Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



бет4/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
«Гендірлік көзқарас» бағытындаБҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында Батыс Қазақстан облысының жастарына арналған салтанатты «Гранд балл» шарасы аясында ҚР-ның еңбек сіңірген қайтаркері, тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызының «Әр күнге махаббатпен....» мотивациялық шеберлік сағатына 2сКШО, 2пКШК, 3сКШК, 2пКШО 2аКШО және 1аКДО топтарынан студент қыздар қатыстырылды.

Шара барысында қызбаланың тағдыры, болмыс-бітімі, қоғамдағы орны туралы кең ауқымды пікірлер қозғалып, белсенділікпен қатысқан 10 студентке Ләйлә Сұлтанқызы өзінің «Менің екінші кітабым» атты қолтаңбасы қойылған авторлық кітабын табыс етілді.

І курс студенттері топ жетекшілерімен өңірдің экологиялық, өлкетану мұражайына саяхаттады. Саяхат барысында студенттер мұражай көрмелерінен БҚО аумағынан қазып алынған жануарлар сүйектерін, пайдалы қазбалармен, ҚР Қызыл кітабына еңгізілген жануарлар, жәндіктер, құстар, балықтар түрлерімен, өсімдіктермен танысып, облысымыздағы экология, өңір тарихы жөнінде деректі фильм көріп, сабақта алған білімдерін кеңейті.

2с,п КШО топтарының қыздарымен «Қыз тәрбиесі - Ұлт проблемасы» тақырыбында медбикемен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында колледж медбикесі тақырыптық әнгіме жүргізіп, қазіргі кездегі кәмелетке толмаған қыздарға қатысты туындайтын мәселерге тоқталып, жағымсыз қылықтарға жол бермеутуралы топ студенттерінің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында анкета сұрақтарына жауап беру ұйымдастырылды.Тәрбие сағатына барлық студенттер белсене қатысты.Шара барысында «Сиқырлы қобдиша» тренингі өткізілді. Әр студент «Сиқырлы қобдишадан» қызға тән мінез қасиеттерін таңдап, сол мінезге лайықты қызға сыйлық берді. Мысалы:Тәрбиелі,ибалы, инабатты, т.б. Тақырыпқа сай видеоролик көрсетілді, сол бейнефильм бойынша қыз тәрбиесі туралы студенттер ашық ойларымен бөлісті. Қазіргі қоғамдағы қыз тәрбиесіндегі олқылықтарға не себеп екенін нақтылады. Студенттерге ой толғау ретінде әр түрлі сұрақтар қойылды. Бауыржанова Гаухар, Кубиялиева Бибигуль, Зайнеденова Нурлы өз ойларын ашық білдіре алды. Сонымен қатар қазақ қыздарының қолданылатын әшекей-бұйымдары туралы айтылып, сұрақтар қойылып, әшекей бұйымдарды тағудың сыры мен мәні туралы пікірлер мен әңгімелер айтылды. Қазіргі қыздардың қылықтары туралы көптеген суреттер көрсетілді.«Тілек ағашы» атты тренингінде әр студент қызға 40 үйден тиымдарды оқып, «Тілек ағашына» жапсырды.Бұл тренингке барлық студенттер белсене қатысып, «Қазақ қызы қайда барасың?» атты бейнеролик көрсетіліп, видеороликтен не түсінгенін қыздар өз ойларын ортаға салды. «Сиқырлы ұяшықтар» тренигібарысында ұяшықта жасырылған «Қыз тәрбиесіне» байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын ашуда белсенділік танытты. Сиқырлы ұяшықтарда «Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі», «Қызға қырық үйден тыйым», «Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер» т.б мақалдар талданды. Қыздар қыз тәрбиесіне байланысты мақал-мәтелдердің мән мағынасын аша білді. «Қыз баланың сұлулығы» атты өлең оқылып, қыздарға кеңестер айтылды. Аққұштап Бақтыгерееваның «Сіңліге сыр» аудиожазбасымен аяқталды. «Мен күн астындамын»атты кезеңінде әр студент тәрбие сағатынан алған әсерлерін жазды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет