Жұмыс мәтінінде төмендегілер қолданылмауы қажет:
- ауызекі сөйлеу стилі;
- бір ұғымға мағынасы жақын әр түрлі ғылыми терминді, сондай-ақ, жұмыс жазылып жатқан тілде бар терминді шет сөздерімен беру;
- өзіндік жаңа сөз жасау;
- мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін орфографиялық ережелерде көрсетілмеген сөз қысқарту.
Сызба және түрлі түсті суреттерді рәсімдеу
Диплом жұмысында сызба және түрлі-түсті суреттер қолданылуы мүмкін. Түрлі-түсті суреттер міндетті түрде мәтінге оларға берілген сілтемеден кейін орналастырылады. Барлық түрлі-түсті суреттер негізгі тараудың ішінде араб цифрімен нөмірленеді. Түрлі-түсті суреттің нөмірі негізгі тараудың нөмірінің құрамына кіреді және олар жеке санамаланып беріледі. Бірақ ол диплом жұмысында берілген қосымшаның санына енбейді.
Түрлі-түсті суреттерге түсіндіру мәтіні берілу қажет. 1.1 түрлі-түсті суретті рәсімдеу үлгісі мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: |