1.2 Отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас
ерекшеліктері негізінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары
Республикада этнопсихология, этнопедагогика бойынша зерттеулер
жүргізген ғалымдардың еңбектерінде қазақ халқының тәлімдік ой-пікірлерінің
дамуы, халық педагогикасы мен психологиясының ауыз әдебиетіндегі
көрінісі, отбасында халықтық тәрбиені қолдану сияқты мәселелер көтеріліп,
олардың негізінде диссертациялар мен монографиялар, әдістемелік
нұсқаулар мен бағдарламалар, оқу құралдары жарық көруде. Тарихта қандай
қиын жағдайларды басынан кешірген қазақ халқының жалпы мәдениеті,
психологиясы - ежелгі заманнан бергі өмір сүріп, қазақ халқын құраған
ұлыстар, тайпалардың материалды және рухани мәдениетінің заңды жалғасы
болып табылады. Бір ұлттың басқа ұлттан ерекшелігі оның тілі, діні, мінез-
құлқы, психологиясы екені белгілі.
Ал, қазіргі кезеңде, ұлтық сана-сезімнің оянып, ерекше даму кезеңінде
ұлттық психологияны оқыту, ұлттық педагогикаға сай тәрбиелеу - қоғам
алдында тұрған үлкен міндет болып табылады. Сол қоғамның бір бөлігі бала
үшін алғашқы әлеуметтік институт болып табылатын отбасының бұл тұстағы
мүмкіншілігі ерекше. Отбасындағы алты-жеті жастағы балалардың қарым-
қатынас мәдениетін тәрбиелеу ата-ананың психологиялық-педагогикалық
сауаттьтлығына байланысты. Қазіргі шаңырақ көтерген қазақ жастарында
ұлттық салт-дәстүрлерді жете түсінбеушілІк ата-тегін білмеу, бөгде тілде
қарым-қатынас жүргізу жөйттары көптеп байқалады. Ата-ана мен бала
арасындағы қарым-қатынас бүгінгі таңда ең өзекті мөселелердің бірі болып
отыр. Түрлі себептерге байланысты адамдық парасаттарын жоғалтып алған
кейбір ата-аналар өсіп келе жатқан бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауда.
Біздің елімізде қарым-қатынас, төртіп мәселелерімен біршама ғалымдар
айналысса да, (Шериазданова Қ.Т., Ауталипова Ү.И., Елеусизова С.М., т.б.)
қазақ отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәдениеті әлі
оның өзіндік ерекшеліктері де жете зерттелінбеген мәселелердің қатарында тұр.
Баланы тұлға етіп дамытып қалыптастыруда қарым-қатынастың алатын орны
ерекше. Жалпы, қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністік,
қоғамдық-рухани сапаларды бейнелейтін басты белгі бола түра бірнеше қызмет
атқарады. Қоғамдық өмірдегі қарым-қатынас қызметін Ресей ғалымы Б.Т.
Лихачев талдау жүргізу барысында 3 кестеде көрсетілгендей топтастырады.
Бұл көрсетілген, қарым-қатынас қызметтері баланың жеке тұлға болу
үрдісінде ерекше орын алады. Қарым-қатынасқа түсу барысындағы баланың
жеке тұлға болу үрдісін Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский
психологияда «дамудың әлеуметтік жағдайы» деп түсіндіреді.
25
3 кесте. Қарым-қатынас қызметтері (Б.Т.Лихачев бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: |