кешке биыл оқу жылына қабылданған 1 курс студенттері және топ жетекшілері қызыл кілемнен өту арқылы ортаға шақырылды. Кеш барысында колледж тарихы айтылып, танымдық сұрақтар қойылып, «Сенің жұлдызды сәтің I курс студенті» атты байқауда үздік өнер көрсеткен студенттер өнерлерін ортаға салды. 



Кеш барысында 1-курс студенттерін «Ең әдемі жұп» 1асМК, «Ең үздік көйлек» 1а КДО, «Джелтельмен жігіт» 1п КШМ, «Ең ұйымшыл топ» 1п КШК т.б.секілді дипломдармен марапатталып, кейін колледждің 3курс студенттері әзілдерімен және әдемі әндерімен тәнті етті. «Сенің жұлдызды сәтің 1курс студенті» атты байқауда үздік өнер көрсеткен студенттерді дипломмен марапатталды. Кеште  1 курс студенттері халықаралық студенттердің әнұранын барлығы біріге орындап, салтанатты түрде ант қабылдады. Кеш жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Батыс Қазақстан облысының жастар шығармашылығы орталығы жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыру, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған «Өнерлі студент» облыстық фестивалінде өлкеміздің мәдени өміріне қосқан үлесі үшін 1а РДО тобының студенті Гаділханова Наргиза алғыс хатпен марапатталды.



Елбасымыздың бағдарламалық мақаласында көрсетілген басымдылықтарды жүзеге асыру, облыс жастарының жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жігер, білімі мен білігін, бірлігі мен патриоттығын, қуатын біріктіру, Отансүйгіштік сезімдерін тереңдетуге баулу, өзін-өзі басқару ұйымдарының мәртебесін көтеру, оларға қолдау білдіру және жұмысшы жастар, ЖОО және АОО студенттік ұйымдарының көшбасшылары мен өзін-өзі басқару ұйымдарының рөлін анықтау, жастар ісі комитеттері мен студенттік басқару ұйымдарының тәжірибесімен бөлісу мақсатында Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінде БҚО жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Жастардың өзін-өзі басқару тәжірибесі» атты БҚО жастарының форумы өтті.

Форумға колледж директорының м.а Ш.С.Набидоллина, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С.Жумиева, жастар ісі комитетінің менеджері А.М.Махамбетова, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі Е.Е.Супыгалиев қатысты.



Форумның І ресми бөлімінде БҚО жастар саясаты мәселелесі басқармасы басшысы Сакошев Аян Қажимгерұлы облыс көлемінде атқарылып жатқан шараларға шолу жасаса, Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің жастар ісі комитетінің төрағасы Өкшебаев Асхат Ерболатұлы ЖОО мен АОО-ында жастар ісі комитетінің алатын орны мен маңыздылығына, М.Өтемісов атындағы БҚМУ жастармен жұмыс жөніндегі орталық маманы Тапаева Жанерке Таулбаевна студенттік ректорат және оның құрылымы жөнінде сөз алса, ІІ бөлім – жастардың пікір алмасу алаңына ұласты. Пікір алмасу алаңында БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Әбілхас Мержан Завушұлы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің студенттік ректоры Сапар Мөлдір сөз алып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, берілген ұсыныстарды басқармаға жеткізетіндіктерін айтып, студенттерді белсенді болуға шақырды.

Рухани болмысымыздың даму бағдарын айқындап, кемел болашақтың кілті - бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жолын белгілеген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатын сәтті жүзеге асыру мақсатында республикалық деңгейде ауқымды жобалар атқарылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2017 жыл Алматы қаласында «Жастар жылы» болып жарияланды.

Осыған орай, желтоқсан айының 4-5 күндері Алматы қаласында өткізілген «Алматы – жастар қаласы» жастар форумынаЖ.Досмұхамедоватындағы педагогикалық колледжінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымының президенті Супыгалиев Ернат Ербулатовичделегация құрамында болды.



Батыс |Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының Болашақ кәсіби өсім және мансап орталығы жобасын жүзеге асыру мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» қауымдастығы қатысушылардың интеллектуалды әлеуетін арттыруға, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айтуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында орта арнаулы оқу орындарының жастар ісі комитеті мен студенттік өзін-өзі басқару студенттеріне арналған «TEAMBUILDING» тренингі ұйымдастырылдыАталмыш тренингке колледжміздегі өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 2а КДО-9 тобының студенті Сайынова Бибізада және 1а КДО-11 тобының студенті Уразгалиева Аида қатысып, ұйымшылдыққа шақыратын топтық ойындар мен ұжымдық жұмыс кезінде тұлғаны дамытушылық әдістер, болашақ мамандығына қажетті тәжірибе жинақтаумен қатар, ерекше көңіл-күй алып қайтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет