Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР



бет32/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

5 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
Жоғарғы оқу орнында 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттер оқу жоспарына сәйкес курстық жұмыс жазады. Жоғары оқу орындарындағы оқу-педагогикалық үрдісте курстық жұмыстардың өзіндік маңызды рөлі бар.

Курстық жұмыстардың мақсат-міндеттері: әдебиет тарихының немесе қазіргі әдеби дамуға қатысты, қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелеріне, сондай-ақ тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесінің мәселелерін қарастыру, зерттеу, сөйтіп, студенттердің өз бетімен жұмыс істеу, ғылым жолында іздену дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізу.

Жоғары оқу орындарының оқу жоспарындағы курстық жұмыстар студенттердің өзіндік ғылыми ізденістерінің алғашқы сатысы болып саналады.

Дипломдық еңбек курстық жұмыстың қарастыратын проблематикасы, зерттеу амал-тәсілдері тұрғысынан да, мазмұны мен көлемі жағынан да әлдеқайда күрделі, ауқымды жұмыс. Онда студенттер тақырып, мәселе бойынша әдеби, ғылыми еңбектерде айтылған пікірлерді, талдауларды жинақтап қана қоймай, өз бетінше ізденіп, оларды дамыта қарастырады, сөйтіп, өзіндік түсінік көзқарасын да танытады.

Практикалық, семинарлық сабақтардың маңыздылығы өз алдына, студенттер өткен курстарда алған теориялық білімдерін басшылыққа ала отырып, курс жұмыстарын жазу барысында ізденеді, әдеби және тілдік фактілерді талдауға, жинақтауға, бағалауға, зерттеу жұмысында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді игеруге машықтанады. Осындай сан-салалы шығармашылық ізденістер, зерттеу жүргізу нәтижесінде орындалатын курстық жұмыстар студенттердің ғылыми-танымдық көзқарасының көбеюіне, жауапкершілігінің артуына, күнделікті үлгерімінің жақсаруына да игі әсер етеді.

Курстық жұмыстары – студенттердің алған теориялық білімін зерттеу жұмыстарының барысында практикалық тұрғыда қаншалықты қолдана білу біліктілігінің де көрінісі.

Кафедра бірінші курстан бастап талапты, қабілетті студенттерді есепке алып, тәжірибелі оқытушылар олармен жыл бойы арнайы жеке жұмыс жоспарымен жұмыс жүргізіп, ғылыми ізденістерге баулыса, мұндай шәкірттер қатары көбейе түсері сөзсіз. Осындай шығармашылық жағдайда курстық жұмыстары да сапалы орындалады.

Жұмысты мазмұнды, жоғары талапқа сай орындау, студенттерден кәсіби білім мен біліктілікті, жазу мәдениетін, талдау мен жинақтаудың қағидаларын, амал-тәсілдерді білуді, белгілі мөлшерде әдеби-эстетикалық сауаттылықты, сөз өнерін сүюді қажет етеді.

Курстық жұмыстар студенттердің жоғары кәсіби білім алу жолындағы маңызды әрі міндетті оқу педагогикалық шаралардың бірі болғандықтан, олардың құрылысы мен жалпы мазмұнына, орындалуына белгілі бір талаптар қойылады.

Курстық жұмыс тақырыптарын, әдетте, кафедра ұсынады, кейде ғылыми жетекші-оқытушымен ақылдаса отырып та тақырыпты белгілеуге болады. Курстық жұмыстардың тақырыптары жетекшілік жасайтын оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланыс-сабақтастықта берілсе, тиімдірек. Тақырыптар кафедра мәжілісінде және институттың ғылыми кеңесінде бекітілуге тиіс.

Тақырыптардың негізінен көрнекті қаламгерлер туындыларының, сондай-ақ, әдебиет тарихының, бүгінгі әдеби үрдістің және қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелерімен тығыз сабақтаста берілгені тиімді. Сапалы орындалған курстық жұмыстардың кейбір проблемалы, ғылыми өзекті деген тақыптарын да зерттеу нысанын кеңейте отырып, диплом жұмысына ұсынуға болады.

Студенттер үшін қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің өзекті мәселелері, қазақ тілі мен әдебиетті оқыту әдістемесі бойынша ғылыми сипаттағы тақырыптары беріледі.

Тақырыпқа дайындық барысында студенттер көптеген ақындардың туындыларын оқиды, әлденеше ғылыми, сын еңбектермен танысады, қажетті тұстарынан сілтемелер жасауға керекті үзінділерді, пікірлерді конспектілейді, сөйтіп, жазу барысында қарастырып отырған проблемасын (дәстүр, Отан, туған жер, тақырыбы, т.б.) жалаң алмай, туындыларды өзара салыстыра талдайды, кемшілік-жетістіктерін әділ таразылауға ұмтылады.

Курстық жұмыстың жоспары қарастырылатын проблеманың күрделілігіне орай бірнеше тараулардан түзілуі мүмкін.

Мысалы, «Қазақ әдебиетіндегі С.Торайғыров бейнесі» атты тақырыптың жоспарын шамамен төмендегіше құруға болады:

КІРІСПЕ


  1. Замана шындығы және ақын лирикасы

  2. Әдебиеттегі Сұлтанмахмұт образы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Немесе «С.Сейфуллин лирикасындағы бостандық тақырыбы» бойынша үлгі жоспар:

КІРІСПЕ


  1. С.Сейфуллин лирикасын тақырыптық-идеялық ерекшеліктері

  2. Сәкен – лирик ақын.

2.1 C.Сейфуллин поэзиясындағы пейзаждық лирика

2.2 Ақын лирикасындағы бостандық бейнесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Немесе

КІРІСПЕ


1. Қазіргі ономасиология мен сөзжасам мәселелері, зерттелуі

1.1 Қазіргі ономастика мәселесі, зерттелуі

1.2 Қазіргі сөзжасам мәселесі, зерттелуі

2. Ономасиология мен сөзжасамның байланысы

2.1 Ономасиология атауларының сөзжасам тәсілдері арқылы жасалуы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Үлгі: «Б.Соқпақбаев шығармаларындағы кейіпкерлердің тілдік тұлғасы» тақырыбы бойынша кіріспені жазудың үлгісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет