Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемд ер



бет3/3
Дата07.05.2017
өлшемі0,5 Mb.
#15990
түріДиплом
1   2   3

Белгілі жақты сөйлем

1. Ал, шырақ, құрғақ әңгіме болмасын, болмасын, іске кірісейік /Ғ. Мұстафин/

2. - Шіркін, Абай-ай ақынсың-ау /М.Ә/.

3. Біресе ел жайын, біресе жер жайын әңгемелеп, құлақ құрышын қандырды. /Ғ. Мұстафин/.

Жалпылама жақты сөйлем.

1. Ауру емес, жын емес,

Мінезді қайтіп жазамыз. /М/.

2. Арыңды жасыңнан сақта

3.Сұрай-сұрай мекені де табады. /М/.

Мысалдардың байқағанымыздай, баяндауыш формасы белгілі бір жақта тұрғанымен, белгілі жақты сөйлемдердің субъектісі нақты болса, жалпылама жақты сөйлемдерде айтылған ой үш жақта үшеуіне де қатысты ортақ сипат алған.

ә) Жалпылама жақты сөйлемдердің белгісіз жақты сөйлем мен жалпылама жақты сөйлемнің арасы ажыратылмай, өз мәнінде зерттелмей келді.

Оған мысал ретінде Ғ. Мадинаның төмендегі пікірін келтіруге болады:

«Сөйтіп мағына жағына бір сарындас болып келетіндіктен, бұл сөйлемдерді сөйлемнің бір типіне жатқызу керек те, жасалу жолына қарай ажырату керек. Жалпылауыш жақты, белгісіз жақты деп бөлу таза мағынамен байланысты жасалады. Ал қазақ тілі сөйлемдері үшін ондай мағыналық айырмашылық жоқ болғандықтан, бір терминді атау, яғни /белгісіз жақты сөйлемдер/ деген терминді қалдырған дұрыс - дейді. /11;58-59/.

Бұл жерде автордың аталған сөйлемдердің ұқсас жақтарына көп мән бергенін байқаймыз.

Қазақ тіл білімінде белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдерді өз алдына жеке сөйлем типтері ретінде қарағандар - М. Балақаев пен Ж. Садуақасов.

Әсіресе Ж. Садуақасов аталған сөйлемдерді бөліп көрсетудің теориялық негізіне көп мән береді.

М. Балақаев белгісіз жақты сөйлемге ІІІ жақтық жалғауда келіп, іс-әрекет иесі кім екені белгісіз болатын сөйлемді; ал жалпылама жақты сөйлемге баяндауышы ІІ жақтың жалғауда келіп, мағынасы үш жаққа да бірдей, ортақ болып келетін сөйлемнің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, жалпылама жақты сөйлемдердің ІІ жақ қана емес, І,ІІ,ІІІ жақ тұлғаларынан да жасалатынан көрсетеді. /25;188; 26;69/.

Мысалы: Ол кезде көмірді қауғамен тартатын /Ғ. Мұстафин/.



Еңбек ет те, міндет ет /мақал/.

Берілген екі сөйлемнің ұқсастығы сол-қимыл иесі субъект лексикалық жолмен берілмеген, бірақ сөйлемде айтылған ойдың иесі қимылды атқарушы бар екенін сөйлем мазмұнына белгілі болып тұр.

Айырмашылығы - сол субъектінің қимылға қатысында. Алғашқы сөйлемдегі қимыл иесі нақты болмаса да /белгісіз/ белгісіз болса да бар, қимылға тек сол ІІІ жақтың субъекті / не субъектілер/ қатысының жоқтығы сөйлем семантикасынан айқын байқалады.

Ал екінші сөйлемдегі субъектінің ролі басқаша. Мұнда сөйлемдегі берілген ой тек ІІ жақтық субъектігеде бағытталады.


Жалпылама жақты сөйлемнің жасалу жолдары

Жалпылама жақты сөйлемдерді бір құрамды сөйлемнің жеке типі ретінде тану үшін оның жасалу жолдарын айқындаған жөн. Осы тұста орыс тіл білімінде болсын, туркологияда болсын пікір алалықтары кездескенімен, олардың барлығы дерлік аталған сөйлем баяндауышының ІІ жақтық жіктік жалғауында келетін дұрыс көрсетеді. Ал қазақ тіл білімінде М. Балақаев, А. Әбілқаев сынды ғалымдар оның тек ІІ жақ арқылы жасалатынына мысал келтірумен шектелсе, Ж. Садуақасов оның сирек те болса І,ІІІ жақтарда кездесетінін дұрыс көрсетеді. Жалпылама жақты сөйлемдер қай жақ тұлғасы арқылы жасалмасын, сөйлемде айтылған ой үш жаққа да ортақ сипатқа ие болады.



І. ІІ жақ тұлғасындағы жалпылама жақты сөйлемдер

ІІ жақтық жіктік жалғауы жалпылама жақты сөйлемдердің негізгі грамматикалық тұлғасы екенін жоғарыда айттық. Бұл жақтың семантикалық ерекшелігіне де байланысты. Айтушы жақ өз ойын тыңдаушы жаққа /ІІжаққа/ бір іске өзінің де, өзгенің де қатысын білдіре алады.

Мысалы:

1) Соғыс майданында кездескен одан қатаң адамды көрмейсің. /Қ. Қайсенов



2) Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың,

Бақсыға барсаң, қағынып қайтарсың. /Мақал/

ә) Бас мүшесі күрделі құрылымда келген жалпылама жақты сөйлемдер негізгі және көмекші етістіктердің тіркесінен тұратын күрделі етістіктерден жасалады:

Мысалы:


1) Алғаш көрген адамның сөзіне

Қалай сене қоярсың. /Ш. Құмарова/

б) тіршілік заңы қатал, оны тек көз

жасымен жібіте алмайсың. /Д. Исабекова/

б) Жалпылама жақты сөйлемнің бас мүшесі бұйрық райлы етістіктен де жасалады.

1) ІІ жақты бұйрық райлы етістіктің дара күйінен жасалған жалпылама жақты сөйлемдер:

1. Күшіңе сенбе, ісіңе сен /Мақал/

2. Жаны жақсы ағаның

Етегін баспа, жолын қу.

Болайын деген балының

Бетін қақпа, белін бу. /Мақал/.
3. Жол, құйрығы қаба деп

Жабыдан айғыр салмаңыз.

Қалың малың арзан деп

Жаман қатып алмаңыз. /Бұхар жырау/

2) ІІ жақтың бұйрық райлы күрделі сөздерден жасалған жалпылама жақты сөйлемдер:

1. Ал осыдан кейін мықты болсаң, тырыспай көр. /С. Асылбеков/

2. Асты көрсең, қадір тұт.

Досты көрсең, әділ тұт. /Мақал/

Мұндайда сөйлем баяндаушы етістіктердің өзара тіркесуі арқылы да /тырыспай көр/, есім сөзге бұйрық райлы етістіктердің тіркесуі арқылы да /Қадір тұт, әділ тұт/ жасалады.
І жақ тұлғасындағы жалпылама жақты сөйлемдер

Жалпылама жақты сөйлем І жақта да жасалады. Осы көзқарастағы ғалымдардың пікірінше, көбінесе жақтың жалғаудың көпше түрі осындай сөйлем жасауға бейім тәрізді.

Көбіне үндеу, біресе қимыл жасауға шақыру мағынасында қолданылады.

Қазақ тілінде көптік қана жекеше формада келген, мақал-мәтел мен афоризмдерге де осы құбылыс тән.

Бұлар негізінен ашық райлы формада келеді. Бірақ жақ жағынан да жалпыланған болады. Сөйтіп, мынандай мысалдарды жалпылама жақты деп есептеуге болады.

1. Мұнан да жаман күнімде тойға барғанмын. /Мақал/

2. Батырсыған жігітті

Жау келгенде көреміз.

Менменсіген жігітті

Дау келгенде көреміз. /Мақал/



ІІІ жақ тұлғасындағы жалпылама жақты сөйлемдер

Жалпылама жақтық мағына мақал-мәтелдердің, афоризмдердің ІІІ жақтық формалары арқылы да жасалады.

Мысалы:

1. Досыңмен көп сөйлеспе,



Жолыңнан қалдырады.

2. Дұшпаныңмен көп сөйлеспе,

Сағыңды сындырады. /Мақал/

3. Көре-көре көсем болады.

Сөйлей-сөйлей шешен болады. /Мақал/

4. Сұрай-сұрай Мекені де табылады.

Осы тәрізді мақалдардың ІІ жақ формасында қолданылуда да жиі кездеседі. Және олар осы қолданыстарында үш жаққа да тән іс-әрекетті көрсететіні айқын байқалады.

Көре-көре көсем боласың, Досыңмен көп сөйлеспе, Жолыңнан қаласың. Дұшпаныңмен көп сөйлеспе, сағыңды сындыраың/. Ал енді мына мысалдардан ондай ерекшеліктерді байқауға болмайды. Сондықтан бұларды белгілі жақты деп есептеген орынды /ІІ компонентің/.

Мысалы Ақымақты тыңдасаң, ішкен-жегенін айтады.

Ақылдыны тыңдасаң, көрген-білгенін айтады.

ІІ жақтың белгілі жақты сөйлемдер көбіне контексте тәуелді болуымен ерекшеленеді.

Міне, жоғарыда аталған бас мүшелерінің жасалу ерекшеліктері мен семантикалық сипаттары жалпылама жақты сөйлемді бір құрамды сөйлемдердің жеке бір типтік түрі ретінде тануға мүмкіндік береді.


Жалпылама жақты сөйлемдердің бас мүшесінің жасалуы.

Баяндауыш жақ формасы

1. Ашық райлы ІІ жақ тұлғасы

Мысалы: Ер қадірін іс түскенде білерсің.

Етік қадірін қыс түскенде білерсің. /Мақал/

2. Бұйрық райлы ІІ жақ тұлғасы

Мақтанып жүрме

Сақтанып жүр. /Мақал/

3. І жақ тұлғасы

Қысыла-қысыла қыз болдым /Мақал/

4. ІІІ жақ тұлғасы

Ашуланса, көшке берген тайлығын алсын /Мақал/.


2.6. Ауыспалы жақты сөйлемдер

Жақты сөйлемнің ауыспалы деген түрі қазақ тіл танушыларының көпшілігінің назарынан тыс қалып келеді. Алайда аталған сөйлемнің түркі тілдеріне тән екендігін өткен ғасырда М. Казембек көрсетіп кеткен болатын: «Третье лицо личного и притяжательного местоимения в разговоре из учтивости часто заменяет второе лицо», десе /27;350-351/. А. Коклянова мұндай фактінің өзбек тілінде де бар екенін: «...подлежащее опускается при сказуемом, выраженном повелительной формой глагола. Сама форма указывает и подчеркивает просьбу, повеление, а не лицо, к которому относятся просьба и повеление», - дей отырып:

Иброхим /домлага чой тутади/ - Олсинлар. /Яшин П./

«Ибрагим /подносит домле чай/ - Возьмите/ досл. «пусть возьмут» /немесе «Эй, домла, садитесь, пожалуйста»/досл. «пусть сядут»/.

Эй, домла, қани-қани, мархабат утирсинлар /Яшин П./ - деген мысалдарды келтіре отырып, сөйлем баяндауыштарының ІІІ жақ көпше түрдегі етістіктерден жасалғанымен, сөйлемдегі қимыл ІІ жаққа арналғанын тілдік фактімен дәлелдеп көрсетеді. /28-85/.

Ауыспалы жақты сөйлем қазақ тілінде тек А. Әбілқаевта ғана аталып өтеді. /13,22/.

Шындығына, ауыспалы жақты сөйлем - өзіне тән семантика-грамматикалық ерекшелігі бар жақты сөйлемнің бір түрі. Белгілі бір ұқсас жақтары болғанымен белгісіз жақты сөйлемнен де, жалпылама жақты сөйлемнен де ерекшеленеді. Ол ерекшелік баяндауыштың грамматикалық тұлғасы мен сөйлемдегі ойға субъектінің катысынан көрінеді. Дәлірек айтсақ, баяндауыш формасы белгілі бір жақта тұрғанымен, сөйлемдегі ой белгісі бір жақта ғана /үш жаққа бірдей емес/ қатысты болады.

Мысалы:


Ай, Сапар-ай, осы әдетімізді қашан қояр екенбіз?

Сөйлем баяндауышы І жақ көпше түрде тұрғанымен, сөйлемдегі ой тек ІІ жаққа арналып тұр. /қашан қоясың деген мағынада/.

Ал бұл типті сөйлемге айтушының өзінің /Іжақ/ не бөгде жақтың /ІІІ/ қатысы бар деу күмән туғызады.

Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдерді зерттеп жүрген Ж. Садуақасов мұндай сөйлемдерді жалпылама жақты сөйлемдердің аясында қарастырады. Автордың келтірген:



Ал, мықты болсаң, осыдан кейін тырыспай көр. Күйіп бара жатсаң, қалай сыпайы боларсың /С.Асылбеков/.Уа, Албанның баласы, неге жиналдың, басыңа күн туған соң жиналдың? Ұзынды күні бір ауыз сөз айтпай, ұйлығып отырамысың, түге?! /М. Әуезов/. - деген мысалдары жалпылама жақты сөйлемге жатады деу қиын /19;130-139/.Сөйлемдер баяндауышы ІІ жақ тұлғасында келгенімен, сөйлемдегі ой тек ІІ жаққа немесе үш жаққа ортақ сипат алған деуге болмайды.

Алғашқы екі сөйлемде баяндалған іс-әрекет тек қана айтушыға /дәлірек айтсақ, І жаққа ғана/, ал соңғы сөйлемдегі ой І және ІІ жақтарға арналған, бұған ІІІ жақтың /олардың/ қатысы жоқ екені сөйлем семантикасынан аңғарылады.

Жалпылама жақты сөйлемнен ажырату үшін ауыспалы жақты сөйлемнің жасалу жолдарына бөліп көрсетуді жөн көрдік:

1) баяндауыш тұлғасы І көпше түрде келгенімен, сөйлемдегі ой І жақ жекеше формасында қолданылады:

Мысалы: Біз бұл жұмысымызда мына мәселеге тоқталмақпыз. Ғылыми стильге тән мұндай құрылымда субъекті І ғана адам болу мүмкіндігі белгілі жайт.

2) Сөйлем баяндауышы І жақ көпше түрде, тұрса да, сөйлемдегі ой ІІ жаққа /жекеше, көпше/ бағытталуы мүмкін:

Әй, балалар-ай, үлкендерді алдауды қашан қоямыз осы?

3) Баяндауышы формасы ІІ жақта /анайы, сыпайы/ тұрғанымен, сөйлемдегі ой І жаққа бағытталады.



- Көргенімді айтсам, жүріп отырып ең түпкі бөлмеге кірдім. Қараңғылығы соншалық - еш нәрсені түстеп көре алмайсың.

4) Баяндауыш формасы ІІІ жақта тұрғанымен, сөйлемдегі ойға І және ІІ жақтық субъектілер қатысты болады.



- Жақан-ай, былтырғыдай көлге барып, балық аулар ма еді, шіркін!

Ауыспалы жақты сөйлемнің жалпылама жақты сөйлемнен негізгі ерекшелігі - сөйлемде баяндалған ойға үш жақтың ба бірдей қатысты болмай, тек /І мен ІІ немесе ІІ мен ІІІ жақтар/ қатысты болуында. Ал жалпылама жақты сөйлемде баяндалған іс-әрекет, ой үш жаққа бірдей жалпылық сипат алуымен ерекшеленетінін ескеруіміз қажет.



Қорытынды

Тіліміздегі бір құамды сөйлемдер – өзіндік құрылымдық-семантикалық ерекшелігі бар жай сөйлемнің бір түрі. Ғ. Мадина қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдерді зерттесе, Ж. Сәдуақасов бір құрамды сөйлемдерді, А. Шойбекова сөз-сөйлемдерді арнайы зерттеді.

Бір құрамды сөйлем деп бір ғана бас мүшелі предикативтік құрылымда келіп, синтаксистік құрылымы жағынан екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз.

Оның қазақ тіліндегі зерттелеу жайы әлі де айқындай түсуді қажет ететін жайттардың бар екенін көрсетеді.

Жақты сөйлемнің өзге түрлерімен арақатынасы, баяндауышының жасалу жолдары т.б.

Белгілі жақты сөйлемде іс-қимыл нақты субъектіге бағытталады. Негізінен, әсіресе, бас мүшесі ІІІ жақта келген түрі контексте тәуелділігімен ерекшеленеді.

Жалпылама жақты сөйлемнің ең басты ерекшелігі - бас мүше білдіретін жақтық абстракцияланып, үш жаққа да ортақ сипат алуында. Бұл - оны жақты сөйлемнің өзге түрлерінен ажырататын басты белгісі.

Белгісіз жақты сөйлемде іс-қимыл әйтеуір бір субъект арқылы орындалғаны байқалады, мұнда жалпылама жақты сөйлемдердей үш жаққа да ортақ әрекетті білдіру сипаты жоқ.

Жалпылама жақты сөйлемдердің ауыспалы жақты сөйлемге ұқсастығы көп. Өйткені жалпылама жақты сөйлемнің өзі бас мүшені жасап тұрған жақ формасының абстракцияланып, ауыспалы мәнде қолданылуынан қалыптастады. Десе де ауыспалы жақты сөйлемдер білдіретін мағына жалпылама жақты сөйлемдердегідей үш жаққа ортақ сипат алмай, бір ғана жаққа не жақтар тобына бағытталады.

Басты ерекшелігі - бас мүше /предикат/ білдіретін жақтық мән ауыспалы мағынады абстракцияланған, сөйтіп үш жаққа да ортақ мағынаны білдіретін мәнде қолданылуы.

Жалпылама жақты сөйлемдердің бас мүшесі негізінен ашық және бұйрық райдың ІІ жақтың жекеше формасында және кейде І жақтық жекеше және көпше формасында, сирек те болса ІІІ жақта жасалады.

Сонымен, бір құрамды сөйлемдер жөнінде жоғарыдағы келтірілген фактілер мен талдау мынадай тұжырым жасауға негіз болады.

Тіліміздегі бір құрамды сөйлемдер - жақты сөйлемнің өзге түрлері секілді тілдік экономия заңының нәтижесінде туындаған, бастауыштың түсірілуі нәтижесінде баяндауыш мүшеге негізделген сөйлем типі.

Зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде төмендегі кестені ұсынамыз:



Бір құрамды сөйлемнің түрлері

Бір құрамды сөйлем түрлері

ұқсастығы

Негізгі белгісі

мысалдар

Жақсыз сөйлем

субъект
нақты


лексикалық
сөзбен

берілмейді




Грамматикалық бастауышы болмайды

Оған сенуге болмайды (С.С.).

Жалпылама жақты сөйлем

Үш жаққа да қатысты ой баяндалады

Жақсыдан үйрен, жаман-жирен/мақал/

Белгісіз жақты сөйлем

Белгісіз бір субъект арқылы орындалған ой баяндалады.

Оған электр жарығын пайдаланады /С.М./

Ауыспалы жақты сөйлем

Баяндауыш формасында көрсетілген жақтан басқа субъект арқылы орындалар оқиға баяндалады.

Аңқау құрбым-ау, ел сөзіне сене беретін әдеттен қашан құтылар екенбіз?

Белгілі жақты сөйлем

Сөйлемдегі ой баяндауыш формасында көрсетілген жақ арқылы орындалады.

Аттың басын тежей бердім. /Б.М./

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Шахматов А.А. Синтаксис русского языка. Л., 1941.

2. Расулов И. Односоставные предложения в современном узбекском литературном языке. АДД. Ташкент,1973.

3. Виноградов В.В. Грамматика русского языка. М., 1960.

4. Закиев М. З. Синтаксический строй атарского языка. Казань, 1963.

5. Ахматов И. Главные члены предложения. Нальчик, 1978.

6. Кунаа А.Ч. Простое предложение современного тувинского языка. Кызыл, 1970.

7. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілінің қысқаша курсы /2-басылымы/ А.:1994.

8. Жиенбаев С. Синтаксис мәселері. А.:1954.

9. Қазақ тілі грамматикасы. А.:1954.

11. Мадина Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. А.:1959

12. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. А.1959.

13. Әбілқаев Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. А.:1963

14. Төлегенов О. Жалпы модальды және мақсат мәнді жай сөйлем топтары. А.: 1968.

15. Балақаев М. «Қазіргі қазақ тілі». Синтаксис. А.:1992ж.

16. Сәдуақасов Ж. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер. А.: 1996ж.

17. Балақаев М., Сайрамбаев Т. «Қазіргі қазақ тілі». А.:1997.

18. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1998.

19. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

20. Пешковский А.М. Русский синтаксис в научном освещений. М.:1956.

21. Белошапкова В. Современный русский язык. М.:1992.

22. Розенталь Д.Э., Теленкова М.А. Словарь-справочник у лингвистических терминов М.:1983

23. Валгина Н.С. Современный русский язык М.:1961

23. Севортян Э.В. О некоторых вопросах структуры предложения в тюркских языках. В кн. Исследования по сравнительной грамматике тюрских языков. Синтаксис. М: 1961г.

24. Тойчубекова Б. Односоставные предложения в киргизском литературном языке. АДД. А. 1994г

25. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. А.:1996.

26. Садуақасов Ж. Белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдер. Қазақ тілі мен әдебиеті. №4-5, А.:1996.



27. Казем-Бек. Общая грамматика турецко-татарского языка. Казань, 1846.

28. Коклянова А.А. Нормы согласования в узбекском языке. В кн. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. ІІІ Синтаксис,М.:1961

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет