Диплом жұмысы 5В060200 «Информатика»



бет8/18
Дата09.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#110549
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
602-61 Тұрганбаев Зұлпыхар

Бүтін және нақты сандар. CSS стильдер кестесінде қасиеттердің мәндерінің типі бүтін (<бүтін> деп белгіленеді) немесе нақты (<сан> деп белгіленеді) сандармен өрнектеледі. Бүтін және нақты сандар тек қана ондық санақ жүйесінде анықталған. Бүтін сан бір немесе бірнеше «0» ден «9»-ға дейінгі цифрлерден тұрады. Нақты сан бүтін және бөлшек бөліктерден құралады. Олардың арасына . (нүкте) қойылып жазылады. Көптеген қасиеттер тек қана оң таңбалы сандарды ғана қабылдайды. Кейбір жағдайда бүтін және нақты сандар алдына «-» немесе «+» таңбалары жазылуы мүмкін.

Ұзындықтың өлшем бірліктері. CSS стильдер кестесінде ұзындықтың өлшем бірліктері көлденең және тік өлшемдерді анықтауда қолданылады. Өлшем форматы (<ұзындық>) төмендегідей: <сан>, өлшем бірлігі идентификаторы (px, em, ex). Егер мән нольге тең болса өлшем бірлігі жазылмайды.

Кейбір қасиеттер сол таңбалы мәндерді қолдануға да рұқсат береді, бірақта оларды іс жүзінде пайдалану техникалық құрылғылармен қарама-қайшылықтарға әкелуі мүмкін. Ондай жағдайда тұтынушы агенті стильді өңдемейді.

Ұзындықтың өлшем бірліктері екі түрге бөлінеді:


  • салыстырмалы

  • абсолют

Салыстырмалы өлшем бірліктері ұзындық мәнін басқа ұзындық қасиетіне салыстыра отырып анықтайды. Әдетте мұндай бірліктер бір типті құрылғыдан екіншісіне өтуде баптау жеңіл болу үшін қолданылады. Мысалы, монитор экранынан принтерге өткізу.

Салыстырмалы өлшем бірліктері:


  • em/* сәйкес шрифттің 'font-size' қасиеті */

  • ex/* сәйкес шрифттің 'x-height' қасиеті */

  • px/* сәйкес құрылғының пикселі */

а) «em» өлшем бірлігінің мәні ағымдағы шрифттің 'font-size' қасиетінің мәніне сәйкес анықталады. Ол көлденең және тік өлшемдерде қолданылады.

Мысалы: Стильдер кестесі берілсін:

h1 { line-height: 1.2em }


Көрсетілген мысалда h1 селекторы шрифтінің биіктігі ағымдағы шрифттің биіктігінен 20% ұзын болуы тиіс.
ә) «ex» өлшем бірлігінің мәні ағымдағы шрифттің бас «х» әрпінің мәнімен анықталады. Бірақта ағымдағы шрифтте «х» әрпі болмаса да анықталуы тиіс.

Шрифттің «x-height» мәнін анықтаудың бірнеше әдісі бар. Әдетте шрифттердің сенімді «x-height» метрикасы болады. Егер ол болмаса, онда тұтынушы агенті шрифттің бас әріптерінің биіктігіне сәйкес анықтайды.

Мысалы:

h1 { margin: 1ex }


б) «рx» өлшем бірлігінің мәні ағымдағы құрылғының (монитор, принтер т.б.) пикселімен анықталады. Әдетте ол монитордың рұқсат берілген мүмкіндігін анықтау үшін қолданылады.
Абсолют өлшем бірліктері құрылғының физикалық параметрлері белгілі болғанда қолданылады.

Абсолют өлшем бірліктері:



  • in /* дюйм – 1 дюйм 2,54 сантиметрге тең */

  • cm/* сантиметр */

  • mm/* миллиметр */

  • pt /* нүкте – 1 нүкте 1/72 дюймге тең */

  • pc /* пика – 1 пика 12 нүктеге тең */

Мысалы:


h1 { margin: 0.5in } /* дюйм */

h2 { line-height: 3cm } /* сантиметр */

h3 { word-spacing: 4mm } /* миллиметр */

h4 { font-size: 12pt } /* нүкте */

h5 { font-size: 1pc } /* пика */
Пайыздық мәндер. CSS стильдер кестесінде кейбір қасиеттердің мәні пайыз түрінде де анықталады. Пайыздық мәннің форматы:

<пайыз> : <сан>%
Пайыздық өлшем бірліктері мәндерін басқа қасиеттің ағымдағы мәніне сәйкес пайызбен анықтайды.

Мысалы:


p { line-height: 120% }
URI-мән. CSS 2.1 спецификациясында URI-мән (Uniform Resource Identificator) деп белгіленеді. Қасиеттерге URI-мәнді меншіктеуде «url()» құрылымында қажетті URL-адрес (Uniform Resource Locator – Ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) көрсетіледі.

Мысалы:


body { background: url ("http://www.ukgu.kz/logo.gif") }
Түстер. CSS стильдер кестесінде түсті анықтауда түстердің RGB (red, green, blue) моделінен пайдаланып, түстің ағылшынша атын немесе он алтылық санақ жүйесіндегі мәнін береміз. Түс red-қызыл, green-жасыл, blue-көк үш бояудың араласуынан тұрады. Араласу мөлшері он алтылық сан 00-ден басталып FF-санымен аяқталады. Он алтылық сан алдына # символы жазылады (сурет 1)

Сурет 1 - Негізгі түстер кестесі

Мысалы:


fon {

background-color: "#e0e0e0";

font-family: "Times New Roman";

font-size: 12 pt;

color: "#000080";

}
Көрсетілген мысалда монитор экранының фоны "#e0e0e0" түсімен, ал шрифт "#000080" (тоқ көк) түсімен берілген.


Жалпы, RGB форматында мәндерді үш түрде беруге болады:

  • он алтылық санақ жүйесі;

  • ондық санақ жүйесі;

  • пайыздық.

Ондық санақ жүйесінде 0-ден 255-ке дейінге сандар қолданылады (он алтылық санақ жүйесінде 00-ден FF-дейін). Пайыздық жүйеде 255 санына 100% сәйкес келеді, яғни RGB (255, 255, 255) немесе RGB (100%, 100%, 100%) ақ түсті береді.

Мысалы:

em { color : rgb (255,0,0) }

em { color : rgb (100%, 0%, 0%)}
CSS стильдер кестесін ұсыну. CSS стильдер кестесі символдардың әмбебап тобынан тұрады (ISO 10646). Бұл символдарды тасымалдау және сақтау үшін, оларды ASCII символдарын қолдайтын кодтау жүйелеріне ауыстыру қажет (мысалы, UTF-8, Windows-1251).

Егер стильдер кестесі басқа құжатқа енгізілетін болса, мысалы, HTML-құжаттың «style» атрибуты, онда стильдер кестесі осы құжатта қолданылған кодтау жүйесінен пайдаланады.

Егер стильдер кестесі жеке файлда сақталса, онда тұтынушы агенті символдарды кодтау жүйесін анықтаудың келесі приоритетін қолдануы тиіс (жоғарыдан төменге):


  • «charset» HTTP-параметрінің «Content-Type» өрісі (немесе басқа хаттамадағы сәйкес параметр)

  • @charset

  • немесе сілтеменің басқа метадеректері

  • құжаттан немесе стильдер кестесінен алынған символдар тобы

@charset ережесін қолданушылар, ережені стильдер кестесінің басына орналастыруы тиіс. «@charset» ережесінен кейін символдарды кодтау жүйесінің атауы тырнақша ішіне жазылады.

Мысалы:
@charset " Windows-1251";
Тұтынушы агенті стильдер кестесінің басында келмеген кез келген @charset ережесін қабылдамауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет