Диплом жұмысы Бастауыш мектепте зат есімді оқыту



бет3/6
Дата11.07.2017
өлшемі0,87 Mb.
#21051
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

14

б) Қос сөз- \

в) Қосалқы сөз

г) Қосымшалар

Сөз мағынасына қара тоғыз топқа бөледі.


  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Сан есім

  4. Есімдік

  5. Етістік

Есімдеуіш атау сөздер


  1. Үстеу (үстеуіш)

  2. Демеу (демеуіш)

  3. Жалғау (жалғауыш)

  4. Одағай (еліктеуіш, лептеуіш)

Шылау сөздер

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1946), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1957), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1939), тағы басқа секілді қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан еңбектері мен мақалалары бар.

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1949) жылы шыққан атты еңбегін үлкен-үлкен екі тараудан тұрады.

Бірінші тарауы - "Грамматика оқыту методикасы" деп аталса, екіншісі - "Кітап оқыту методикасы" - деп аталады. С.Жиенбаев сөздің мағынасын жеке тұлғада емес, басқа сөздермен байланысқа түскен жағдайларда ғана өз мағынасын береді, - деген пікір айтады. "Сөздің мағынасын сөйлем ішінде түрғанда ғана байқалады. Жеке түрғанда бір мағына беретін сөз, сөйлем ішінде басқа мағына беретін тілде көп ұшырасады", - дейді.

Ғ.Бегалиев "Әріп, дыбыс, буын" (1935), "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" (1950) т.б. еңбектері арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесіне өзіндік үлес қосқан бірегей ғалым.

Ғ.Бегалиев "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" (1950) атты еңбегінде грамматиканы оқытуға ерекше тоқатлған. Кітап алты тараудан тұрады:


  1. Оқу-жазуға үйрету методтары;

  2. Жазуға және көркем жазуға үйрету;

3. Оқу сабағына қойылатын міндеттер мен оқыту методтары
туралы;

  1. Грамматика мен емле программасы материалының мазмұны;

  2. Дұрыс жазуға үйрету;

  3. Тіл дамыту.

15

Ғ.Бегалиев "Оқушы қаншалықты пысық тиянақты болмасын - өз ойындағысын ауызша айтып беретіндігідей етіп жазбаша білдіре алмайды, ауызша тиянақты түрде мазмұндай алғанын жазуға келгенде, ауыз екі айтқандағысыдай еркін мазмұндай! алмайды", - деп түбір сөзге жалғанып оған қосымша мән беретін жұрнақтардың мағынасын түсіндіру керек болғанда, сол жұрнақтарды білдіретін 2-3 сөз келтіру керек", - дейді.

Х.Арғынов - бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мәселесіне өзіндік қүнды үлес қосқан ғалым. Оның "2-класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқау" (1970), "Қазақ тілі методикасы" (1974), "Қазақ тілінен 2-классқа арналған дидактикалық материалдар" (1980) т.б. еңбектері бар.

Х.Арғынов, бастауыш сынып оқушылары грамматикасыз ешқандай білімді игере алмайды, тілдің басқа салаларын түсіне алмайды,- дейді. Бастауыш класс оқушылары, оның ішінде 3-ші класс оқушылары, сөздің түбіріне саналы түсінбесе, сөз құрамының басқа салаларын да меңгере алмайды".

Ш.Сарыбаев - қазақ тілінің методикасын қалаған ғалымдардың бірі.

Ш.Сарыбаевтың "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), атты еңбегінде "Бір тақырыпты не бір тақырыпшаны оқыту үшін сол пәннің өзін жақсы білу керек. Оқытантын пәнді көңілдегідей білмей түрып, оны оқытудың методикасына жармасу бос еңбек" - мұғалімнің білімді болуы, көп ізденуі қажет екендегі атап көрсетті.

Аталған еңбегіндле ғалым зат есім, сын есмі, сан есім, үстеу етістік, шылау секілді сөз таптапына тоқталып, өзінің оқыту әдістемесін ұсынады.

И.Қ.¥йықбаев "Қазақ тілі методикасының очерктері" (1962) атты еңбегінде сөз таптарын оқытудыңқажеттілігіне баса назар аударады. Балалардың сөз байлығын молайтуға, тілін жаттықтыруға грамматиканың • орыны ерекше екендігін көрсетеді. "балалардың сөз байлығын көбейтіп тілін жаттықтыру үшін бірнеше сөз беріп, олардан жұрнақтар арқылы жаңа мағыналы сөз жасатып, сол сөздердің кейбіреулерін келтіре, сөйлемдер қүрату керек, сонда оқушылар жұрнақ пен жалғаудың мәнін іс жүзінде анық байқайды."

у - сызу ушы - сызушы сыз ^^^^ - сызылу сызықша сызғыш

М.Балақаев — қазақ тілі білімінде алатын орын ерекше ғалым. М.Балақаевтың қазақ тілін оқыту мәселесені арналған "Бастауыш

16

мектептің екінші сыныбына арналған "Қазақ тілі" байқау оқулығына методикалық нұсқау", "Тіл әдебиеті және қазақ тілін оқыту" т.б. М.Балақаев грамматикалық жаттығуларды іріктеуде мынадай талаптар қояды.



  1. Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс.
    Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз
    тіркесі, сөйлем ішінде алынып талданыладьі.

  2. Екіншіден, әрбәр мысал, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл (стиль)
    жағынан мұлтіксіз әдеби норманы ұстануы тиіс. Ол үшін оқушылар
    дұрыс қүралмаған жасанды мысалдардан аулақ болып, әдеби тілдің
    жақсы үлгілері бойывнша әдеби тілге тән басқа да мысалдар бойынша
    тәрбиеленеді.

  3. Үшіншіден, алынған жаттығу тағы да басқа матераилдар
    құрамынан, керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар,
    сөйлемдер жиі кездесетін болсын

М.Балақаев гармматикалық жаттығулар, бытыраңқы, шашыраңқы болады дей келе "оның себебі - грамматикалық, орфографиялық ережелер белгілі нақты сөдер тұлғалар негізінде емес, абстракцияланған көптеген фактілерді қорыту негізінде жасалады. Баланы соған жетектеу үшін көптеген байқау, жаттығу жұмыстары жүргізілуі тиіс" - деп грамматиканы оқыту арқылы "баянды білімнің белсенді "ойшылы" етіп тәрбиелейтіндігін атап көрсетеді".

Бұлардан бөлек бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне арналған: Х.Арғынов пен Ғ. Сүлейменов "2 - сыныпта каритна бойынша тіл дамытуға арналған көрнекті қүралдарға қосымша ңұсқау" (1965), Х.Арғынов "қазақ тілі программасы мен оқулығын жетілдіру жайында" (1965), Х.Арғынов "Қазақ тілінен 3 - сыныпқа раналған табилицаларға нұсқау" (1967), Ш.Сарыбаев "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), Р.Әміров "1 класта қазақ тілін оқыту" (1962), Р.Әміров, А.Асқарова "2-3 класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқау" (1983), Ш.Сарыбаев "3 класта "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқаулар" (1955), Р.Әміров "1 класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар" (1957), Ә.Садуақасов "Қазақ тілінен методикалық құрал" (1964), Бозжанова К, Әміро Р "бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту" (1964), С.Рахметова "Қазақ тілін оқыту методикасы" (1992), М.Балақаев "Бастауыш мектептік 2 класына арналған "Қазақ тілі" методикалық нүсқау" (1969), Байқуатова "Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту (1997), "Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы" тағы басқа еңбектер жарық көрді.

Мұның барлығы бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне үлес қосқан еңбектер.

17

W. .

меңгерудің психологиялық кезеңдері

Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің белгілі әдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Әсіресе, оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеруі, көбінесе, төмендегідей тізбектен өтетіні анықталған нәрсе:



Грамматика-лык ү-ғымдар-дың жеке белгілерін

байқау


Ол белгі -лердің көп сөздерге ортақ екенін аңғарып, жинақтау

Грамматик -алық ұғым туралы мағлүматты қабылдау

Бұл мағлүмат
ты жеке

белгілерді ажыратқанда пайдалану





Яғни балалардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бүдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым туралы түсінік берген кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір-бірімен салықтыру арықлы эліг белігелерді жинақтауға үмтылады. Ал грамматикалық ұғымды тиісті дәрежеде түсініп болған соң, олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп, қабілданған мағлүматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрету қажет. Бастауыш класс оқушыларының ойлау қызметінің осындай психо=физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бұл кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту барысы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең - түсіндірілетін грамматикалық ұғымның айқын белгілерін балаларға байқату үшін тілдік материалды талдау. Ол кезеңде оқушылар нақтылы сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен қатар, олардың тілдегі ортақ қызметтерін қүолданудағы үқсас белгелірін дерексіз түрде тануды үйретеді. Яғни талдау мен дерексіздендіру (абстракциялау) сияқты ойлау операцияларын меңегреді. Мысалы, бастауыш класс оқушылары қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен II кластағы «Сөз» тарауынна бастап таныса бастайды. Ең алғашқы тақырып - «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер». Бұл тақырыпты меңгеру үшін оқушылар сөздердің лексикалық мағыналарын

18


түсінумен бірге, олардың нені бейнелейтінін дерексіз түрде тануы қажет. Міне, осы дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім сабақта нақтылы заттар туралы әңгіме (сұрақ-жауап) әдісімен бастайды.

  • Балалар мынау не?

  • Өшіргіш.

Тақтаға өшіргіш сөзін жазып қояды, немесе алдын ала дайындап әкелген жазуды көрсетеді.

- Ал, мынау не?

Балалар бу_л сұраққа тағы да «өшіргіш» немесе «өшіргіштің жазуы» деп жауап беруі мүмкін. Мұғалім олардың жауаптырың түзетеді:


  • Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.

  • Мынау не?

  • Кітап.

  • Ал, мынау не?

  • Кітаптын атын білдіретін сөз.

  • Бү_л сөзге қандай сұрақ қоямыз?

  • He? деген сұрақ қоямыз.

Осылайша мұғалім кім? не? деген сұраққа дауап беретін сөздер тобы болатынын балаларға байқатып, олардың ортақ белгілерін дерексіз түрде тануға үйретеді.

Екінші кезең - анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның осы белгілерінің арсындағы өз ара байланысты аңғару, түсіндірілген ұғымның грамматикалық анықтамасымен танысу. Оқушылар бұл кезеңде ойлау процесінің салыстыру және жинақтау сияқты операцйяларын меңгереді. Мысалы. 2- кластағы «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында оқушыларға бірте - бірте адамға қатыста атауларға кім? не? деген сұрақ, жансыз заттар мен құбылыстардың, жан-жануар мен аңдардың атауларына не? деген сұрақ қойылатыны ұғындылады. Содан кейін бү атауларды көпше түрінде кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылатыны түсіндіріледі. Ары қарай кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерге жалғаулар (жіктік, септік, тэуелдік) жалғауы ретінде танылады, т.б.

Бү_л түста аталған тақырыпты меңгертудің мынадай ерекшелігі ескерілуге тиіс: 2-класта оқушылар «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді» 10 сағат оқиды. Берілуге тиіс мағлүматтар мен дағдылардың көлемі де біршама. Сондықтан мұғалім мағлүматтар мен дағдыларды жүйелеп, грамматикалық ұғымның әр бір жаңа белгісі үйретілгеннен қейін оны алдынғы оқылған- материалмен байланыстыра жинақтап отыруы қажет.

Үшінші кезең - грамматикалық ұғымның анықтамасын түсіндіру, ортақ белгілердің мәні мен олардың арасындағы байланысты нақтылай түсу. «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер»



19

тақырыбын оқыту барысында «адамға қатысты сөздерге кім? не? сұрақтары қойылады.» деген анықтаманы толық түсіне бермейді. Олар көбінесе бұл сұрақ кісі аттарына қойылады деп түсінеді. Сондықтан оларға адамға қатысты сөздер деген ұғымды кеңейтіп түсіндіру қажет: кісі аты жөнінде, мамандықты немесе кәсіпті білдіретін сөздерге, туыстықты білдіретін сөздерге, адамға қатысты басқа да атауларға арнайы уақыт бөліп, тоқталған жөн. Бұл оқушылардың таным мен сөздік қорын дамытады, әрі түсіндіріліп жақтан грамматикалық ұғымды жақсы меңгеруге эсер тигізеді.

Төртінші кезең - түсіндірілген грамматикалық ұғымды жаңа тілдік материалдар негізінде пысықтау, берілген білімді жаттығуларорындау арқылы іс жүзінде қолдану; осы тақырып пен басқа да грамматикалық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерту.

Бұл кезеңнің мақсаттары түсіндірілген грамматикалық ұғымды пысықтау жаттығулары арқылы, жинақтау мен қайталау сабақтары барысында, кейінгі тақырыптарды өту кезінде орындалады. Мысалға, «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында түсіндірілген грамматикалық ұғымдар әр түрлі жаттығулар орындату арқылы пысықталады. Оқушылар сөздерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтарды қойып үйренеді. Ал жинақтау мен қайталау сабақтары барысында берілген сөздерді қай сұраққа жауап беретініне байланысты топтап, немесе берілген сұрақтарға сай сөз ойлап жаттығады. Жалғауларды дұрыс, қатесіз қосып жазуға дағдыланады. Сөйлем ішінен атауды білдіретінсөздерді табады. Кейін «He істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер» немесе «Сөйлем» тақырыбын өткенде оқушылар атау сөздер мен қимылды білдіретін сөздерді тіркестіріп, сөйлемді дұрыс қүрауды, сөйтіп, өз ойларын дұрыс айтуды салалы түрде меңгере бастайды. \

Белгілі бір грамматикалық ұғымды оқытудың өз кезеңдері әр класта қайталанып отырады. Себебі бастауыш класта оқытылатын грамматикалық ұғымдар кластан класқа өткен сайын бірте - бірте күрделендіріліп, сабақтастыра берілген.

Тілдің ойлау және қарым - қатынас құралы ретіндегі қолданылуы оның морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты. Адамның сөздік қоры қаншама бай болса да, егенр ол өзі білетін сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып қолдана алмаса, білгеніінің бәрі босқа қалар еді. Сөзден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:



  1. сөз қүрамы;

  2. сөздердің жасалу жолдары;

20

  1. жалғаулардың жалғаны тәртібі;

  2. сөз таптары және олардың қызметі;

  1. әрбір сөз табына жататын сөздердің түрлену және өзгеруі,
    т.б.

Оқушылардың қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен кейінгі кластарда (6-7 кластар) тереңірек танысатыны белгілі. Бірақ бү_л жүйеден қарапайым мағлүматты жоқ бала басьтауыш кластарда меңгеруге тиіс сөйлеу мен жазу дағдыларын мүлде игере алмас еді. Сөзге қосылатын тиісті қосымшаны дү_рыс қоса алмаған оқушы қалай сауатты жазбақ?! Немесе заттың атын бідіретін сөз бен сол заттың сынын, қимылын білдіретін сөздердің бір-бірімен байланысу тәртібінен хабарсыз бала қалайша дұрыс сөйлем құрап, өз ойын анық жеткізе алады?! Ал сөйлеу дағдысы дамымаған баланың ойлау қабілетінің дамуында тежелу болатыны психолог ғалымдар айтып, жазып жүргені де белгілі. Демек, бастауыш кластарда тілдік морфологиялық жүйесінен мағлүмат беру ісі тек жеке пәндік тұрғыдан ғана маңызы емес, бұл — осы кластардағы оқыту процесін-ің табысты болуының кепілі. Сондықтан «бастауыш кластарда оқушының ана тілінің морфологиялық жүйесін міндетті түрде оқыту керек пе?» деген сұрақтың жауабы біреу ғана: - «Иэ, міндетті түрде оқыту қажет. Бірақ қай кластан бастап және қандай дәрежеде мағлүмат беру керек? Міне, бү_л күрделі мәселе...»

Бастауыш кластарда берілетін морфологиялық білім мазмұнын дэл анықтаудың күрделілігі мынада:



  • егер оқушының психо=физиологиялық мүмкіндіктерін
    ескермей, берілетін теориялық ұғымдардың көлемін көбейтіп
    жіберсек, оқытудың ісін ауырлатып алар едік. Әрі бұл таза
    теориялық мағлүматтарды меңгертуге айналып, басты мақат
    балалардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдысын қалыптастыру
    мақсаты кейінге ығыстырылар еді.

  • керісінще, оқушылардың іс жүзілік дағдысын қалыптастыруға
    көп көңіл бөліп, берілетін теориялық білімнің көлемін
    ықшамдайға тырыссақ, онда балалардың сөйлеу және жазу
    дағдысының дамуына нүқсан келер еді. Себебі тілдегі
    заңдылықтарды меңгермей тұрып, дұрыс сөйлей немесе жаза
    білу мүмкін емес.

Демек, бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесінен берілетін теориялық мағлүматтар мен іс жүзілік дағдыларын үйлесімді дэл табу қажет. Әрі бұл үйлесімнің әр кластағы морфологиялық ұғымдардан кейін оқылған «Сөйлем» тарауындағы тақырыптарға да сай келіп отыруы талап етілуге тиіс.

21

III. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту және оны басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту маңызы .

Бастауыш мектепте негізгі сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, шылау оқытылады. Оқушылар сөз таптары олардың лексикалық мағыналары мен сұрақтары және грамматикалық тұлғалары (жалғау - жұрнақтары) арқылы танитын болады. Сөз таптарын танытуға даярлық І-сыныптан басталады. Бұл сыныпта кім? не? кімдер? нелер? не істеді? не қылды? қайтты? қандай? қай? қанша? неше? нешінші? т.б. сұрақтарға жауап беретін сөздермен танысады.

Мүндай сұрақтарға жауап беретін сөздер заттын атын, қимылы, сынын, санын білдіретінін меңгереді. Сөз таптары, негізінен алғанда күрделірек көлемде 3-4 сыныптарда оқытылады. 3 сыныпта «Сөз таптары» деген тақырыпта өтіледі. Аталған сыныптарда сөз таптарынан берелітен мағлүматтар жеңілден ауырға қарай сатылап, бірін-бірі толықтыра береді. 3 сыныпта зат есім (жалқы есім мен жалпы есім, негізгі және туынды зат есімдер, зат есімнің жекеше және көпше түрлері, зат есімнің тэуелденген түрі) сын есім (негізгі және туынды сын есімдер), сан есім (есептік пен реттік сан есімдер), етістік (негізгі және туынды етістіктер, болымсыз етістіктер) өтіледі. Оқушылар сөздердің бас әріппен не кіші әріппен жазылуын жете меңгереді, жұрнақ, жалғану арқылы жаңа сөз жасалуын, жалғаулар арқылы сөздердің түрленуін және өзара бір-бірімен байланысатын біледі, аталған білім негіздері ауызша және жазбаша тіл үзартуға пайдаланатын болады. Бұларға қоса оқушылар сөз формалары, олардың өзгеру, түрлену жолдары жөніндегі білімдерін ІІ-ІІІ сыныптарда сөз таптарын оқумен байланысты тереңдете түседі. Мысалы: II сыныпта зат есімді өтуге орай көпше зат есім жасайтын көптік жалғауларды үйренсе, сын есімді оқығанда зат есім мен етістік туынды сен есім жасайтын жұрнақтармен толысады, ал сан есімді өткенде реттік сан есім жасайтын жұрнақтарды меңгереді. Үшінші сыныпта сан есумді өткенде оқушылардың сөз қүрамы, сөз бөлшектері (морфеемалары) жөніндегі білімдері әлдеқайда үлғаяды. Олар тэуелдік, септік, жіктік жалғауларымен сондай-ақ әр сөз табынан туынды сөз тудыратын сөздерді байланыстыру сөйлем мүшесін жасау жолындағы әр алуан синтаксистік қызметінен аздап болса да, ғылыми мағлүмат алады. Бастауыш сыныптарда сөз таптарынан біршама білім беріледі. Балалар сөз таптарын төмендегі 5 түрлі белгісі бойынша таниды:

Сөздің мәнін, заттың аты, сыны, қимылы туралы және

басқа да мағыналарын үғынады.

Сөздің қандай сұраққа жауап беретінін айырады

Сөздің қалайша өзгеретінін, қандай-қандай категориясы

бар екенін таниды.

22

Сөздің өзіне тән қандай жалғаулары болатынын, олардың көбіне - көп қалай жасалатынын үғынады.

Сынып жоғарлаған сайын сөз таптарын оқыту тереңдей түседі. Бірінші сынып оқушылары сөз таптарынсұраққа сүйеніп, сұрақ қоя жолымен таныса, екінші сыныпта оқушы әр сөз табының өзіне тән лексикалық, грамматикалық жжалпы белгілерімен танысады, яғни сөздер белгілерін, сөйлемдегі қызметін біршама меңгереді. Үшінші сыныпта әр сөз табынің морфологиялық-синтаксистік сипатын түсінеді, демек зат есім немесе сын есімнің септелетіні, етістіктің жақпен өзгеретіні т.б. туралы ұғым алады. Сөздердің дұрыс жазу дағдысына төселеді. Бастауыш сыныптарда сөз таптары бірізділікпен оқытылып үйретіледі, оның өзі тіл кұбылыстарының қандай да болса, өзара үқсастық байланыстыра қарай қарастырылады. Сөз таптарының ішінде есімдер тобына жататын түрлерінің арасындағы үқсастықтар олардың мағыналары мен формалдық белгілерінен танылды. Мысалы: зат есім болса белгілі бір заттың, нәрсенің атауын білдіреді де, сын есім мен сан есім сол заттың өзіне тән айырым белгілерін және сан мөлшерін көрсету үшін зат есімге байланысты пайда болып, қолданылады.

Сөз таптарын бір-біренен ажырату олардың айырмашылық белгілерін салыстыру тәсілі арқылы танытылады. Сонда етістік те зат еісмге байланысты қолданылғанымен, ол заттық белгілері емес, заттардың қимылын, жай-күйін білдіретін сөз табы екендігі танытылды. Соған орай етісітіктің өзіне меншікті морфологиялық белгісі жіктік жалғауы екендігі оның жақпен жіктеліп өзгеретіндігі түсіндіріледі. Мектеп бағдарламасы етістіктің болымды - болымсыз түрі жөнінде ұғымдар беруды енді-енлі ғана қолға алды. Алайда балалар ауызша, жазбаша сөйлеу қызметтерінде күнделікті өмірде болымсыз етістікті үнемі қолданып отырады. Сол себепті етістіктің болымды - болымсыз түрі туралы мэліметтер беру аса маңызды. Бастауыш мектепте оқытылатын қазақ тілі бағдарламасында сөз таптары мен дұрыс жазу таруы - ең күрделі бөлім, сондықтан оғын көп сағат берілген. Өйткені сөздердің әр алуан формалық қүбылысы сөз таптарын оқып үйренуге байланысты айқын таныла түседі.

Кім? кімдер? не? нелер? Сұраққа жауап беретін сөздерді оқыту.

1 - сыныпта берілген бастапқьі мағұламатты пысықтап,


толықтырамыз, оқушылардың сөздік қорына "сөз таптары" деген жаңа
термин енгізіледі.

2 — сыныпта зат есімге қатысты алғашқы сабақ заттын атын


білдіретін сөздерді түсіндіруден басталады. Аталған заттар балаларға
бұрыннан таныс, әрі нақты болу керек.

Мұғалім: - балалар айналаға қараңдаршы, сыныптағы сөздеріңді көріп отырған заттарының әр қайсысының өз аты бар. Соларды атаңдаршы, - дейді.



23

Балалар сыныптағы заттарды, содан кейін адамдарды атайды.

Мысалы: Мынау не? мынау тақта. Мынау кім? мынау оқушы. т.с.с.

Заттың атын білдіретін сөздер жөнінде 1-сыныпта түсінік алған оқушылар зат есімнің анықтамасын тез үғады. Зат есімді оқытудағы тағы бір мақсат - балалрға заттардың әр салалы болатындығын, мағыналық тобын, яғни ара қатынасын білдіру, кім? кімдер? сүрағының тек адамдарға қойылатынын, жануарлар мен заттарға не? нелер? сұрағының қойылатынын дұрыс ұғындыру.

Жаңа сабақты бірден оқулықтағы 301-жаттығуды орындатудан бастауға болады. "Зат есім деп аталатын сөзжұмбақты шешу тапсырылған (қажетті сөздердің суреттері бёрілген).

Мүнда да суреттегі заттардың аты аталып, оларға сұрақ қойылады, табылған сөздер санына қарай алфавит ретімен орналастырады, бұл жаттығу оқушылардың ойлауын дамыту мақсатында да, балардың алфавитті меңгеруіне де пайдалы.

Оқулықтағы 300-жаттығудың мағынасы түсіндіріліп, жазбаша орындалады.


  1. Ақыл — тозбайтын тон, Білім таусылмайтын кен.

  2. Шешен сөз бастар, Батыр қол бастар.

Оқушыларға кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөзді тапқызу. Мақалдардың мән мағынасын терең түсіндіру.

302-308 - жаттығуларда да дэл осылай, зат есімнің сұрақтарына


жауап беретін сөздерді тапқызу. \

Ал, 309-жаттығуда жұмбақ шешу көзделген.

1. Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна.

(Көл).


2. Қант еемс
Қатты
Мүз емес -
Тэтті.

(Шекер).


Бұл жаттығуда зат есімдерді тапқызып, астын сызду көзделген. Жұмбақ шешу арқылы оқушылардың логикалық, ойлау қабілетін дамытамыз.

Заманымыздың талантты педагогі В.А.Сухомолинский: "ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчестосыз, фантазиясыз толық, мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі деген болмайды", - деп атап көрсеткендей ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді, өз беттерімен жұмыс істей білуге



24

дағдыландырады. Ойланғыштық, іздемпаздық қабілеттерін арттырады, сөздік қорларын молайтуларына көмектеседі.

Сабақ үстінде ойын элементтерін орынды, оқылып отырған тақырыпқа лайықты, баланың білімін үштай түсуіне пайда келтірерліктей етіп жүргізу керек. Мысалы, "қай әріпті жоғалттым?" ойынын заттың атын білдіретінсөздірде оқытқанда пайдалануға болады.

Ойынға сөз ішінде бір әріпті қалдырып кеткен (яғни, бір әріптерін жоғалтқан) бірнеше үлестірмелі қима қағаздар жасалынады. Олар сыныптағы оқушыларға үлестіріліп беріледі. Ойынға қатысушы әрпбір оқушы өзіндегі әріптерден керектісін алып, әр сөздегі жоқ әріптердің орнына қоюға тиіс. Қай оқушы жылдам қойса, сол үтқан болып саналады да, мұғалімінің мадақтауымен тиісінше бағасын алады.

2-сыныпта зат есімнің жалқы есім^ мен жалпы есім түрлері, олардың қолданылуы мен жазылуы емлесі үйретіледі. Бұл тақырыпты оқытуда оқушыларға кісі есімдері, жер, су, үй жануарлары аттарын білдіретін сөздерді жалқы есім деп аталатынын, солардан басқа зхаттардың атауы жалпы есім екенін үғындырып, жалқы есімнің емлесіне баса назар аударған жөн.

Зат есімнің жалқы, жалпы ксім түрлерін меңгерту онша қиынға түспейді.

Жалпылама мағынаны білдіретін заттардың ішінен затты жеке — дара көрсеткіміз келсе, оған бір арнаулы ат қойып, оны сол өзіне қойған атымен атаймыз. Мысалы, мына сендер ғой, бәрің де балаларсыңдар, қыздарсыңдар, үлдарсыңдар. Бұл айтылға баллар, оқушылар, қыздар, ұлдар дегендер сендерге жалпы атаулар. Ал енді әрқайсыңды жеке даралап Айдана, Төрахмет, Ақбота, Молдабек деп өзіңе қойылған аты-жөнімен атасақ, бұл атаулар жалқы есімдер- болады, - деп, шэкірттердің түсінігіне бірден қона кететін өздеріне таныс нәрседен бастаған жөн.

Жалқы емісдердің облыс, аудан, қала, көше, жер, су, тау аттарын білдіретін географиялық атауларды рет - ретімен мұғалім плакатқа мынадай түрде жазып қояды:

1. Облыс аттары: Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы,
Жамбыл облысы.


  1. Қала, ауыл атттары: Леңгір, ТТТүбар, Темірлан, Кентау, Түркістан
    т.б.

  2. Аудан аттары: Төле би ауданы, Ордабасы ауданы т.б.

  3. Көше аттары: Т.Әубэкіров көшесі, Төлеби көшесі т.б.

  4. Өзен, көл аттары: Арыс өзені, Ақсу өзені, Балқаш көлі т.б.

  5. Тау аттары: Алатау, Қаратау, Қазығүрт, Алтай, Орал т.б.

7. Жүлдыз аттары: Үркер, Шолпан, Темірқазық, Жетіқарашы т.б.
Тақтаға алғашқыда тек атаулар жазылып, қос нүктеден соң ештеңе

жазбай, сабақтың бұл кезеңі бұлай түсіндіріледі. 1. Жалқы есімдер облыс аттарын білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет