1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ МҰҒАЛІМНІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТЕОРИЯСЫ
Қазіргі замангы педагогикада оқыту принциптері оқытудың белгілі объективті заңдылықтарын өрнектейді және бастапқы ереже есебінде тұсіндіріледі, ол өз кезегінде оқытушы, мұгалімнің қызметін аныктайды, оқушылардың танымдық қызметін көрсетеді. Окыту принципі оқыту стратегиясы мен тактикасын камтамасыз етеді, оқу процесінің кұрылуына, жұмыс істеуіне қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Оқу-тәрбие процесін интенсификациялау - оқуды күшейту және арттыру, еңбек өнімділігін арттыру оқу процесіне қатысушылардың белсенділігін, даярлығын, салалығын талаптарга лайықтау, оқу процесіне керек кұрал-жабдықтармен камтамасыз ету, арнайы жабдықталған оқу кабинеттерін оқытуға қажет компьютерлермен, окытудың жаңа техникалық құралдарымен қамтамасыз ету. Педагогикалық процесс- оқыту мең тәрбие жұмыстарынық бірлігі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңаруы білім берудің концептуалдық базасын негіздеуге және айқыңдауға ерекше мәнділік сипат берді. Педагогикалық білім беру тұжырымдамасы (авторлары Т.С.Садықов, Н.Д.Хмель, Қ.Қ.Жанпейісова, С.Қ.Қалиев, А.А.Бейсенбаева, Н.Н.Хан, С.А.Ұзақбаева, А.Н.Ильясова) Қазақстан Республикасында терең қызығушылық тудырды.
Табысты оқыту үшін оның мәні мен маңызын білумен бірге терең заңдылықтарын білу маңызды екендігі мәлім, сонда оқу процесін интенсификациялау маныздылығы байқалады. Оқытудың зандылықтары:
тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту міндетін шешу
үшін оның бағытты оқытылуы;
оқу процесін интенсификациялау үшін оқу процесіне
қатысушылардың белсенді-танымдық сипатта болуы;
• оқушыларға талап қоюмен қатар оларды құрметтей білу, оқу
процесінде жеке артықшылықтарын бағалау, нығайту арқылы оқуға
ынталандыру бойынша оқу процесін интенсификациялау;
білім алу процесінде қол жеткізген табыстарынан қуаныштарын қамтамасыз ету, ынталандыруды әділетті жүргізу арқылы оқуға
ынтасын арттыру;
оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін
ашып, дамытып, олардың оң, ізгі қасиеттерін дамытып, сапалы
өзгерістерін жетілдіру;
оқу процесінде оқушьиіардыд жеке және жас ерекшеліктерін
есепке алып, оқу процесін интенсификациялау:
оқу процесінде оқушылардың белсенділігін арттырып, сы-
ныпта, ұжымда оқу процесіне ықпалын ұлғайтып, саналы және сапа-
лы оқуға мән беру арқылы оқу процесін интенсификациялау;
мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың педагогикалық
келісімділігін, бірлігін пайдалану арқылы оқу процесін жақсарту;
мектеп, ата-аналар, оқушылардың бірлескен, ынтымақтасқан
қозғаушы күшін тиянақты дамыту, оқу процесін жетілдіруге
бағыттау.
Егер оқу процесінде оқыту заңдылықтары ғылыми тұрғыдан жеткілікті негізделген десек, онда ол оқу процесін ұйымдастыруда басты талаптар болып есептеледі, оны жүзеге асыру бойынша табысты оқытылу орындалады деуге болады. Педагогикадағы дидактикалық принциптер сауатты, ойластырылған мақсатқа сай іске асырылса, оқу процесін интенсивті өткізуге негіз қаланады.
Маңызды дидактикалық принцип, әрине, ғылымилығы ол оқу процесін интенсификациялауды жүзеге асыруға ерекше негіз болып табылады, жеке пәндер бойынша мектепте оқытылатын материалдар ғылыми теория, ұғым, фактілер жүйесі, жүйелі тәсілдеме ретінде иайданылуы сабақтың тиімділігін арттырады. Ең алдымен оқу материалдарын таңдап алу, оны жүйелеу, ретін байқау, кажетті мәліметтерді салыстыру, өтілген оқу материалына негіздеу, байланыстыру, жинақтаған. игерген біліміне сүйену арқылы оқыту әдістерін қалап алу мәнді интенсификациялауға жеткілікті болады.
Оқу процесінің интенсификациялануына оқыту процесінің көрнекілік принципі жеткілікті дәрежеде сапаландыруға ықпал етеді, оқытудың техникалық құралдары. мультимедия бағдарламалары, компьютерлерді бірін-бірі толықтыра үйлестіре пайдалану, мол оқу-әдістемелік электрондық материалдарды пайдалану, сондай-ақ, әрине плакаттар, графиктік материалдар, диаграммалар, приборлар, аппаратура, жабдықтар, модельдер, карталар, буклеттер, қолдан жасалатын эпифильмдер, транспаранттар, бейнефильмдер, телефильмдер, аудио және видеожазбалар, т.б. сабақтың тақырыбына қатысты қолдан жасалған, монтаждалған, біріктіріліп түсірілген пәнге қатысты материалдар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-әдістемелік журналдардан алынып, сызылған материалдар, тәжірибелер жасалып, түсіріліп алынған мол материалдарды таңдау арқылы пайдалану. Көрнекіліктерді түрлі-түсті етіп жасау, алдын-ала ойластыру, кеңесу, шәкірттерді қатыстыру оқу материалын игеруге жеткізеді, оқушыларды ретпен көрсетуге қатыстыру, кейде жаңа оқу материалдарын баяндау, түсінік беру сияқты сабақты өтуде мол түрлендіру, дәстүрлі емес сабақтар өту оқу процесін интенсификациялауға жеткізеді. Оқыту барысында біздің сезім мүшслеріміз қабылдаушы-талдаушыларымыз іске косылса, сезім талдаушыларымыз терең түсінуге, тиянақты білуге, есте ұзақ сақталуына, мұқият талдауға, тыңғылықты игеруге себепкер болады, олай болса оқу процссі интенсификацияланады, мақсатымыздың орындалуын қамтамасыз етеміз.
Оқытудың проблемалы сипатта болуы ойлау белсенділігін, теориялық білімді ұштау, практикада қолдана білу, оны терең игеруге қатысты өзін-өзі оқуға ынталандыруы бойынша оқу процесін интенсификациялауды қажет етеді. Оқушы оқу материалдарын игеруде проблемаларға кездеседі; ол алдына оны шешуге қатысты мәселелер мен міндеттерді қояды, міндеттерді табысты, ұтымды шешу үшін танымдық процесс, қызығушылық артады, ойлау белсенділігі күшейеді, сондықтан оқушы қосымша ізденіс жасайды, түрлі амалдар орындайды, қайталайды, пысықтайды, саралайды, талдайды, синтездейді, салыстырады, қорытындылайды, өзі пайымдау жасайды, өзін-өзі жетілдіреді, өзін-өзі міндеттейді, өзін-өзі ризашылық жасағанша оқу белсенділігін арттырады, әрекет әдетке, дағдыға айналады, ізденісті шығармашылық қалыптасады. Мысалы, физика және астрономия оқулығы VII сыныпта, физика пәні "Архимед күші" тақырыбын өтуде оқушыларға өмірден белгілі фактілерге негіздеп талдау жасау орынды: кейбір денелер: бөрене, қайық т.б. суда жүзеді, басқа денелер; металл, тас т.б. суға батып кетеді, металл бөлшектер суға батып кетеді, ал алып болаттан жасалған кемелер өзендер мен мұхит айдындарында емін-еркін жүзіп жүреді.
Мұны қалай түсінуге болады? Келтірілген мысал балалар алдына сұрақ-жауап беруге проблема туындатады, білімдеріне сүйенуге ұмтылыс жасайды, оларды танымдық проблема білуге, үлкен ғылыми әлемге алып келеді, оқуға-білуге әрекет жолдарын іздестіреді. Оңай тәжірибелерді көрсету, белсенділіктерін арттырып, жаңа оқу материал игеруге ынталандырады, тәжірибе, теория, көрсетулер "жаңалық ашуға" ойша талдау жасауға үйретеді; осылай оқу процесін интенсификациялауға жақындатады.
Белсенділік және саналылық- маңызды дидактикалық принции, оқу материалын баяндауда, зерггелетін құбылыстарды саналы белсенділікпен зерделеу, шығармашынықпен игеруге негіз калайды. БіздІң қоғамның белсенді және саналы болашығын даярлауға бағытталған мақсат, оқу материалдарын зерделеу, әрине, саналы болғанда оқуға мән-мағына береді, тәртіпті, отаншыл азамат болуын, ертен қалаған мамандығына ие болуына негіз болатын білім игеру сапасына тәуелділікте екендігін ұғуында. Белсенділік пен саналық- басты құрал, тұлғаны тәрбиелеу және дамыту оқыту арқылы қалыптастырылады.
Белсенділік пен саналылық оқыту процесінде оқу материалын зерделеу, бақылау сұрақтарын жауап беру, жаттығуларды сапалы орындау, есептерді шығару, компьютерде тапсырмаларды жасау, тест-тренинг жүргізу, практикалық жұмыстарды сауатты орындау табиғат, қоғамдық өмір құбылыстарын өзінше түсіндіруге, үйде қажетті тапсырмаларды дұрыс орындау, уақытқа да сапалы орындау үшін білімнің, іскерліктің, дағдының кажеттілігін ұға білуде.
Оқу материалын игеру - оны түсініктілік деңгейде ұғу, білу, теориялық ойлардың қолданбалы маңызын саналы жақсы білуге, игеруге, ұғуға және оларды практикада қолдана білуге жеткізеді. Оқу процесін интенсификациялау арқылы мұғалім оқу процесінде оқушылардың белсенділігін, саналығын туындатып, қолдап, қуаттау мәселесін ұтымды шешуі аркылы мақсатына жетеді.
Оқу материалын баяндауда, түсіндіруде, тәжірибесіне негіздеуде, біліміне сүйенуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру қажет, бірлескен еңбек зая кетпейді, бірі-түсініп, бірі түсінбей қалмайды, оқу процесін интенсификациялау есепке алуды, жан-жақты ойластыруды міндеттейді.
Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігінде оқушылардың білімін тексерудің және бағалаудың орны бөлек: олар кейбір кемшілікітердің орнын толықтыруға, оқу материалдарын қайталап өзін-өзі бағалауға үйретеді. Оқытудың беріктігі білімнің негіздерін игеру, іскерлік және дағдылану бойынша анықталады, ол үшін оқу материалдарын ойлы, сабақтастықпен теориялық және іс-тәжірибелік бағытта игеру бекітілсе, қайталанылын пысықталса, екінші жағынан, оны үнемі толықтырып, жаңғырту қажет. Шәкірттердің терең, тиянакты білім алулары үшін, шәкірттердің білім деңгейлеріне қатысты оқу материалдарын жеткізу үшін ұстаз ғылыми, әдістемелік, оқу әдебиетін оқып, оқыту технологияларын игеру керек.
Оқытудың білім беру, дамыту және тәрбиелеу функцияларының
бірлігі арқылы маңызды міңдеттср орындалады: оқушылардың
ғылыми білімдер жүйесі, практикалық іскерлігі және дағдылары дамытылады, ойлау қабілеті мен естері артады.
Ол міндеттерді жүзеге асыру ушін оқу сабақтарын өткізуге дайындалуда педагог нақты білім беру, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |