Диплом жұмысы 5В060200 «Информатика»



бет7/18
Дата09.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#110549
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
602-61 Тұрганбаев Зұлпыхар

Жариялау және қасиеттер. CSS стильдер кестесінде жариялау қасиет идендификаторы, : (қос нүкте) символы және қасиеттің мәнінен тұрады. Егер селекторда бірнеше жариялау қатары кездессе, онда олардың арасына ; (нүктелі үтір) символы жазылады.

Қасиет идентификаторының мәні ретінде кез келген белгі алынады. Қасиет мәнінің ішінде қарапайым, тік және фигуралық жақшалар, сонымен қатар тырнақша және қос тырнақша символдары тек қана жұбымен және біріне-бірі кіретіндей жазылуы тиіс. Егер нүктелі үтір қатарға жатпаса, онда ол бэкслэш символымен бірге жазылады.

Мәндер синтаксисі әрбір қасиет үшін бөлек анықталады. Жалпы, мәндер идентификаторлардан, қатарлардан, сандардан, түстерден т.б. құралады.

Мысалы:


tizim {

font-family : "Times New Roman", serif;

font-size : 14 pt;

color : "#000080";

font-style : normal;

}
Көрсетілген мысалда «font-family», «font-size», «color», «font-style» - қасиет идентификаторлары, ал «"Times New Roman", serif», «14 pt», «"#000080», «normal» - мәндері.

Селекторлардағы жариялауларды біріктірмей бөлек жазуға да болады. Онда селектордың идентификаторы әр қатарда жазылуы тиіс.

Мысалы: Төменде берілген ереже

tizim {

font-family : "Times New Roman", serif;

font-size : 14 pt;

}
мына ережелерге эквивалент


tizim {font-family : "Times New Roman", serif}

tizim {font-size : 14 pt }


Түсініктеме. CSS стильдер кестесінде түсініктеме /* және */ символдары арасына жазылады. Түсініктемені кез келген жерде жазуға болады.

Мысалы: /* CSS технологиясы түсініктемесі*/


Түсініктемені SGML стилінде, яғни символдары арасында да беруге болады. Бірақта олардың қолдану аясы шектелеген (әдетте HTML 3.2-ден төменгі версияларда).

Синтаксистік талдаудың қателерін өңдеу ережесі. Егер CSS стильдер кестесінде қателер табылса, онда тұтынушы агенті оларды өңдеуі қажет. Бұл жерде өңдеу дегенде қатесі бар стильді синтаксистік талдаудан өткізіп, оның басы мен аяғын тауып, стильді осы қатесі бар өрнегін тұтынушы агенті орындамауын айтамыз.

CSS стильдер кестесінің келесі версияларында жаңа қасиеттер мен олардың мәндері енгізілуі мүмкін деп тұтынушы агенті келесі ережелерді өңдеуі тиіс:

а) Белгісіз қасиет. Тұтынушы агенті белгісіз қасиетпен берілген жариялауды өңдемеуі қажет.

Мысалы: Стильдер кестесі берілсін (rotation : 70 minutes – қасиет қате берілген):

ukgu {color : blue; rotation : 70 minutes}
Тұтынушы агенті стильдер кестесі төменде берілгендей етіп өңдейді:

ukgu {color : blue}


ә) Қасиеттің мүмкін емес мәні. Тұтынушы агенті мүмкін емес мән кездесетін жариялауды өңдемеуі қажет.

Мысалы: Стильдер кестесі берілсін:

img {float : lefеt} /* lefеt мәні қате берілген */

img {background : "blue"} /* blue кілт сөзі қос тырнақша ішіне жазылған */


б) Malformed жариялау. Тұтынушы агенті синтаксистік талдау нәтижесінде кездесетін күтілмеген белгілерді, (), [], {}, "", және '' символдарының жұп келмеуі т.с.с. қателерді мүмкін болса қалпына келтіруі қажет.

Мысалы: Стильдер кестесі берілсін:

ukgu {color : blue; color } /* қос нүкте символы және мәні берілмеген */

ukgu {color : }blue} /* фигуралық жақша - күтілмеген белгі */


в) Күтілмеген аt-ережелер. Тұтынушы агенті күтілмеген аt-ережелерді нүктелі үтір символы кездескенше немесе келесі құрылымдық бөлім біткенше өңдемеуі қажет.

Мысалы: Стильдер кестесі берілсін:

@tree-md

{

@import "tizim.css";



ukgu {color: red}

}

ukgu {color: blue}


Көрсетілген мысалда @tree-md деген аt-ереже CSS 2.1-де анықталмаған, сондықтан келесі құрылымдық бөлім өңделмейді, тұтынушы агенті берілген стильдер кестесін төмендегідей етіп қысқартады:
ukgu {color: blue}
г) Күтілмеген стильдер кестесінің соңы. Тұтынушы агенті барлық аяқталмаған құрылымдық бөлімдерді (бөлімдер, жақшалар, қатарлар) жабуы қажет.

Мысалы: Берілген стильдер кестесі

@media screen

{

h1 : before {content: 'Шымкент /* стильдер кестесі аяқталмаған */


төмендегідей орындалады:

@media screen

{

h1 : before {content: 'Шымкент';}



}

д) Күтілмеген қатардың соңы. Тұтынушы агенті барлық ашық қатарларды жабуы, сосын осы құрылымды (жариялау, ереже) өңдемеуі қажет.

Мысалы: Берілген стильдер кестесі

p1 {


color : maroon;

font-family : 'Times New Roman /* нүктелі үтір қойылмаған */

color : red;

color : olive;

}
төмендегідей орындалады:

p1 { color: maroon; color: olive; }

Көрсетілген мысалда «font-family : 'Times New Roman» қатары нүктелі үтір қойылмағандықтан орындалмайды. Келесі «color:red;» қатарында қате жоқ, бірақта қатардан алдыңғы нүктелі үтір жоқ болғандықтан орындалмайды (синтаксистік қате).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет