Презентацияны рәсімдеу
Презентация дегеніміз – диплом жұмысының графикалық материалы. Бұл студенттердің бітіру жұмысын қорғауда қолданылатын Power Point құралымен жасалған түрлі-түсті сурет ретінде беріледі. Презентацияда қорғауға ұсынылып отырған зерттеу жұмысының мақсаты және негізгі мазмұны көрнекі түрде көрсетіледі.
Презентация үлгітүрлерінде (слайд) жазба жұмысының мазмұнына сәйкес жасалған графикалық материал беріледі. Презентация бір-бірімен логикалық байланысқа құрылған кемі 7 үлгітүрден тұруы қажет.
Презентацияның титулдық үлгітүрі мына түрде рәсімделеді:
-жоғарғы оқу орнының атауы;
- шығарушы кафедраның атауы;
- жұмыстың тақырыбы;
- диплом жұмысы авторының аты-жөні;
- диплом жұмысының ғылыми жетекшісінің аты-жөні.
Презентацияның әр үлгітүрінің нөмірі көрсетілу керек, ол оның жоғарғы сол жағында, ал навигация белгісі үлгітүрдің төменгі оң жағында орналасады.
Презентация үлгітүрі жұмыстың мазмұнына, студенттің шығармашылық ой-талғамына қарай рәсімделеді.
Power Point құралымен жасалған презентация:
1) презентация бір стильде рәсімделеді;
2) шектеулі түстерді қолдану, яғни берілетін материал, ақпарат көрінбей қалмауы қажет;
3) компьютерлік графика әдісі негізінде жасалған суреттер, сызбалар, кестелер сапалы болу керек;
4) қорғауда 5-7 метрлік жерде тұрып үлгітүрде берілген ақпараттарды оқи алатындай сапалы түрде берілу қажет;
5) көрнекілік;
6) пиктограммалар мен белгіленген графикалық таңбалар;
7) анимацияны да орынды қолдану;
8) үлгітүр саны студенттің сөйлейтін сөзімен, уақытымен сәйкес келеді.
Презентацияда ұзақ мәтіндік ақпарат берілмейді.
Диплом жұмысын Power Point негізінде жасалған презентацияның шығарылған нұсқасы альбом түрінде қорғауда Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының алдына ұсынылады.
Презентация альбомы келесі талаптарға сай рәсімделеді:
1) А4 форматында ақ-қара нұсқасында шығарылған үлгітүр (әр бетте бір үлгітүрден);
2) үлгітүрлер мына тәртіп бойынша тігіледі: титулдық үлгітүр, презентацияның құрылысы (үлгітүрдің тәртібі мен жалпы саны), нөмірленген үлгітүрлер.
Презентация альбомы диплом жұмысына тіркеледі, оны МАК техникалық хатшысы тапсыру актісіне қосып, мұрағатта диплом жұмысымен бірге сақталады.
Шығарушы кафедраларда түлектердің презентацияларының электрондық нұсқасы сақталады (флешкарта немесе NKZU Net. жүйесінде).
Достарыңызбен бөлісу: |