Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар



бет20/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

Сілтемені рәсімдеу.

Мәтіндегі жекеленген нақты деректерді түсіндіру қажет болса, тік жақшаның (квадратты, шаршылы) ішінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі бойынша нөміріне сай көрсетіледі және дерек алынған беті алынады. Мысалы: [6, 53 б.]

Егер сілтеме өзгертілмей, дәл сол қалпында алынса, ол тырнақшаның ішінде беріледі және соңында жоғарыдағыдай тік жақшамен қандай дереккөзден алынғандығы көрсетіледі.

Мысалы: Композиция туралы Аристотель өз пікірін білдірген [3], дегенмен, «Композиция дегеніміз – көркем шығарманың сыртқы симметриясы ғана емес, ішкі гармониясы», - деп З. Қабдолов атап өтеді [4, 210 б.].



Қорытынды. Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген объекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

Қорытынды бөлімде жұмыстың теориялық және практикалық сипатының негізгі мәселелері қысқартылған түрде беріледі. Ол автордың жүргізген зерттеу нәтижесінде шығарған қысқаша қорытындылары және бағалауы. Автордың өзіне дейінгі зерттеушілермен салыстырғандағы өзіндік жаңалығы, жеткен жетістігі көрінуі қажет. Жұмыс нәтижесінің енгізілу жолы және бағалануы тұтастай қорытынды мазмұнына кіргізіледі. Қорытындының рәсімделу мүмкіндігі мынадай пункттерді қамтиды:



  1. зерттелді;

  2. дәлелденді;

  3. қарастырылды;

  4. ұсынылды;

  5. практикалық мәні.

Қорытынды бөлімнің көлемі 1-2 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет