Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар


Жазба жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау



бет4/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

1 Жазба жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Жоғары кәсіби және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруді ұйымдастырудың жаңа нұсқауына сәйкес студенттердің кредиттік жүйеде білімі мен білігі, білім деңгейін бақылау тек кешенді тестілеу бойынша ғана емес, сондай-ақ, жекелеген пәндер бойынша бақылау жұмыстары, шығарма, эссе, жоба тапсырмалары арқылы да бағаланады. Жазба жұмыстары орындалатын пәндер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім жүйесіндегі бақылау және қадағалау Комитеті анықтаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беретін орындардағы бекітілген пәндер бойынша жүргізіледі.

Бұл нұсқау студенттердің жазба жұмыстарын, атап айтқанда, реферат, эссе, баяндама, курстық және дипломдық жұмыстар мен жобаларды орындау, сонымен қатар, оларды қорғауға қойылатын жалпы талаптарды анықтайды. Реферат, баяндама және эссе студенттердің оқу және ғылыми-баспа жұмыстарының түрі болып табылады. Оларды жазудағы мақсат – студенттерді теория мен практиканы байланыстыруға үйрету, әдебиеттерді қолдануға, олармен жұмыс істеуге, статистикалық деректерді пайдалануға, күрделі сұрақтарды шешуге дағдыландырады.

Ғылыми-жазба жұмыстардың түрлері:

Баяндама - өздік жұмыс түрі, оқу және аудиториядан тыс сабақтарда қолданылып, студенттердің ғылыми жұмысқа деген дағдысын қалыптастырады, сыни ойлауға үйретіп, танымдық қызығушылығын кеңейтеді.

Реферат - студенттің өздік ғылыми-зерттеу жұмысы (жазбаша немесе көпшілік баяндама түрінде). Мұнда зерттеліп отырған мәселенің өзегі ашылып, ғалымдардың және автордың көзқарасы келтіріледі.

Эссе - қысқа көлемді және еркін композициядағы шығарма. Ол - жеке тақырып пен тұлғалық әсер мен ойды беретін жазба жұмысы.

Осы еңбектің негізінде шығарушы кафедра және пәнді жүргізуші кафедра мамандық бойынша орындалатын жазба жұмыстарына (диплом жұмысы, курстық жұмыс, реферат, баяндама, эссе) қойылатын талаптардың әдістемелік нұсқауын кафедра отырысында, факультеттің әдістемелік бюросында, жоғарғы оқу орнының оқу-әдістемелік кеңесінде бекітеді.

Жазба жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау мынадай міндетті, талаптарды ұсынады:



  1. әдістемелік нұсқау әрбір студенттің қолданылуына мүмкін болуы қажет (таралымы, кафедрада және кітапханада болуы);

  2. онда көрсетілу керек:

    • жұмыстың мақсаты мен міндеті;

    • тарау мазмұны және саны;

    • кесте және сызба үлгілері;

    • пән және мамандық ерекшелігіне байланысты орындалатын жұмыстың бағалану критерийлері;

    • жұмыстың үлгі тақырыптары;

    • әдебиет тізімі;

    • қосымша;

    • пәннің ерекшелігіне байланысты жұмыстың көлемі мен мазмұнына қойылатын талаптар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет