Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



бет24/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

3 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Мамандық бойынша диплом жұмысы - студенттің университетте білім алудағы соңғы курсында орындалатын жұмысы. Ол білімді жүйелеуді кеңейтуді және зерттеу элементтері арқылы қиын кешенді тапсырмаларды шешудегі практикалық дағдыны, сондай-ақ, студенттің болашақ мамандығына сәйкес практикалық дайындығын және білімін анықтауды басты мақсат етеді.

Жоғары оқу орындарының оқу жоспарында дипломдық жұмыстар студенттердің өзіндік ғылыми ізденістерінің ең жоғарғы түрі саналады.

Дипломдық еңбек курстық жұмыстың қарастыратын проблематикасы, зерттеу амал-тәсілдері тұрғысынан да, мазмұны мен көлемі жағынан да әлдеқайда күрделі, ауқымды жұмыс. Онда студенттер тақырып, мәселе бойынша әдеби, ғылыми еңбектерде айтылған пікірлерді, талдауларды жинақтап қана қоймай, өз бетінше ізденіп, оларды дамыта қарастырады, сөйтіп, өзіндік түсінік көзқарасын да танытады.

Дипломдық жұмыстар жазу, әдетте, үнемі үздік және жақсы оқыған, ғылыми үйірмелерге белсене қатысып, университеттің студенттік және кафедраның ғылыми конференцияларында баяндамалар жасап төселген, ғылыми ізденіске бейімділігін танытқан студенттерге тапсырылады. Бұл жұмыстар талапты жастардың теориялық білімі мен жазу дағдысының қалыптасқанын, шығармашылық қабілетін айқын танытуына мол мүмкіндік береді.

Кафедра бірінші курстан бастап талапты, қабілетті студенттерді есепке алып, тәжірибелі оқытушылар олармен төрт жыл бойы арнайы жеке жұмыс жоспарымен жұмыс жүргізіп, ғылыми ізденістерге баулыса, мұндай шәкірттер қатары көбейе түсері сөзсіз.

Осындай шығармашылық жағдайда диплом жұмыстары да сапалы орындалады. Әрине, диплом жұмысын жазғандардың бәрі магистратураға түсіп, ғылым жолын таңдамауы мүмкін. Алайда сапалы диплом жұмысы – студенттердің университетте алған жоғары теориялық білімінің көрсеткіші, бұл білім қоры бітірушінің ертең мектепте қызмет еткен кезінде өзін білімдар, үнемі шығармашылық ізденіс үстіндегі ұстаз ретінде танытуына мол септігін тигізері анық.

Курстық жұмыс тақырыптарын, әдетте, кафедра ұсынса, диплом тақырыптарын студенттердің өздерінің таңдауына ерік беріледі, кейде ғылыми жетекші – оқытушымен ақылдаса отырып та тақырыпты белгілеуге болады. Диплом жұмыстарының тақырыптары жетекшілік жасайтын оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланыс-сабақтастықта берілсе, тиімдірек. Тақырыптар кафедра мәжілісінде және институттың Ғылыми кеңесінде бекітілуге тиісті.

Тақырыптардың негізінен көрнекті қаламгерлер туындыларының, сондай-ақ, әдебиет тарихының, бүгінгі әдеби үрдістің және қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелерімен тығыз сабақтаста берілгені тиімді. Сапалы орындалған курстық жұмыстардың кейбір проблемалы, ғылыми өзекті деген тақырыптарын да зерттеу нысанын кеңейте отырып, диплом жұмысына ұсынуға болады.

Тақырыпты курстық жұмыс тақырыбынан күрделірек, ауқымдырақ болуына, мүмкіндігінше студенттерді қызықтыратын тартымды, алуан түрлі проблемаға құрылған, теориялық сипатта болуына көңіл бөлген жөн.

Қанша татымды әрі теориялық тұрғыдан мәнді десек те, мәселен, «Шұғаның белгісі» повесіндегі кейіпкерлер тілі, «Бақытсыз Жамал» романындағы монолог түрлері, Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесінің проблематикасы сияқты тақырыптар диплом жұмысы үшін жетімсіздеу. Тақырып талданғанда жеткілікті мән берілмей келе жатқан бір мәселе - әдеби байланыстар. Студенттер төрт жыл бойы әдебиет тарихынан, қазіргі әдеби үрдіс жайынан дәрістер тыңдағанда, семинарлар өткенде де әлденеше рет әдеби байланыстар жайынан хабардар болады, тіпті бір сыпыра ЖОО-ларға әдеби байланыс мәселесіне арналған арнаулы курс, арнаулы семинарлар жүргізілуі де мүмкін ғой. Сондықтан қазақ-орыс, қазақ-қырғыз немесе қазақ-өзбек, қарақалпақ әдебиеттерінің байланыстарына қатысты диплом тақырыптарын беру де өзекті. Бұл талапты студенттердің төл әдебиетіміздің ауқымында қалмай, жанжақты іздеуіне тіпті мүмкіндік болса, көрші елдерге іссапарымен барып, мұрағаттарда болып, көзі тірі қаламгерлермен кездесіп, әңгімелесуіне, яғни шығармашылық еркіндікке жол ашар еді.

Осы ретте «М.Горький және С.Мұқанов», «Қазақ-қырғыз әдеби байланыстары», «М.Әуезов қазақ-орыс әдеби байланыстарын зерттеуші», «Махамбет дәстүрі және оның қарақалпақ өңірлеріндегі қазақ ақын-жырауларына шығармашылық әсері», «Пушкин мен Абай», «Лермонтов пен Абай» тақырыптары талапты жастардың ізденістеріне кең өріс ашқан болар еді.

Диплом жұмыстарына салыстыра талдауға құрылған тақырыптар ұсыну да ұтымды. Бұл олардың бір қаламгердің туындысымен шектеліп қалмай, кеңірек, жан-жақты ізденулеріне, тақырыптас туындыларды өзара тақырыптық-идеялық, көркемдік, тілі, образдар жүйесі, т.б. тұрғысынан әр қырынан салыстыра талдап, шеберлік туралы нақтылы қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады. Мәселен, «Жыраулар поэзиясы және Махамбет шығармашылығы», «Қазіргі қазақ лирикасындағы Отан, туған жер тақырыбы», (10 шақты ақынның туындылары салыстыра талданады), «Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы», т.б. Бір қарағанда тақырыптар тым ауқымды, диссертациялық еңбекке жүк боларлықтай күрделі көрінуі мүмкін. Дипломдық жұмыстардың сапасын көтереміз десек, оларға осындай ғылыми сипаттағы тақырыптарды ұсыну қажет.

Төрт жыл бойы үздік оқып, ғылыми баяндамалар жасап, курстық жұмыстарын сапалы орындаған, жазу дағдысы қалыптасқан, ғылыми ізденістерге бейімі бар студенттер үшін осындай ғылыми тақырыптар қажет.

Тақырыпқа дайындық барысында студенттер көптеген ақындардың туындыларын оқиды, әлденеше ғылыми, сын еңбектермен танысады, қажетті тұстарынан сілтемелер жасауға керекті үзінділерді, пікірлерді конспектілейді, сөйтіп жазу барысында қарастырып отырған проблемасын (дәстүр, Отан, туған жер, тақырыбы, т.б.) жалаң алмай, туындыларды өзара салыстыра талдайды, кемшілік-жетістіктерін әділ таразылауға ұмтылады.

Дипломдық жұмыстың жоспары қарастырылатын проблеманың күрделілігіне орай бірнеше тараулардан түзілуі мүмкін.

Мысалы, «Жыраулар поэзиясы және Махамбет шығармашылығы» атты тақырыптың жоспарын шамамен төмендегіше құруға болады:


КІРІСПЕ

1 Жыраулар поэзиясы – замана үні

2 Махамбет шығармашылығындағы жыраулар поэзиясы дәстүрінің көрінісі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Немесе «Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан оқиғасы тақырыбы» бойынша үлгі жоспар:

КІРІСПЕ

1 Азаттық – асыл арман немесе қазақ поэзиясындағы еркіндік, елдік мәселелерінің жырлануы

2 Желтоқсан тақырыбы қазақ әдебиетінде

2.1 Қазақ поэзиясындағы желтоқсан тақырыбы

2.2 Тақырыптың прозалық туындыларда бейнелену ерекшеліктері

2.3 Публицистика мен деректі жанр көрінісі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Дипломдық жұмыстың күрделілігі, ауқымдылығы жоспардың құрылымынан да, оның әрбір тарау, тараушаларының мазмұнынан да, жалпы көлемінен де танылады.

Мысалы, курстық жұмыстың кіріспесі көлемі жағынан шағын және онда негізінен тақырыпқа байланысы қарастырылатын мәселе (мәселелер) белгіленіп жұмыстың мақсат-міндеті қысқаша тұжырымдалса, диплом жұмысының кіріспесінде алдымен тақырыптың, мәселенің бүгінге дейінгі қазақ әдебиеттану ғылымында (ал жалпы эстетикалық теориялық мәселе болса, орыс әдебиеттану ғылымында), әдеби сында зерттеу жайына, еңбектерге сыни тұрғыдан байыпты шолу жасалады, содан соң жұмыстың алға қойған міндет-мақсаты зерттелу нысаны айқындалады. Демек, диплом жұмысының кіріспесінің өзінде диссертациялық зерттеудің элементтері, ғылыми сипат айқын аңғарылып тұруы шарт.

Диплом жұмысы басты ғылыми еңбегі болғандықтан, студенттің оны орындау барысында жалпы тақырыпқа, проблемаға байланысты өзіне дейінгі ғылыми сын пікірлерімен жете танысып, тиісінше пайдалана білуі, тақырыпты меңгеруі, оны өзіндік көзқарасы тұрғысынан байыптауға ұмтылысы, жұмыстың өн бойынан бітірушінің әдеби-эстетикалық сауаттылығы, талдау мәдениеті көрініп тұруы шарт. Бұл айтылғанда диплом жұмысына қойылатын басты талаптар болып табылады.

Диплом жұмысының көлемі шамамен 3 баспа табақ мөлшерінде болуы керек. Жұмыс аяқталаған соң ғылыми жетекшінің пікірімен қоса оқытушылар танысу және алдын ала қорғаудан өту үшін кафедра меңгерушісіне тапсырылады.

Диплом жұмысын қорғау негізінде Мемлекеттік аттестациялық комиссия студентке біліктілік беру немесе мамандыққа сәйкес академиялық атақ беру жөнінде шешімге келеді. Диплом жұмысы зерттеуде ғылыми және практикалық мәселелерді шешудегі бұрыннан бар және жаңа ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі.

Студенттің жоғарғы оқу орнының соңғы кезеңінде орындалатын диплом жұмысы мынадай мақсаттарды көздейді:



  • мамандық бойынша практикалық дағды және теориялық білімді кеңейту және бекіту, жүйелеу, нақты міндеттерді шешу жолдарын қолдану;

  • диплом жұмысында қаралатын мәселелер мен сұрақтарды шешуде эксперименттік және зерттеу әдістерін меңгеру, студенттің өздік жұмыс жүргізудегі дағдысын дамыту;

  • ғылыми еңбектермен өздік жұмыс істей алу дайындығын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет