емес танымдық қарым-қатынасы мектеп жасына дейінгі баланың
қатынасының үшінші тәсІліне жатады. Бұл қатынас барысында баланың
танымдық құштарлығы пайда болады. Бала өзіне қоршаған орта жайлы туындап
отыратын сауалдарға ерінбей, жалықпай жауап беретін адамдармен қарым-
қатынас іздейді.
Ойнау мен сөйлеуді қатар алып жүреді. Бес жасқа қараған баланың ана тілін
игеруге бейімділігі жетіліп, барлық дыбыстарды дұрыс айтады, лексиканың
түрлі формаларын пайдалана алады, байланыстыра сөйлеудің элементтері
қальштаса бастайды. Баланың дербестігі мен белсенділігі артып, үлкендермен
қарым-қатынас жасауы сөзді игеруін оңайлатады.
Төрт-бес жастағы бала көпшіліктің, құрбыларының пікіріне құлақ аса
бастайды, бағынады, олармен есептеседі, өзге балалардың іс-әрекетін бағалауы
мазмұнды бола бастайды. Бала неғұрлым көпшіліктің ортасында тәрбиеленіп
өссе, ол соғұрлым көпшіл де, жан-жақты болып жетілетіндігі зерттеліп
анықталған дерек [10,21]. Көпшілік арасында торбие алған бала өзіндік
әрекетін, сөзін басқалармен салыстыра бастайды. Осы кездегі үлкендер
тарапынан жылы қатынас, жанашырлық білдіру, еркелету, аялау, сәл табысын
мадақтау, қолдау, мінез-құлқында, сөйлеген сөзінде көрініс тапқан теріс
қылықтарын көрсету, әділ айыптау, баланың іс-әрекетіне оң қарау оның
үлкендерге деген сенімін арттырады. Нөтижесінде, бала жаңа білім -
іскерліктер меңгеріп, танымы тереңдеп, психикасы дамиды. Қарым-қатынастың
төртінші тәсілі ата-ана мен бала арасындағы - жағдайға байланысты емес
Достарыңызбен бөлісу: |