Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»


Оқылған әңгіме бойынша Жазу сабағы



бет15/21
Дата21.05.2020
өлшемі129,72 Kb.
#70292
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
готовый

Оқылған әңгіме бойынша Жазу сабағы.

1. Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру.

2. Мұғалімнің тақтаға жазғанын оқушылар оқып шығады (2-3 сөйлем).

3. Мұғалімнің сұрағы бойынша әңгіменің мазмұны талданады. Мұнда мұғалім сұрақтарды күні бұрын дайындап қояды. Сұрақтар балалардың жауап берулері үшін оңай, сөйлемді дұрыс құруға жәрдемдесетіндей болу керек.

4. Әңгімедегі әр сөзге фонетикалық талдау жасалады, жазылуы қиындау деген сөздер түсіндіріледі.

5. Мәтіндег көп нүктенің онында болған сөздерді естерінде сақтап оқиды.

6. Мәтінді дәптерлеріне көшіреді; көшіру барысында көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қояды.

7. Мұғалім көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.

8. Балалар өздері тауып жазған сөздерін тақтаға жазылған сөздермен салыстырып тексереді.

Тиімді жүргізілетін сөздік жұмыстары да оқушыларды сауатты жағын үйретеді. Сөздік жұмысы суретпен жүргізілетін жұмыспен мазмұндас. Алайда, сөздік жұмыстар барысында оқушылардың дербес ойлауына, кеңірек сөйлеуіне,өз бетінше сөздер таба білуіне көбірек көңіл бөлінеді.

Дәлірек айтқанда, сөздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды. Мұғалім оқушыларға таратылып берілген бірнеше сөздік карточкаларға әр түрлі заттың ұғым. Әр топтағы сөздерден сөйлем жасауын басшылық етеді. Сондай-ақ оқушылардың з бетінше елгілі сөз типтеріне жататын сөздерді табуына, (әліппе кезеңі аяқталған кезде) «сөз» тақырыбына арналған үлестірмелі карточкалардағы қалыпты тапсыпмалардан орындауға дағдыландырады. Сабақта карточкалардың мынадай түрлерін пайдалануға болады. Берілген тірек сөздердітаблицалардағы тиісті бағандарға орналастыру.

Жаттығу үлгісі:Тірек сөздер: жылқы, аю, кесе, терек, қасықешкі, шырша, қозы, табақ, түлкі, арыстан, қайың т.б.

ТАБЛИЦА

Аңдар

Үй жануарлары

Ыдыстар

Ағаштар

Жолбарыс

Түйе

Шәйнек

Қарағай

Оқушы үлгі-таблицадағыдай берілген тірек сөздерді тарқатып жазуға тиіс.

1. Таратпалы карточкалардың бұл түрі бойынша сөз типтерін үйретуге арналған логикалық жаттығуларды ауызша да, жазбаша да орындау тиімді. Жазбаша жұмыста таблицадағы көп нүктелердің орнына сол бағандағ қатысты тірек сөздер тапқызылып жаздырылады: ауызшажұмыстар тірек сөздер мағынасына қарай тиісті бағандарға бөлініп айтқызылады.

2. Таратпа карточкаларға көп нүктелердің орнына ойдан сөз таптарын жаздыру.

Жаттығу үлгісі: ұстар: қарға.

Жемістер: алма.

Көкөністер: сәбіз.

Бұл жаттығу бойынша сөздік жұмысын жүргізу (суреттегі тақырыпқа сай заттардың аттарын атау немесе сынып болып сұрау) - немесе әңгіме әдісі арқылы қажетті сөздерді айқындап алуға да болады.

Кіші жастағы мектеп оқушыларына «сөз»ұғымын үйрету сабақтарын жеке оқушылардың қабылдау дәрежесіне қарай дифференциядан өткізуі де қажет-ақ. Ондай мақсатқа сай мынадай жаттығуларды жүргізген тиімді.

3. Бір типтегі сөздерді одан төменгі топтарға тарату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет