Өлең оқыту сабағы.
1. Өлең тақырыбына кіріспе әңгіме.
2. Мұғалім өлең мәтінін өзі мәнерлеп, нақышына келтіре оқып шығады.
3. Өлең шумақтары бөлініп, әр бөлігі әр балаға оқытылады. Мұнда бала ең болмағанда бір жол оқыса да, мәнерлеп, анық оқуына баса назар аударған жөн.
4. Өлеңді мәнерлеп, іштен оқытады.
5. Өлең тінін тұтас, мәнерлеп, дауыстап оқиды, онда кездесетін кейбір сөздердің мағынасы анықталады, егер мүмкіндік болса, жаттылады.
Жазу сабағы.
1. Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру (дұрыс отыру, қалам ұстау, дәптер қою т.б.).
2. Мұғалім бір сөйлем айтады, оқушылар оны қыйталайды.
3. Сөйлем сөзге, буынға, дыбысқа талданады.
4. Сөйлемді мұғалім тақтаға жазады, оны оқушыларға оқытады, содан кейін бұл сөйлемді жауып қояды.
5. Оқушылар сөйлемдерді дәптерлеріне жазады.
6. Тақтадағы сөйлем ашылады да, оқушылар өздері жазғандарын тақтадағымен салыстырады, тексереді.
7. Осылайша екінші, үшінші сөйлемдер жазылады.
8. Оқушылар жазған үш сөйлемін түтас оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |