Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар



бет3/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

УДК 821.512. 122.0

ББК 83.3 (5Каз) - 923

© Қадыров Ж.Т., Есматова М.Т., Құлыбекова Ж.С., 2019

© М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2019
ISBN 978-601-223-099-4
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың сапа менеджменті жүйесі

I

SО 9001:2015 талаптарының үйлесімділігіне сертификатталған



КІРІСПЕ
Жоғарғы оқу орындарындағы 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттерге 4 жыл бойы мамандық және басқа да пәндерден жүйелі дәрістер оқылып, практикалық сабақтар өткізіледі. Бұл дәрістік және семинарлық сабақтар болашақ мамандардың теориялық білімін, көркемдік-эстетикалық талғамын, әдістемелік білігін қалыптастырады.

Университет қабырғасында студенттер білім алумен қатар, оқытушылардың жетекшілігімен ғылыми ұйымдарға қатысып, ғылым жолындағы алғашқы қадамдарын – ізденістерін де бастайды. Бұл ретте студенттердің өзіндік жұмыстарының атқарар рөлі маңызды.

Студенттердің өздік жұмыстарының түрлері сан алуан, олар: белгілі бір тақырып, проблема, туынды бойынша реферат және эссе жазу, оқу-әдістемелік, ғылыми сыни еңбектерден конспект жасау, студенттік ғылыми конференцияларда баяндамалар жасау, курстық және дипломдық жұмыстарды жазу, т.б.

Курстық және ғылыми жұмыстар – студенттердің тіл білімі мен сөз өнерінің сырларымен танысып, әдеби-эстетикалық талғамы мен шығармашылық тұлғасының қалыптасуына, ғылыми ізденіс жолына бет алуына, жазу дағдысына машықтануына мол мүмкіндіктер ашатын өзіндік жұмыс түрлері. Сондықтан жоғары кәсіби білім беретін университеттердің оқу үрдісінде курстық, дипломдық жұмыстардың да алатын өзіндік орны бар.

Жоғары мектептің типтік оқу жоспарына сәйкес курстық жоба үшінші курста, диплом жұмыстары соңғы курста орындалады. Бір айта кетерлігі, тіл және әдебиет пәнінен орындалатын курстық, дипломдық жұмыстар жөнінде бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындары әдістемесінде не оқытушыларға немесе студенттерге арналған әдістемелік талдаулардың жоқтығы бұл еңбектің құндылығын танытады. Бұнда ғылыми жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, жазба жұмыстарының құрылымы, ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар, жазба жұмыстарының құрылымдық элементтерін рәсімдеу талаптары ҚР МЖМБС 5.03.016-2007 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жобасын) орындау ережесі. Негізгі ережесі» және ҚР МЖМБС 5.03.016-2007 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жобасын) орындау ережесі. Негізгі ережесі» №1 өзгертулерінің негізінде қаралып, толықтырылған. Студенттердің ғылыми жұмыстарының сапасын арттыру жолында еңбек өз міндетін атқаратыны сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет