Диплом жұмысы Бастауыш мектепте зат есімді оқыту



бет4/6
Дата11.07.2017
өлшемі0,87 Mb.
#21051
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

25

Қандай облысты білесіңдер? Қане, айтып жіберіңдерші, - деп сыныпқа сұрақ• қойып, оқушылардың да жұмыс істеуі талап етіледі. Оқушылар көптеген облыс атауларын атайды, солардың ішінен бірер сөзді мұғалім іріктеп жазып қояды.

2. Жалқы есімдер аудан аттарын білдіреді.

Қандай аудан аттарын білесіңдер? - біз түрған аудан қалай аталады? — деп оқушылардың жауабына екінші қатар түсына сөздер жазылады.

Осылайша сұрақтың қүрлысы өзгерілмей, географиялық атауларға қойылуы арқылы оқушылардың өздеріне жұмыс істету процесі үстінде жалқы есімдердің көптеген мағынасы аңғарылады.

312-321 - жаттуғылар тақырыпқа байланысты берілген ұғымды кеңейте, бекіте түсу, солға сұрақ қоя беруге үйрету, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында жүргізіледі.

312 — жаттығуды мәнерлеп оқытып жалқы есімді тапқызу. Мектебінен қашпайды Қарсы алғанда анасы, Бес саусығы шошайды, "Бес" алған-ау шамасы.

Жалқы есімді оқытқанда олардың әрқашан бас әріппен жазылатынына 313-321 — жаттығуларды орындау барысында көз жеткізуге болады.

Оқушылардың ойлау процесін дамытудың бірден-бір жолы оларды өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.

Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуге үйрету жұмыстары дидактикалық принциптерге негізделіп жүргізіледі.

Жаңа тақырыпты қортындылау барысында үлестірмелі қима қағащдарға жазылған тест сұрақтарын беруге болады. Қима қағащдар оқушыларға үлестіріліп берілген соң, оларға ойлануға бес минут уақыт беріледі. Содан соң дайын оқушыларға дұрыс жауаптарын шеңбермен белгілеп көрсетеді. Жауапты ауызша да айтуға болады.

1. Медеу деген сөз зат есімнің қай түріне жататынын тауып


белгілеңдер.

а) Жалқы есім э) Жалпы есім

2. Қала деген сөз зат есімнің қай түріне жататыны тауып,
белгілеңдер.

а) Жалқы есім э) Жалпы есім

3. Төменнен жалқы есімді тауып, белгілеңдер.

а) шөп
э)айран

б) марал

26

3. Төменнен жалпы есімді тауып, белгілеңдер.

а) Арыс
э) Айдана

б) Бала


Өздігінен жұмыс істеу баланың ойлау ■қабілетін дамытады.

1-сыныпта оқушыларға жеке заттың атын білдіретін сөздер мен көп заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік алған болатын. Енді соны грамматикалық тұрғыдан түсіндіру қажет. Бұл үшін, бірдей заттың жеке және бірнешеуі бейленген суреттерді пайдалануға болады. Мұғалім олардың мағынасын түсындіру арқылы зат есімнің жекеше, көпше түрі болатынын аңғартады. Оқулықтағы 322-323 — жаттығулар соны байқатуға арналған. Аталған жаттығулар орындалғаннан кейін зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатыны түсіндіріледі.

322 — жаттығуда балапанның сурет берілген.

323 - жаттығуда қоянның суреті берілген. Мақсат - сөздерді


салыстырып оқу. Олардың бір — бірімен қандай айырмасы бар екенін
айту.

Одан кейінгі сұрақтар зат есімдердің жекеше түрін бірінші бағанаға, көпше түрін екінші бағанаға жазу керек.

324 - жаттығуды жаздырып, талдау.

3. е. Жекеше түрі З.е. Көпше түрі

Инелік Көбелектер

Үшқыш Қарлығаштар

Тал Қайыңдар

Шырша Оқушылар

Ақын Суретшілер

325- жаттығуда көп нүктенің орнына көптік жалғауцларын қойдырып жаздыру.

Зат есімнің көпше түрін түсіндіруге, оған қойылатын сұрақтардың да көптік жалғаулары арқылы айтылатыны көрсетіледі. Бірақ кім? не? сұрағына көптік жалғаулардың жіңішке түрлері - лер, -дер, -тер ғана жалғанатынын көрсетіп қою жеткіліксіз. Көптьік жалғаудың барлық, түрлерін танытқан жөн. Ол үшін көптік жалғауларға раналған кестені пайдаланған дұрыс. Көптік жалғаулар

-лар,-лер,-дар,-дер, -тар,-тер

бала-лар, қыз-дар кітап-тар

кеме-лер, көл-дер күрек-тер

Жуан түбірлі сөзге көптік жалғаудың, жуан (-лар, -дар, -тар) түрлер, жіңішке түбірлі сөзге көптік жалғаудың жіңішке (-лер, -дер, -тер) түрлері жалғанатын емлесі үйретіледі.

27

Ал сөз аяғында дыбыстарға қарап көптік жалғаулардың басқа дыбыстарынын -л, -д, -т болыт түрлететін емле ережелерін эзір түсіндіріп жату ертерек, себебі әлі тіліміздің дыбыс заңдылықтарын меңгеріп болмаған бастауыш сынып блаларына мұндай білімді ұсыну ауырлық етеді. Жеке зат, көп зат деген ұғымдарды таныстыру балалрдың 1-сыныпта үйренген дағдылық жұмысы 2-сыныпта одан әрі жаңғыртылып дамытылады.

328-жаттығуда зат есім болатын 4-5 сөз тауып, толықтырылып жазу берілген.

Жекеше Көпше

Батыр батырлар

Оқушы оқушылар

Кітап кітаптар

Дәптер дәптерлер

Бала балалар

Бұл жаттығуды орындау барысында зат есімдер жекеше, көпше тұлғада жүмсалатыны, заттың көптігін білдіру үшін түбірге көптік жалғауы жалғанатынын ереже ретінде бірелгенін меңгерту көзделеді.

329-330-жаттығулар ережеде айтылғандарға қанық болу үшін пысықтап, білімді орнықтыр түсу үшін берілген.

331-жаттьіғудай мэтіндірден зат есімнің жекеше, көпше түрлерін айырып оларға сұрақтарды дұрыс қоя алатын болуы керек.

Қазақ тіліне алған білімдерін практикалық жағынан жан-жақты талдау, ажырата білуде және толықтыра түсуде үлестірмелі қима қағаздардың алатын орны ерекше.

Үлестірмелі қима қағаздар жеке оқушының өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуіне басшылық ететін әдістің біріне саналады.

Ол оқушы біліміндіге олқылықты толтыратын, абсракты мәселелерді нақтылай түсетін, сауаттылықты арттыратын, ой өрісін кеңейтіп, тіл байлығын молайтатын көмекші құрал болып есептелінеді.

2-сыныпта оқушыларға зат есімді оқытқанда мынадай үлестірмелі қима қағащдар пайдалануға болады.

1. а) Өлеңді көшіріп жазыңдар.

Ой балалар, балалар! Жылы-жылы жел соқты Жылғалардан су ақты. Ауыл көшті қыстаудан Әне апам қой сойған. э) Зат есімнің жекеше, көпше түрін тап.

2. а) Көп нүктенің орнына сұраққа сэйкес жауап жазыңдар.
Кім? Кімдер? He? Нелер?

28

Немере гүл

Сэби жүлдыз

Ғалым тау

э) сұрақтары мен мағыналарындағы айрырмашылықты тап.

3. а) Мақалды көшіріп жазыңдар. Мағынасын түсіндір. Ата - асқар тау, Ана - бауырындағы бұлақ, Бала - жағасындағы қү_рақ. • Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады.

э) Кім? не? деген сұрақтардың астын сызыңдар деген сияқты т.б. үлестірмелі немесе кеспе қағаздарын мұғалім өз сыныбының қабілетіне қарай түрлендіруге болады.

2-сыныпта зат есім тақырыбын меңгертудің тағы бір жолы — ойын. Мысалы, сабақтағы ой-толғанысы кезеңінде балаларға Венн диограммасы, яғни шеңбер ойынын ойнатқан дұрыс.

Ойын оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды топтай білуге, сондай-ақ олардың неге керектігін ажыратуға, заттардың атын қатесіз жазуға дағдыландырады. Ойынға қатысушы оқушылар үшін қандай заттарды топтай білу керектігін шеңбер және оған қажетті заттардың аты жазылған жеке сөздер үлестірмелі жасалады. Оқушылар аталған жануарлардың пайдасы мен зиянын айтып өтеді. Зат есімді оқытуға арналған сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің көпше түрі. Көптік жалғаулары. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға көптік жалғаулар туралы түсінік беру.



  1. Сөздерді топтай білуге үйрету.

  2. Балалардың бағыт бағдар бере отырып өз беттеріңше жұмыс
    істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қортынды шығаруға
    машықтандыру. Сабақтың көрнекілеп: кітап, суреттер, үлестірмелер т.б.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап. Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

I. Психологиялық дайындық.

II. Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа сабақ.
    1 .Кіріспе

Оқушыларға бір кітапты көрсетіп:

Мынау не? деп сұрау

Ол кітап Тағы бірнеше кітіпты алып көрсетіп:

Мыналар нелер?




29

Бұлар кітіптар.

Ктіп деген сөзбен кітіптар деген сөздің айтылуында

айырмашылық бар ма?

Бар. Ктіптар деген сөзге —тар деген қосымша жалғанған.

Өте дұрыс. Заттың көптігін білдіру үшін түбірге -лар, -лер,

-дар, -дер, -тар, -тер деген жалғаулар деп аталады. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз көптік жалғаулары. Сабағымыздың мақсаты: көптік жалғауларын зат есімге дұрыс жалғай білуге үйрету.

V. Оқулықпен жұмыс.
329-жаттығуды орындау.

Өлеңді мәнерлеп оқу, көпше түрдегі зат есімді тауып, өлеңді көшіріп жазу.

Айдын көлді сағынып,

Қаздар қанат қақты бір.

Ақ бантигін тағынып,

Алма ағаштар атты гүл.

1. Нелер? сүрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

VI. Сергіту сэті.

Аппақ болып таң атып, Түтін тіке шығады. Қарлығаштар қанатын

Самғап биік үшады. (Осыған сэйкес қимылдар жасайды) (Е.Өтетілеуов «Балақай» Алматы, «Жалын» 1986 ж 137 бет).

VII. 330-жаттығуды орындау, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, зат
есімдерді тауып, олар зат есімдердің қай түрі екенін айту. Зат есімдердің
жекеше, көпше екенін ажырат.

Осыдан соң жаңа сабақты қортындалау барысында оқушыларға тектік сұрақтар жазылған үлестірмелер таратылып беріледі.

1. Төменнен зат есімнің жекеше түрі болатынсөзді тауып, белгілеңдер.


  1. Ағаштар

  2. Сандар

3. Аға

2. Төменнен зат есімнің көпше түрі болатын сөздерді тауып, белгілеңдер.



  1. Қаздар

  2. Жусан

  3. Балалар

3. Қүстардеген зат есімінің қай .түріне жататынын тауып, белгілеңдер.

  1. Зат есімнің жекеше түрі

  2. Зат есімнің көпше түрі

30

Үйге 311-жаттығуды орындап келуді тапсыру. VIII. Бағалау.

Екінші және үшінші сыныптарда өтетін сөз таптарыының кестесі.


Зат есім

\

Етістік



Сын есім

Сан есім



Жалқы есім және жалпы есім




Дара және күрделі етістік













г

Негізгі және туынды зат есім




Негізгі және туында етістік

Негізгі және туынды сын

есімдер

Есептік және



реттік сан

есімдер



Зат есімнің тэуелденуі

Болымды және

болымсыз

етістік


Зат есімнің септелүі

He істеді? не қылды? қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту.

1-сыныпта оқушылар заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алғашқы мағлұмат алған болатын. Бірақ ондай сөздер тобының етістік деп аталатын үлкен сөз табын (тобын) қүрайтынын, заттын әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін, тағы басқа грамматикалық сипаттарын элі білмейді. Алдымен сөз табы ретінде таныту көзделеді.

Оқулықтағы 334-336 - жаттығулар осыған арналған. Аталған жаттығуларды орындау нэтижесінде оқушылар заттардың қимылын, іс-әрекетиін білдіретінсөздердін етістік, деп аталатынын, оларға не істеді? қайтіп? не қылды? Сұрақтары қойылатынын білуі тиіс.

Мысалы, 334-жаттығуды орындау, суреттке қарап, әр адамның не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауын айту.

Марат ағаш жарды.

31


Айдана ойнады.

Ағам домбыра тарты.

Ақбота гүлге су құйды.

Әжем ұршық иірді.

338-жаттығуда жануарлардың төлдеуін білдіретін етістіктер қай сөзбен байланысып түрғаны тапқызылады.

Бие қүлындайды.

Қой қоздайды.

Ешкі лақтайды.

Түйе боталайды.

Сиыр бұзаулайды.

Ит күшіктейді.

Мысық балалайды.

Сөздерге сұрақ қойылып мағынасы түсіндіріледі.

Ал 339-жаттығуда берілген етістіктердің мағынасын түсіндіру тапсырылған. Әуелі әр етістіктің мағынасы жеке-жеке сұрақ-жауап әдіс арқылы түсіндіріледі. Содан соң оқушылар сол сөздерді қатыстырып сөйлем қүрап жазады.

341-349 - жаттығулар етістік туралы берілген ұғымды бекіте түсуге, етістіктің өзге сөздермен байланысын дұрыс таба білуге, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлем қорын дамытуға бағытталған. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем қүрайтыны да жаттығулар орындау барысында байқатылуы тиіс.

«Дара және күрделі етістіктер» етістік туралы жалпы мағлүмат берілгенен кейін оқытылады. Яғни басты міндет - етістіктің күрделі түрін таныту. Дара етістікті оқушылар бүрыннан біледі, ал күрделі етістікпен оқу сабақтарында, сөйлеу кезеңдерінде үнемі кездескенмен, олардың күрделі етістік деп аталатынын білмейтін.

Оқулықтағы 350-351 жаттығулар дара және күрделі етістіктерді бір жаттығу ішінде қатар беріп, салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін байқатуды көздейді.

Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желімбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр.

Бұл жаттығудағы «желінбейді, желімбейді» сөздерін, «төлдеп жатыр, шөлдеп жатыр» тіркестерімен немесе «жауды-жауып түр, ү-шыты-ұышп барады, оқыды-оқып отыр» жү_птарын өзара салыстырып, олардың бәрі ед ұимылыд білдіретінін қойылатын сұрақта бірдей екенін айтқызып, өзгешеліктері тек сөз санында екенін байқатады.

Кейінгі жаттығулар дара және күрделі етестіктің мағынасы дара етістікпен салыстырғанда мүлде басқаша екенін аңғартады; оқыды - оқи

I

32

бастады, оқып отыр, оқып болды, тікті - тігіп жатыр, тіге бастады, тіге алады т.б. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады. Ал 354 -жаттығу дара етістікті үлгі бойынша күрделі етістікке, айналдырып жазумен бірге, «күреді, үйді, күйді, сүзді, үшты» етістіктерің орфоэпиялық ерекшеліктерін байқатуды, сол арқылы сауатты жазуға үйретуді мақсат етеді.

357-жаттығу де ерекше назар аударуды қажет етеді. Оқушылардың сөз мағынасы туралы алған білідеріне сүйеніп, берілген етестіктердің мағынасын түсіндіру, оларға қарама-қарсы етісікті табу талап етіледі.

Мысалы, жапты - ашты.

байлады — шешті т.б.

358-368-жаттығуларда негізгі тақырыпқа байланысты тапсырмалармен бірге оқушылардың сөз мағынасы, мэтін, сөйлем тақырыптарынан алған білімдерін пысықтап бекітуге арналған тапсырмалар да берілді. Олар оқулықтағы әр жаттығудың түсында анық көрсетілген. Мұғалімнің міндеті — бір жаттығуданығ тапсырманың мәнін дұрыс түсініп, соны оқушыға меңгертудіңтиімді жолын тандау.

Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту.

2-сыныпта «Сын есімді» оқытудың басты мақсаттары төмендегідей.

1. Сын есіМді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде таныту.

2. Заттардың жалпы сын, сапалық белгілерін топтап айыруға


үйрету.

  1. Белгілі бір нақты заттың әр алуан қасиеттерін көрсетіп, сипаттап
    айтуға баулу.

  2. Сын есімді ауызекі және жазбаша сөйлеу тілдеріндемағынасына
    қарай дэл тандап қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған
    ортадағы құбылыстар мен заттардың әр алуан қасиеттерін, белгілерін
    бақылай білуге, байқағыштыққа үйрету.

Оқушылар заттың сынын білдіретін сөздермен 1-сыныптан бастап таныс. Ондай заттың сынын білдіретін сөздерге қандай? қай? сұрақтары қойылатынын да біледі. 2-сыныпта оқушылардың сол ұғымдары кеңейтіліп, сын есім сөз табы ретінде танытылуы тиіс

369-370 жаттығулардағы қарамен жазылған сөздердің қандай сұраққа жауап беретінін, мағыналарын ай-гқызу арқылы оқушылардың заттын сынын білдіретін сөздер жайлы білетіндері еске түсіріледі. Одан әрі ұғалім сұрақ - жауап, көрнекілік әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың сол білімін одан әрі тереңдете түсуі қажет.

Мысалы, мұғалім алманың суретің көрсетіп, оның не екеін айтқызады дэмі, түсі, пішіні қандай екенін сүрайды, немесе қалың жұқа кітаптарды салыстырады т.б. Нэтижесінде заттың түрін, түсін, көлемін, дэмін тағы басқа сапа, белгілерін білдіретін сөздердің сын есім деп

33

аталатынын біледі, оларға қандай? қай? деген сұрақтар қойылатынын иы.

£>ү_дан кейін сын есімдерді зат есімдермен қатыстырып айтуға үйрету жұмыстары жүргізіледі. Ондай мақсат - сын есімдердің кез келген зат есімдермен тіркесе бермейтінін аңғарту. Оқулықтағы жаттығулардың бірқатар осы ұғымды бекітуге арналған. Мәселен 372-жаттығуда зат есімдердің алдында керекті сын есімдерді қойып жазу берілген. ...бэтеңке, ...тон, ...сай, ...айран, ...шие, ...көше.

Керекті сөздер: қалың, жылы, ащы, терең, кең, тэтті.

Ал 373-жаттығуда бүған керісінше, .берілген сын есімдерді зат есімдермен қатар қойып айту.

Жуас, таза, биік, сүйық, жүйрік, ұзын.

Үлгі: жуас ат, таза көрпе, биік тау,...

374-жаттығуда қандай? қай? сұрақтарының орынан тиісті сын есімдер жаздырылып, оның қай сөзбен байланысып тұрғаны айтқызылады.

Әселдің (қандай?) көйлегі бар. Мен (қандай?) кітап оқыдым. Бізге (қандай?) оқушылар көмектесті. Ауылда (қандай?) үйлер көбейді.

Керекті сөздер: қызыл, қызық, көп, биік.

375-жаттығулардың мақсаты балалардың, байқау қабілетін арттыру, бір заттың әр алуан белгісін аңғара білуге үйрету. Мәселен, тақтай десек, оқушы жалпақ тақтай деумен шектеліп қоймай, оның қалың не жүқа, ұзын неқысқа екеніне көңіл аударуы тиіс. Сөйтіп бір заттың бірнешебелгісін білдіру үшін жоғарыдағы жаттығуды мынадай үлгіде орындатуды ұсынамыз;

Жалпа*

Қалың - ^Zp* Тақтай



Тегіс

¥зын


376- жаттығуда берілген сын есімдерге қарсы мағыналы зат есім тауып жаз, олардың мағыналарын салықтыру талап етіледі, әр сын есім оған қатысты зат есіммен байланыстырылып айтқызылады.

үлкен


жаңа

жіңішке •

қысқа

ірі


күшті

Үлгі: үлкен үй, жаңа көйлек,...



34

Сын есім үнемі зат есімнің анықтауышы ретінде келе бермей, кейде сөйлес соңына келіп, сөйлемді аяқтап түратынын да аңғарту мақсат етіледі.

381-382 — жаттығулар осыған арналған. Көп нүктенің орнына зат есімнің алдыңғы сын есімдерді қойып жазу. Екі бағанды салыстырып, қай бағандағы сөздер сөйлем, қай бағанадағы сөздер сөйлем емес екенін айту.

таза ауа ауа таза

ақ мақта мақта ақ

жазық дала дала жазық

жақсы бала бала жақсы

Сын есімге 8 сағат уақыт бөлінген, соған орай отыз екі жаттығу берілді. Соның бәріне жеке тоқталып жатпай-ақ, негізгі назар аударылатын мәселелерді баяндап өттік. Кейінгі жаттығулар сын есімге байланысты берілген ұғымды бекіте, кеңейте түсуді, сонымен бірге оқушылардың сөздік қорын молайтуды, белгілі бір затты сипаттай білуге үйретуді, айтылған белгелері бойынша суреттелғен нәрсені тапқызуды, т.б. мақсаттарды көздейді.

Ал, енді сын есімді оқытуға раналған сабақ жоспары:



  1. Сабақтың тақырыбы: сын есім.

  2. Сабақтың мақсаты: заттың түрін, түсін ажыратуға үйрету
    Сұрақтары қандай? қай? екенін түсіндіру.

Оқушылардың тіл байлығын арттыру, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

3. Сабақтың тәрбиелік мәні: [

Оқушыларды көркемдеп сөйлеуге көркем етіп, эдемі етіпжазуға, эдеміліке, кішіпейілдікке, адамгершілік - имандылыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру, оқушылардың қазақ тілінде мақалдап, шешен сөйлеуге, мәнерлеп оқуға машықтандыру.

4. Сабақтың көрнектілігі:

Суреттер, қолдан жасалған плакаттар, үлестірмелер, ойыншықтар, оюлар салынған буклеттер.

5. Сабақтың әдісі:

Ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.

І.Кіріспе әңгіме. Оюлардын түрін көрсетіп:



  • балалар, мыналар нелер?

  • оюлар

  • оюлар қай халықтың өнері?

  • Қазақ халқының

  • ою не үшін керек?

  • эсемдік үшін.

35

  • ою қандай жерлерде қолданылады?

  • Түс киізде, текеметте, ұлттық киімдерді қолданылады.

  • Ою қандай түстермен өрнектелінген?

  • Көк, қызыл, сары, қара, күлгін, ақ түстермен.

  • Заттың түсін білдіріп тұрған қай сөз?

  • Қызыл сары
    Тақтаға плакат ілінеді.
    Жақсы үл - еліне бас
    Жаман үл - еліне қас.

Заттың сынын білдіріп түрған қай сөз? Жақсы, жаман.

Заттың түрін, түсін, сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылады.

2. Оқулықпен жұмыс.

378-жаттығуды бірнеше оқушыға оқытып, сын есімдерді тапқызамыз.

Ақ жүрекпен таза ақыл. Қылсаң адал еңбек. Бәрінен де сол мақүл -Артқыға жол бермек. Сен бол көр аққа жақ, Болам десең адам, Адал еңбек берер бақ, Бассаң соған қадам.

3. Тақтамен жұмыс.

Бір оқушы тақтаға, қалғандары орындарында отырып, жаза бастайды.

4. Сергіту сэті.

Қоюланып тағы бұлт, Жаңбыр жауды себелеп. Жапырақты жамылып, Бүғып қалды көбелек.

5. өздігінен жұмыс істеу.

Сын есім қатысты мақалдар айтқызу.


  1. Өтірік сөз өрге баспас.

  2. Жылы киім тәнді жылытар,
    Жылы сөз жанды жылытар.

  3. Жалған сөз жанға қас,
    Жалқау қойшы малға қас.

  4. Еріншек адамның ертеңі бітпес.

6. Жаңа сабақты қортындылау барысында суретті билет ойынын
ойнатқан жөн. Оқушыларға сурет салынған үлестірмелер таратылып

36

беріледі де, сол суретке байланысты оқушылар сөйлемдер ойлап табады. Суретті билет ойынын айрықша тапсырма бойынша жүргізуге болады. Мысалы, сурет бойынша оқушылар мындай сөйлемдер ойлап табуға тиісті:

Ту Қара торғай

Көгілдір ту желбіреді Қара торғайға үя жасадық,

Машина Қоян

Бақыт жеңіл машинаға мінді Сұр қоян қашты.

Алма Жапырақ

Мамам қызыл алма әкелді. Күзде жапырақ сары түске боялады.



  1. үйге 388 - жаттығуды жазып келу тапсырылды.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау.
    «Заттардың санынбілдіретін сөздер» 2-сынып оқушыларына

математика сабақтарынан жақсы таныс. Олар сан есімдер қатысқан әр алуан қиын есептерді шығара алады. Бірақ олар 2,7,13,46 сияқты сандарды қосу, алу, көбейту амалдарының объектілері ретінде, санау таңбалары ретінде үғынады. Ал олардың сан есім екенін, затқа қатысты сөздердің грамматикалық тобы екенін жөнді үқпайды.

Оқулықта осылар ескеріледі де, сан есімдер негізігі есмі сөздердің бірі ретінде баяндалады. Әзірге бұл сыныпта сан есімнің есептік, реттік, түрлерінен бастапқы мағлүмат беріледі. Ол үшін сан есімдерге неше№ қанша? нешінші? деген сұрақтарды қойдыру арқылы сане есімдердің осы екі түрін танытамыз. Жаттығуларда берілген материалдарды игеріп, тапсырмаларды дұрыс орындау нэтижесінде оқушылар ережелерді жадында сақтап, жүзге дейінгі дара, күрделі сан есімдерді әріптермен дұрыс жаза алатын болуға тиіс, есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыруға үйрету.

Жаттығуларды орындау барысында оқушылар сан есімге сұрақ қоя білуге, олдардың зат есімдермен байланысын аңғартуға, мэтінен сан есімдерді таба білуге үйретіледі. Сондай-ақ зат есімдер заттың санын, ретін білдіретінін үғады. Жаттығулардың кейбіреуінде сандарды сөзбен жазу талабы қойылады. Ондағы мақсат - бір таңбалы сан бір сөзбен, екі таңбалы сан екі сөзбен жазылатынын білдіру. Сонымен бірге жаттығу ретінде үсынылған «санамақтар», «есепжұмбақтар», «жаңылтпаштар» арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсат етілді.

Сан есім жайындағы сабақ 401-жаттығуда берілген өлеңді оқытудан басталады.

Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет