тұлғалық қарым-қатынас. Бұл жағдайда сәби өз бетімен қарым-қатынас
ұйымдастыра алмайды. Үлкендер тарапынан көрсетілген қатынасқа сәби
эмоционалды түрде жауап қайтарды. Эмоционалды қатынастар барысында бұл
кезде сәбиде «жандану комплексі» пайда болып, өзіне таныс дауыстарға
бұрылып қарайды, өзіне таныс адам қатынас жасаса қуанып, күледі, ал
танымайтын бөгде адамнан басын алып қашып, жылайды. Керісінше, осы кезде
сәби ата-анасы, басқа да отбасындағы үлкендермен қажетті дәрежеде қарым-
қатынас жасамаса, «госпитализм» құбылысы пайда болып, сәбидің көңіл-күйі
төмендеп, мөлшерден көп жылап, тітіркенгіш, енжар сипатта болады. Әсіресе ,
осындай құбылыс, ата-анасынан айрылған, жетімдер ұйінде тәрбиеленген
балаларға тән. Қарым-қатынастың екіншІ тәсілі - бір мен үш жастағы бала мен
ересектер арасындағы - жағдайға байланысты іскерлік қарым-қатынас.
Қарым-қатынастың бұл тәсілі барысында да бала өз бетімен, дербес қатынас
ұйымдастыра алмайды, бала әлі де қоршаған ортаға, ол жердегі үлкендерге
толығымен тәуелді. Бұл жас аралығындағы баланың негізгі әрекеті - заттық
21
өрекет болғандықтан -қарым-қатынас іс-қимылға байланысты орындалады.
Үш жасқа толған шақта бала өзіне-өзі қызмет етіп, қарапайым
тапсырмаларды орындайды. Осы шақта құрбыларын жақсы көру, көмектесу,
бірге ойнау, бақылау сияқты қарапайым адамгершілік сезімдері дамып,
қалыптасады. Бала сөздің көмегімен басқаларға достық қарым -қатынасын
білдіреді, қиналғанда ақыл айтады, жаны ашиды, көмектеседі. Мәселен:
қасындағы отырған балаға, «жылама, мамаң қазір келеді» - деп жұбатып,
ойыншығын береді.
Төрт-бес жастағы баланың ересектер мен арасындағы жағдайға байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |