Әліппе кезеңінде жаңа дыбыс пен жаңа әріпті үйрету сабағының жүйесі
Оқу сабағы:
1. Оқылған ертегі немесе жұмбақ бойынша әңгіме
2. Әңгіме барысында қолданылған сөйлемдердің ішінен үйретілелі отырған жаңа дыбыстан басталатын немесе аяқталатын сөзі бар сөйлемді бөліп алып, оған оқушылардың назарын аудару.
3. Сөйлемдісөзге, сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы үйретілетін дыбысты бөліп алу; осы дыбыстан басталатын немесе аяқталатын жаңа сөздер ойлап табу.
4. Сол әріптің баспа түрін көрсету, оның суретін таяқшалардан, қағаз қиындыларынан жасап көрсету, басқа әріптердің ішінен табу.
5. Кеспе әліппеде сөз құрастыру және оны оқу.
6. Бір буынын немесе әрпін ауыстыр арқылы жаңа сөз жасау; буынның немесе сөздің басына, соңына әріптер қосып, жаңа сөз жасау, оларды оқу.
7. Әліппедегі бағанада берілген сөздерді оқу.
Жазу сабағы:
1Жазуға дайындық (оқушылардың дұрыс отыруы, қаламдарын дұрыс ұстауы, дәптерлерінің партада дұрыс қойылуы) тексеріледі.
2. Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріп бөлінеді.
3. Жаңа әріптің элементтері бөлшектеліп көрсетіледі, мұғалім оны тақтаға жазып тұрады, оқушылар дәптерлеріне жазады.
4. Мұғалім жаңа әріпті тақтаға жазады. Оқушылар осы әріптен басталатын сөздер ойлап табады. Сонан соң олар әріпті дәптерлеріне жазып алады.
5. Оқушылар тапқан сөздерін буынға, дыбысқа талдайды оқиды.
6. Талданған сөздердің ішінен барлық әрпі түгел өтілген сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазады.
7. Суретпен немесе пластилинмен жұмыс.
Әліппенің алғашқы кезеңдеріндегі сабақтар осындай жүйеде ұйымдастырылады. Ал әліппенің екінші, үшінші кезеңдерінде жаңадан үйретілетін әріпке (әсіресе баспа түріне) жаттығу жұмысы көбірек жүргізіледі. Мұнда өтілген әріптерді қайталау,қиындау буындардан құрастырылған сөздерді оқу, кеспе әліппеден сөз құрастыру және оларды оқу жұмыстары басым болып табылады. Сонымен қатар әріптері, буындары ұқсас жұп сөздер мен буындарды салыстырып оқу, жазу жұмыстары да молынан жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |