Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»


Дәстүрлі емес оқыту жүйесінің дидактикалық принциптерінің мәні



бет7/20
Дата11.05.2020
өлшемі144,43 Kb.
#67302
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
ГОТОВ Тайтелі Назерке Дип.Инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми - теориялық негіздері

1.2. Дәстүрлі емес оқыту жүйесінің дидактикалық принциптерінің мәні.

Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына өсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктердың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктерге сүйене отырьш, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.

XVII ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.

И. Т. Песталоцци баланың ақыл-ойын барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.



Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистервегтің әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық" (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. "Жаман" мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді" — деген.

Орыстың ұлы ағартушысы К. Д. Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.

Осылай бола тұрғанмен, "дамыта оқыту" деген терминге көзқарастар мен пікірлер әртүрлі. Себебі "дамыта оқыту" ұғымына берілген түсініктер әртүрлі және "дамытпайтын оқыту бола ма? деген сұрақтар жиі қойылады.

Алайда дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, "дамудың соңында жүрсе", ал екінші жағдайда "окыту дамуды өзімен бірге ала жүреді" деген Л. С. Выготскийдің пікірінен көп нәрсе аңғаруға болады. Алғашқыда, оқытудың тиімділігі алынған білімінің көлемімен, сапасымен өлшенсе, соңғыда білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен өлшенеді.

"Дамыта оқыту' деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, A. A. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т.б., іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Галъперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады.

Зерттеулердің мақсаты Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі назар баланың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептер шығаруында болып қалды. Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.

Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары "дамыта оқыту деп — оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму зандылықтарына сәйкестендірілген оқытуды" атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жана құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі — баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелетін, нәтижесінде догмалық ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектепте орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі мұндай адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетті.

Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.

Оқыта отырып дамыту мөселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Оқыту барысында баланың ақыл-ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі больш қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-60 жылдары қолға алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесің мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өpicтeп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді.

Л. С. Выготскийдің теориясы Д. Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғастырылады. Баланың өзін-өзі өзгертуші субъект ретінде дамуына арналған. тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту — дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгергіштігі субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Психологтардың зерттеулері бойынша бала өзінің субъект екенін 2,5-3 жасында-ақ білдіре бастайды екен. Ол оның "Мен" деген категориясының көрінуінен байқалады (өзім ішемін, өзім киемін және т.б. түрінде). Мектепке дейінгі балалық шақтың сонына қарай ол әртүрлі әрекетті өзі орындауға деген талпыныстарын жасайды. Бұл түрлі рольдік ойындарға қатысуда айқын байқала бастайды. Еркін ойлап, өзін еркін сезіну оның жекелік қасиеттерін әрі қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.

Ал мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала оқу бағдарламаларынын талаптарын орындау, мектептің ішкі тәртібін сақтау, үлкендердің айтқандарын екі етпеу сияқты катаң ережелер шеңберіне түседі. Енді оның субъектілік белгілерінің даму мүмкіндігі азая береді. Өйткені дәстүрлі мектептің максаттарын шешу үшін мұғалімнің айтқанын дұрыс тыңдап, тура сол түрде қайта айтып беру, тапсырманы қатесіз орындау жеткілікті. Белгілі үлгіден ауытқу, басқа шешім іздеу талап етіле бермейді.

Дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин — В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет