Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар


Курстық жұмыс тақырыптарын бекіту мен таңдаудың нормалық аспектілері



бет38/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

Курстық жұмыс тақырыптарын бекіту мен таңдаудың нормалық аспектілері

Семестр басында кафедра мәжілісінде курстық жұмыс тақырыптары бекітіледі. Студент оқытылатын курстың аясында өзекті және өзін қызықтыратын тақырыпты ұсынуына болады.

Шығарушы кафедра курстық жұмыстардың жалпы тақырып тізбесін анықтайды, жыл сайын жаңартады.

Бекітілген курстық жұмыстардың жалпы тізбесінен студентке тақырып және жетекші таңдау құқығы беріледі. Студент қажетті негіздемесімен бірге өзінің тақырыбын да ұсына алады. Сырттай бөлім студенттеріне өндірістік қажеттілікке сәйкес курстық жұмысының тақырыбын таңдауға рұқсат етіледі.

Жұмыс тақырыбы жетекшімен келісіледі. Курстық жұмысқа кафедра оқытушылар немесе кафедраның ғылыми қызметкерлері жетекшілік ете алады, бір жетекшіге 15 студенттен артық берілмейді.

Екі не одан да көп студентке бірдей тақырып берілмейді. Курстық жұмыс тақырыптары бойынша барлық толықтырулар мен өзгертулер қорғауға бір ай бұрын енгізіліп, кафедра отырсында бекітіледі.

Курстық жұмысқа жоғарғы оқу орнының профессорлары, доценттері, оқытушылар және ғылыми қызметкерлер кеңесші болып тағайындалады. Кеңесшілер студенттің дайындаған жұмысының жеке тарауларының кафедра қойған талапқа сәйкестігін тексереді, ескертпелер жасайды, нұсқау береді және оң шешімге келсе, жұмыстың титул парағына қол қояды. Жеке тараулар бойнша кеңесшілер және бақылау нормасы курстық жұмыстың жетекшілерін және тақырыпты бекіту бұйрығы бойынша бекітіледі.

Тақырып таңдалып, бекітілгеннен кейін студент курстық жұмысқа тапсырма бланкісін толтырады. Тапсырма бланкісі 2 данада толтырылып, курстық жұмыстың жетекшісі және кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Кафедра меңгеруішісі бекіткеннен кейін бір бланк кафедрада курстық жұмысты қорғағанға дейін сақталады, ал екіншісі курстық жұмысқа тігіледі.

Курстық жұмысты рәсімдеу жазба жұмыстардың құрылымын рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі. Қойылған талаптарға сәйкес болған жағдайда, қорғауға жіберу туралы белгі қойылады. Егер жұмыс қойылған талапқа сәйкес болмаған жағдайда, жетекші жұмыста кездесетін кемшіліктер туралы жазбаша түрде түсініктеме беріп, қорғауға жіберілмеуі туралы белгі қояды және түзетілген материалды тапсыратын мерзімді көрсетеді. Жіберілген жұмыстың сапасы мен қорғауға жіберілуіне жауапкершілікті ғылыми жетекшісі алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет