Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар



бет17/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

Негізгі бөлім. Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлімі ережеге сай, тарау мен тараушаларға бөлінеді (бөлім және параграфтар).

Диплом жұмысының негізгі бөлімінде қарастырылып отырған мәселенің зерттелу деңгейі, теориялық негізі қарастырылады. Автордың бақылауы мен тәжірибесі негізінде алынған нәтижесі, жинақталған нақты деректердің негізінде объективті талдау және жинақтау беріледі.

Жұмыстың негізгі бөлімінің әрбір тарауы мәселенің жеке немесе бір жағын дәлелді қарастырып, ол келесі бөлімнің логикалық жалғасы болып табылады.

Тақырыптың тұтастай және жеке сұрақтарын терең теориялық негізде зерттеуге баса назар аудара отырып, теорияны практикамен ұштастыру, материалдың сандық және нақты деректік көрсеткішін дұрыс байланыстыру.

Жұмыстың мазмұны жұмыс жоспарымен сәйкес болуы керек. Әрбір тараудың соңында автор тұжырымдар жасайды. Бірақ тарау соңындағы тұжырым жұмыс соңындағы қорытынды бөлімде қайталанбауы қажет. Жұмыс түсінікті тілде, қайталаусыз, қысқартусыз, кейбір жағдайларда қарама-қайшылықсыз жазылуы тиіс.

Мәтінде нақты талаптарды беруде мына сөздер қолданылады: «қажет», «тиіс», «талап етіледі», «болуға тиіс», «рұқсат етіледі», «тыйым салынады», «жіберілмейді», «көңіл аударылмайды». Ал басқа жағдайда мына сөздер қолданылады: «болуы мүмкін», «қажетіне қарай», «әбден мүмкін», «сөзсіз», «біздің ойымызша», т.б.

Сонымен бірге, баяндау формасының үшінші жағы қолданылады. Мысалы: «көрсетіледі», «пайдаланылады», т.б.

Жұмыс мәтінінде жалпы стандартқа сәйкес ғылыми терминдер, анықтамалар, белгілер, ондайлар болмаса, ғылыми әдебиеттердегі жалпы ұғымдар пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет