Диплом жұмысы қҰрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі



бет3/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,63 Mb.
#9895
түріДиплом
1   2   3   4

2.2. Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас сөйлем деп компонеттерi өзара тең болмай, бiр-бiрiне бағына, бағындырыла байланысатын құрмалас сөйлемдердi айтамыз. Бағынушы компоненттiң баяндауыш формасы тиянақсыз болып, өз бетiнше сөйлем бола алмайды, ал бағындырушы компонент бағыңқы сөйлемсiз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнiң бiр компонентi бағынушы, тәуелдi болып тұрса, екiншiсi тәуелсiз, өз бетiнше сөйлем бола алады. Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыңқы сөйлем деп аталады да, өз бетiнше тиянақты болып тұратын компонент басыңқы сөйлем деп аталады. Сабақтас құрмаластың бағыңқы компонетi де сөйлем деп аталғанымен, онда қалыпты сөйлемге тән қасиеттердiң көбi жоқ. Себебi оның сөйлемдiк мәнi құрмалас сөйлемнiң құрамында айтылғанда ғана айқындала түседi. Сабақтас құрмалас сөйлемдегi негiзгi ой көпшiлiк жағдайда басыңқы жай сөйлемде берiледi де, басыңқы компонентi көбiне сол басыңқыдағы ойды түрлi жағынан айқындап, дәлелдеп түсiндiру үшiн қолданылатын қосымша бiр мүше ретiнде қолданылады. М. Ақжан серуеннен қайтып оралғанда, киiз үйлердiң маңында қара құра көбейiп қалыпты. Түнде күзетшi ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егiске түсiп кетiптi (М. Әуезов) – себеп

Бұл қасиет, яғни бағыныңқының басыңқы компонентке тәуелдi болып, оның тұрлаусыз мүшесi секiлдi болуы барлық бағыныңқыға тән емес. М: Кiлемдер тұтылып, әсем оюлы сырмақтар жайылыпты.(М. Әуезов).

Бұл сабақтастың бағыңқы компонентi басыңқы компонентке меңгерiлiп тұрған жоқ. Мағыналық жағынан алғанда мұндай бағыныңқының мазмұны да тиянақты, басыңқы сөйлемге тәуелсiз, тиянақсыздық тек баяндауыш формасында.

Қай тiлдiң құрмалас сөйлемi болмасын, оның өзектi мәселесi сабақтас түрi болып саналады. Өйткенi құрмалас сөйлемдегi айқындалмаған мәселелердiң көпшiлiгi оның сабақтас түрiмен байланысты келедi. Сабақтас сөйлемнiң құрмаласуы оның бағыңқы компонент арқылы қалыптасады. Түркiтанушы ғалымдар арасында бағыңқы сөйлемдердi ажыратуда пiкiр алшақтықтары орын алып келедi. Ғалымдардың бiрiншi тобы бағыңқы сөйлемдi айқындауда бастауыш меже бола алмайды дейдi де, олар сөйлемнiң сабақтас екенiн ажыратуда бастауышты негiзгi тiрек қылмай, баяндауышқа арқа сүйейдi. Сондықтан олар сөйлем компоненттерiнен айырым бастауыштарды талап етпей, баяндауыш мүшенiң болуын басшылыққа алады. Мұндай iлiмдi жақтаушылардың қатарына Н.П. Дыренкова, А.Н. Баскаков, Т.А. Бертагаев, А.З. Абдуллаев, С.А. Аманжолов, М.Б. Балақаев т.б. жатқызуға болады. Олар бағыныңқы сөйлемнiң критерийiн айқындауда баяндауыш мүшенi ең басты меже ретiнде ұсынып, бастауыштың әр компонентте болуын мiндеттi етпей, ортақтаса айтылуын көрсетедi. Ғалымдардың 2-бiр тобы бастауышты бағыңқы сөйлем түрлерiнде саралай қолдануды ұсынады. (Сагибатталов Г.Пешковский, С. Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев т.б.). Олар бағыныңқы сөйлемнiң бiр түрлерiнде бастауыштың болуын шарт деп қараса, ендi бiрiнде оны мiндеттi деп санамайды. Бағыныңқы сөйлемдегi бастауышты саралай қарау- ортақ бастауыш iлiмiмен байланысып жатады, яғни бағыңқының кейбiр түрлерiнде ортақ бастауыштың болуын терiске шығармайды. Айт-қ, С.Жиенбаев ортақ бастауышты құрмаласқа шартты бағыңқыны, Ғ.Бегалиев шартты, қарсылықты бағыныңқыларды, Н.Т. Сауранбаев шартты, қарсылықты және мақсат бағыныңқыларды сөйлемдегi тұрлаулы мүшелердiң қажет екендiгiн көрсете отырып, кейде бастауыштың сөйлем компонентiнде ортақ болып келетiндiгiн де айтады.

Ғалымдардың үшiншi тобы бағыныңқылардың барлық түрiнде бастауыштың қажеттiгiн көрсетедi. Мұндай көзқарасты проф. Абдурахманов (өзб), М.З. Закиев, Т. Қордабаев, Қ. Есеновтер қолдайды. Олар құрмалас сөйлемнiң әр компоненттiнде бастауыш- баяндауыштық қатынастың болуын жақтайды. Тiптi жiктiк жалғауында қиыса айтылған шартты бағыңқының өзiнiң де басыңқы компоненттен бөлек бастауыш болуын талап етедi. Егер сөйлемде қимыл иесi ортақ болса, ондай сөйлемдi жай сөйлем құрамында қарау керек екендiгiн көрсетедi. Қазақ тiлiнде мұндай сөйлемдердi Қ. Есенов жай сөйлемнiң күрделенген түрi деп атайды.

Қай тiлдiң құрмалас сөйлемi болмасын, оның өзектi мәселесi сабақтас түрi болып саналады. Өйткенi құрмалас сөйлемдегi айқындалмаған мәселелердiң көпшiлiгi оның сабақтас түрiмен байланысты келедi. Сабақтас сөйлемнiң құрмаласуы оның бағыныңқы компоненті арқылы қалыптасады. Түркiтанушы ғалымдар арасында бағыныңқы сөйлемдердi ажыратуда пiкiр алшақтықтары орын алып келедi. Ғалымдардың бiрiншi тобы бағыныңқы сөйлемдi айқындауда бастауыш меже бола алмайды дейдi де, олар сөйлемнiң сабақтас екенiн ажыратуда бастауышты негiзгi тiрек қылмай, баяндауышқа арқа сүйейдi. Сондықтан олар сөйлем компоненттерiнен айырым бастауыштарды талап етпей, баяндауыш мүшенiң болуын басшылыққа алады. Мұндай iлiмдi жақтаушылардың қатарына Н.П. Дыренкова, А.Н. Баскаков, Т.А. Бертагаев, А.З. Абдуллаев, С.А. Аманжолов, М.Б. Балақаев т.б. жатқызуға болады. Олар бағыныңқы сөйлемнiң критерийiн айқындауда баяндауыш мүшенi ең басты меже ретiнде ұсынып, бастауыштың әр компонентте болуын мiндеттi етпей, ортақтаса айтылуын көрсетедi. Ғалымдардың екінші бiр тобы бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлерiнде саралай қолдануды ұсынады (Г. Сагибатталов, А. М. Пешковский, С. Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев т.б.). Олар бағыныңқы сөйлемнiң бiр түрлерiнде бастауыштың болуын шарт деп қараса, ендi бiрiнде оны мiндеттi деп санамайды. Бағыныңқы сөйлемдегi бастауышты саралай қарау- ортақ бастауыш iлiмiмен байланысып жатады, яғни бағыныңқының кейбiр түрлерiнде ортақ бастауыштың болуын терiске шығармайды. Айталық, С.Жиенбаев ортақ бастауышты құрмаласқа шартты бағыныңқыны, Ғ.Бегалиев шартты, қарсылықты бағыныңқыларды, Н.Т. Сауранбаев шартты, қарсылықты және мақсат бағыныңқыларға тұрлаулы мүшелердiң қажет екендiгiн көрсете отырып, кейде бастауыштың сөйлем компоненттерiне ортақ болып келетiндiгiн де айтады.

Ғалымдардың үшiншi тобы бағыныңқылардың барлық түрiнде бастауыштың қажеттiгiн көрсетедi. Мұндай көзқарасты проф. Абдурахманов, М.З. Закиев, Т. Қордабаев, Қ. Есеновтер қолдайды. Олар құрмалас сөйлемнiң әр компоненттiнде бастауыш-баяндауыштық қатынастың болуын жақтайды. Тiптi жiктiк жалғауында қиыса айтылған шартты бағыныңқының өзiнiң де басыңқы компоненттен бөлек бастауыш болуын талап етедi. Егер сөйлемде қимыл иесi ортақ болса, ондай сөйлемдi жай сөйлем құрамында қарау керек екендiгiн көрсетедi. Қазақ тiлiнде мұндай сөйлемдердi Қ. Есенов жай сөйлемнiң күрделенген түрi деп атайды. Бұл жайт қазақ тiлi бағыныңқыларын саралауда “предикаттық қатынас” болсын деген тұжырымның бiр жақты екендiгiн көрсетедi, сондықтан бағыныңқы сөйлем субъект-предикаттық қатынасқа негiзделуi керек. Сабақтас құрмалас сөйлемдi айқындауда бұл басты меже болып саналады.

Сондықтан өзара семантикалық, интонациялық, құрылымдық тұтастықта келетін құрмалас сөйлемнің табиғаты туралы қазақ лингвистикасы ғылымында теориялық мәселелер әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Құрмалас сөйлемнің классификациясын жасауда оны компонент санына қарап саралап алу дұрыс па, әлде семантикалық сипатына, не компоненттер арасындағы грамматикалық қатынас негізінде, тіпті байланыстырушы дәнекерлер сипатына қатысты ажыратқан жөн бе деген заңды сұрақ туады. Түркітануда да, қазақ тіл білімінде де құрмалас сөйлем мәселесіне қатысты басы ашылмаған көптеген мәселелердің бар екендігін жоққа шығара алмаймыз, ал оны зерттеп, зерделей түсу, нақты тілдік фактілерден теориялық тұжырымдар жасау бүгінгі күнгі негізгі бағдар-мақатымыз болып саналмақ.

Сабақтас құрмаласты анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы т.с.с. деп топтастыру қазіргі кезде қолданыстан шығып қалса да, грамматикадағы бағыну терминінің өзін аталған грамматикалық нысандардан бөліп алып қараудың қисынсыздығын ескергеніміз жөн. Өйткені бағына байланысатын кіші тілдік бірлік – сөз тіркестерінің сыңарларының арасындағы грамматикалық қатынасты да (анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық), өзі бағынып тұрған сөзге қатысты алғанда тұрлаусыз мүшелерді де осылай атаймыз. Сондықтан кезінде академик Н. Сауранбаев көрсеткен бұл ұстанымның, «бұл бір күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің қызметін жеке сөйлем мүшесінің атқаратын функциясымен тең деп қарастыруға әкеп соғады» деген пікірдің үстемдік алғанына қарамастан, әр кезде синтаксистер еңбегінен қылаң беруі ойлануды қажет етеді. Ал қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдерді топтастырудағы мағыналық ұстанымның қолайсыздығын Қ.Есенов былай деп ашып көрсетеді; « бағыныңқы сөйлемдердің бойындағы мағыналық мазмұн әр алуан болып келеді. Осыған орай әрбір мағыналық белгіге сай, бағыныңқы сөйлемдерді жіктей берсек, олардың түрлері шектен тыс көбейе берген болар еді [17: 35]. Сонымен бірге Қ.Есенов сабақтас құрмаластың бағыныңқыларын мағыналық-тұлғалық ұстанымға сүйене отырып топтастырады. Автор сабақтас сөйлемдерді мағыналық-тұлғалық ұстаным негізінде пысықтауыштық, қатыстық бағыныңқылы және ыңғайлас сабақтас деп топтастырады.

Б. Қапалбеков сабақтас сөйлемдерді таптастыруда «ортақ бастауыш» идеясын ұстанған дұрыс па, бұрыс па деген мәселе төңірегінде төмендегідей тұжырым жасайды: «...ортақ бастауышты сөйлемдерді тек бастауыштың санына қарап бөлу жеткіліксіз. Алдымен, бағыныңқы-басыңқы сөйлемдер арасындағы мағыналық қатынастарға қарау керек және құрмалас жасаушы бөліктер пысықтауыш дәрежесінде ме, әлде баяндауыш дәрежесінде ме – соны өлшеуіш етіп алған дұрыс. Егер көсемше, есімше тұлғалары арқылы жасалған баяндауыштарды қалыпты пысықтауыштар емес, баяндауыш деп танитын болсақ, онда есімше, көсемше тұлғалы бағыныңқылы баяндауыштары бар ортақ бастауышты сөйлемдерді сөз жоқ құрмаластар қатарына жатқызамыз» [20: 704].

Расында да тіліміздегі ортақ бастауышқа негізделген сөйлемдердің барлығын бір деңгейде қарастыру дұрыс па? Төмендегі сөйлемдерді салыстырып көрелік:



Жырау домбырасын тастай беріп, енді қолына найзасын алды (І. Е.).

Тең-тең олжа артып, үйір-үйір жылқы айдап қайтпаса да, сұлтан бұл жорығына риза (Ә. Қ.).

Екеуі де ортақ бастауышқа, бір субъектіге (жырау) негізделген бұл сөйлемдердің алғашқысының баяндауыштары бірінен соң бірі орындалған, біртектес іс-әрекетті баяндап тұр. Ал екінші сөйлемде субъект (сұлтан) біреу болғанымен, қос компоненттің баяндауыштары әр түрлі сөз табынан жасалып, әр түрлі жай-күйді баяндап тұр. Салалас құрмаластарда да кездесетін мұндай жағдайда ортақ субъектілі біртектес іс-әрекетті бірыңғай баяндауышты күрделенген жай сөйлем деп танып, ал әр сөз табынан жасалған немесе әр шақта тұрған баяндауышты сөйлемдерді құрмалас деп тану жөн көрінгенімен, аталған мәселеде тағы да қайшылықтарға тап боламыз. Сондықтан, біздіңше, компонент (құрмалас сөйлем компоненті) ұғымының мәні айқындалғаны жөн.

Бұл жайт қазақ тiлi бағыныңқыларын саралауда “предикаттық қатынас болсын деген тұжырымның бiр жақты екендiгiн көрсетедi, сондықтан бағыныңқы сөйлем” субъект-предикаттық қатынасқа негiзделуi керек. Сабақтас құрмалас сөйлемдi айқындауда бұл басты меже болып саналады.

Сонымен, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентiн айқындауда мынадай белгiлер негiзге аланады:



  1. Компоненттiң белгiлi шамада сөйлемдiк мағына дербестiгi болады, яғни бұл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық сөйлемдiк мағынаға ие болады.

  2. Баяндауыш формасы есiмше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бiрге шылаулардың тiркесуi арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды.

  3. Бағыңқы компонент дербес бастауышты болады.

  4. Бағыңқы компонентке тән интонация тиянақталмаған интонация.

Сабақтас құрмалас сөйлемдегi күрделi мәселесiнiң бiрi – оның түрлерiн саралау. Қазақ тiл бiлiмiнде бiр кездерi бағыныңқы сөйлемдердi саралауда орыс тiл бiлiм-дей, алдымен, функционалды принцип үстемдiк алды, яғни бағ-қының қызметiн жай сөйл-ң тұрлаусыз мүшесiнiң қызметiмен бара-бар санады (Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев) (анықтауыш-толықтауыш, пысықтауыш бағыныңқылар).
4. Компоненттерді семантика-грамматикалық сипатына қарай топтастыру

Қазақ тiлiндегi құрмалас сөйлемдердi топтастыруда мағыналық принцип те негiзге алынды. (С.Аманжолов, Т.Қордабаев). Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнiң қарым-қатынасқа түсудегi екi арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынды. Аманжоловтың “Қысқаша курсында” сабақтас сөйлемдердiң өзін 18 түрге жiктедi: Себеп-салдар, мезгiл, шартты, ұқсасты, мақсатты, қарсылықты, дағдылы, үлестес, аяулы, мекен, сiлтеу, үдетпелi т.б.

Бағыныңқы сөйлемдердi топтастыруда мағыналық-тұлғалық принциптер де негiзге алынды. Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлемдер мен басыңқыны айқындаудағы мағыналық белгiлерi мен олардың жасалу жолдары өзара тығыз байланыста қарастырылады (түсiндiрмелi, ыңғайлас сабақтас). (Есенов)

Қазiргi кезде салалас құрмаластың 8, сабақтас құрмаластың 8 мағыналық түрi көрсетiлiп жүр.



Сабақтастардың мағыналық түрлерін саралауда өзіндік ерекшелігі бар таптастырудың бірі - Қ. Шәукенұлының таптастыруы. Автор сабақтастарды төмендегідей мағыналық топтарға бөледі:

  1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

  2. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

  3. Кезектес бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

  4. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

  5. Мәндес бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

  6. Сын-қимыл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

  7. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

  8. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

  9. Түсіндірмелі сабақтас құрмалас сөйлем

  10. Салыстырмалы сабақтас құрмалас сөйлем

  11. Болжалды сабақтас құрмалас сөйлем

  12. Көп тармақты сабақтас құрмалас сөйлем [21: 188-229].

Автор көрсеткен кезектес бағыныңқылы, болжалды сабақтас құрмаластары қазақ тіл білімінде бұрын-соңды айтылмаған сөйлемдер екенін мойындауымыз керек.
Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер

Қазақ тілінде сабақтастардың құрылуында және синтаксистік қатынастың түзілуіне есімшенің барлық түрі ат салыспайды. Бұл қызметті көбінесе әр түрлі көмекші сөздермен бірге келетін немесе қажетті жалғаулар қосылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын құрайтын –ған/-ген, -қан/-кен есімше формасы атқарады. Бұл көмекші элементтерсіз есімшеден құралған баяндауыш пен грамматикалық бастауыш арасындағы қатынас атрибутталған байланыстың шегінен шықпайды. Түркологияда септік жалғаулы есімшелердің функционалды дәрежесі туралы әр түрлі көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар бағыныңқы сөйлем баяндауышы қызметін барлық септіктегі есімше атқара алады десе, ал басқа біреулерінің ойынша, мұндай рөлді есімшелердің кейбір септік формасы ғана атқара алады, ал үшінші бір топ СБҚС-ге есімшелі және көсемшелі оралымды сөйлемдерді жатқызбайды.

Есімшелер барыс, жатыс, шығыс, көмектес сияқты көлемдік септіктер тұлғасында келіп қана бағыныңқының баяндауышы қызметін атқара алады. Өйткені осы тұлғадағы есімшелер ғана етістік сөз табының қасиетін, шақтық қызметін, предикативтілігін, басқа мүшелерді меңгеру қабілетін сақтайды. Ал грамматикалық септіктерде ондай қасиет жоқ.

Біз К. К. Сартбаев пен М. Б. Балақаевтың баяндауыш қызметін тек кеңістіктік қатынасты білдіретін септіктегі есімшелермен байланыстыратын ойына қосыламыз. Бұл септік формаларындағы есімше-баяндауыштар басқа сөздермен қатынасқа түсіп, қимыл динамикасын жеткізеді, оның үстіне мұндай септік көрсеткішіндегі есімше өте жиі қолданылады.

Мысалдар: Ол келгенде, мен үйде жоқ едім. Жақсы жауап бергендіктен, мұғалім оған бес деген баға қойды. Қыстың басы тақау болғанмен, қар әлі түсе қойған жоқ (М. Әуезов).

Профессор Р. Әмір бір ғана -ғанда есімшелі формасының басыңқы сөйлеммен мезгілдік, қарсылықтық (Өзім ит болғанда, нәсілім адам ғой, ішіме симай барады (Ғ. Мұстафин)), шарттық (Кемпірім ашулы, оны жібергенімде, сендерді түгел түтіп жейтін еді (Қ. Мұхамеджанов)) қатынасқа түсетін бағыныңқы сөйлемді құру үшін және ауызекі тілде –ғанда құрылымды жобасы экспрессивті ой білдіру (Сен болмағанда, Төлеужан ағам бола ма болыс! (М. Әуезов)) үшін қызмет ететіндігін көрсетеді.

Есiмшелер мен көсемшелердiң жай сөйлемдi құрмаластыру жолы бiрдей емес. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамындағы көсемше ешқандай қосымша тәсiлсiз, формасыз жай сөйлемдi құрмалсатыру функциясын атқара алатын болса, есiмшелерде ондай қасиет жоқ.

Есiмшелер жай сөйлемдi құрмаластыру үшiн әр түрлi тұлғалық құбылыстарға ұшырап, тиянақсыз формада айтылады. Мұндай тиянақсыз қасиет берiп, есiмше формалы сөздi басыңқы компонентке бағындыра байланыстыратын – оларға жалғанатын түрлi қосымшалар және шылаулар.

Жай сөйлемдi бiр-бiрiмен құрмаластыру функциясында есiмшелердiң барлық түрлерi де қолданылады, бiрақ құрмалас сөйлем жасауда есiмше түрлерiнiң атқаратын қызметi, формалық құбылыстары бiркелкi емес. Мұндай қызметте ең жиi қолданылатыны -ған/-ген, -қан/-кен формалы есiмшелер. Аталған тұлғалы есiмшелер бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында мынадай формаларда және мағыналық қатынастарда қолданылады:


  1. Жатыс септiк жалғаулы а) мезгiл: Жанат iшкi үйге кiрiп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды (С.М.).

ә) шарт: Егер 10 минут кешiккенде, атқа да мiнiп үлгермейдi екенбiз (Х.Е.)

  1. Көмектес септiк /қарс./ Ұлберген кедей болғанмен, киiм-кешектерiн таза ұстайтын едi. (С.М.)

  2. –ша, ше, жұрнақты формада а) мезгiл: Жасақшылар жеткенше, үй иесi дайын отырды.

ә) Салыстыру мәнi: Көп iстеп шала бiтiргенше, аз iстеп бабына келтiр.

Сондай-ақ бағыныңқы баяндауышы түбiр тұлғалық не шығыс, барыс, жалғаулы есiмшеге соң, кейiн, дейiн, берi, гөрi, шылаулары тiркесу арқылы, сондай-ақ шақта, кезде, сәтте, күнi, сағатта т.б. мезгiлдiк мәндегi сөздердiң -дық, -тан, -дiк, -тен қосымшаларының тiркесуi арқылы да әр түрлi мағыналық қатынастағы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасалады.

Есiмшенiң қалған формасының бағыныңқы баяндауышы қызметiнде жұмсалуы тiлде өте сирек кездеседi.

Есімше формасы арқылы құрмаласатын сабақтастардың негізгілері: мезгіл және себеп бағыныңқылар.

Бағыныңқы комонентi басыңқы компоненттегi iс-әрекеттiң мезгiлiн бiлдiретiн сабақтасты мезгiл бағыныңқылы сабақтас деймiз.

Жасалу жолдары: жатыс септiктi есiмше формасы арқылы; есiмшеге кезде, шақта, соң, сайын сөздерiнiң тiркесуi арқылы; барыс септiктi есiмшеге дейiн, шейiн шылауларының тiркесуi арқылы; шығыс септiктi есiмшеге кейiн, берi, былай септеулiктерiнiң тiркесуi арқылы; –а,-е,(ма)+й тұлғалы көсемше; –ысымен, -iсiмен жұрнақты түрi; –п, ғалы, ғанша тұлғалы көсемше; шартты рай тұласы арқылы.

Мезгiлдiк мәннiң берiлуiне қарай олар бiр мезгiлдес және әр мезгiлдес сабақтастар болып бөлiнедi. Бiр мезгiлдес сабақтастардың компоненттерiнде айтылған ой бiр мезгiлде, бiрiнен соң бiрi орындалып жатады. Мысалы: Шай iшiлiп болған кезде, бала да оралып келiп қалды(С.Мұқанов). Әр мезгiлдес сабақтастарда компоненттерiндегi оқиғалардың орындалу мерзiмi әр түрлi дәрежеде болып (бағыныңқыда айтылған ой басыңқыдан бұрын не басыңқыда айтылған ой бағыныңқыдан бұрын ) орындалады. Бағыныңқы комонентi басыңқы компоненттегi iс-әрекеттiң себебiн бiлдiретiн сабақтасты себеп бағыныңқылы сабақтас деймiз. Жасалу жолдары: шығыс септiктi есiмше формасы арқылы; есiмше + соң,; –п, -й тұлғалы көсемше; -ған дықтан; -қаны үшiн, -ған соң; ашық рай +деп.

Шартты рай және басқа есім, етістік формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер

Шартты рай тұлғасының басты ерекшелiгi сол –ол, негiзiнен, бағыныңқы сөйлемнiң баяндауышы қызметiн (жiктiк жалғауында тұрып) атқарады. Әдетте жiктiк жалғауы өзi жалғанған сөзге тиянақтылық беретiн форма деп танылғанымен, шартты рай тұлғасына жалғанғанда бұл қасиетi сақталмайды, сондықтан бағыныңқы жай сөйлемдi басыңқы жай сөйлеммен құрмаластыру функциясын атқара бередi. Бағыныңқы жай сөйлем құрамындағы шартты райдың өзге етiстiк тұлғасынан ерекшелiгi - оның жақтық формада айтылып, өз бастауышымен қиысуында.

Шартты рай формасы арқылы құрмаласатындар, негізінен, шартты және қарсылықты бағыныңқылар.

Бағыныңқы комонентi басыңқы компоненттегi iс-әрекеттiң шартын бiлдiретiн сабақтасты шартты бағыныңқылы сабақтас деймiз.

Жасалу жолдары:

- шартты рай тұлғасы(-са/-се)

- көсемше тұлғасының болымсыз түрi(-ма+й)

- есiмше тұлғасы(-ғанда/ -генде)

Шартты бағыныңқыны мағыналық жақтан бiрде үш түрге (реалды, ирреалды, болжалды) ажыратылса, ендi бiрде екiге бөлiнедi(реалды, ирреалды) қарастырылады.

Реалды шарт бағыныңқы сөйлемдерде хабарланған оқиғаның мазмұнынан iс-әрекеттiң орындалғаны не орындалатыны белгiлi болып тұрады. Шартқа негiзделген оқиғаға нәтиженiң болмысы қайшы келмейдi. Мысалы: Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей(Абай).

Ирреалды шарт бағыныңқыда шартқа негiзделген оқиғаның нәтижесi iс жүзiнде жүзеге аспайды. Мысалы: Егер көңiлдi кiрбең ой баспаса, бүгiн Әбiш атқа мiнiп ап, ағындап шапқылар едi (М.Әуезов).

Болжалды шарт бағыныңқыда шарттың көрiнiсi реалды берiледi де, оның орындалу не орындалмау нәтижесi ықтимал, болжал түрiнде берiледi. Мысалы:Егер мен шақырсам, ақының бiздiң үйге келер ме… (С. Ерубаев).

Бағыныңқы комонент пен басыңқы компонентте бiр-бiрiне қарама-қарсы iс-әрекет баяндалатын сабақтасты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас деймiз.

Жасалу жолдары:

шартты рай тұлғасы арқылы (-са/-се)

шартты рай тұлғасына да/де дәнекерi қосылу арқылы

көмектес септiктi есiмше тұлғасы арқылы

барыс септiктi есiмшеге қарамастан сөзiнiң тiркесуi арқылы

көсемше тұлғасы арқылы (-а/-е/ -й).

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастар қарсылықты мағынаның берiлуiне қарай реалды қарсылықты бағыныңқылы және ирреалды қарсылықты бағыныңқылы болып бөлiнедi.

Реалды қарсылықты бағыныңқыда қарсы мәндегi оқиғаның орындалғаны не орындалатыны баяндалады. Мысалы:Салт аттылар мен ат шана өтiп кетсе де, Әбдiрахман терезеге сүйенiп ұзақ тұрды(Х.Есенжанов).

Ирреалды қарсылықты бағыныңқы сөйлемнiң бағыныңқы сөйлемiнде белгiлi бiр iстi орындау жайында әрекет жасалғанымен, басыңқыда сол әрекеттiң орындалуы терiске шығарылады.Мысалы: Осынша әзiрлiгi бола тұра, ол тойын жасамай кеттi(С.М.).

Бағыныңқы комонент пен басыңқы компоненттегi iс-әрекет салыстырыла берiлетiн сабақтасты салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас деймiз. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтасты теңдес салыстырмалы және әр түрлi ыңғайдағы салыстырмалы сабақтас деймiз.

Жасалу жолдары:



  1. Теңдес салыстырмалы сабақтастар:

а) Бағыныңқы компонетте қандай есiмдiгi қолданылса, басыңқыда сондай үстеу қолданылады. М: Қазiрде Абай көңiлi қандай салқын болса, Дiлдә да сондай салқын (М.Ә.).

ә) Бағыныңқыда қалай есiмдiгi, басыңқыда солай есiмдiгi: Олжабек қалай бұрылса, Жамал да солай бұрылды. (Ғ.Мұст.)

б) Қанша-сонша: Күннiң ұзақтығы қанша болса, еңбек сағаты соншалықты (М.Ә.).


  1. Әр түрлi ыңғайдағы салыстырмалы сабақтастар: а) Бағыныңқы және басыңқы сөйлемдер құрамында өзара салыстырыла жұмсалған сөздер болады. Үлкендер пышпақ тұмақ кисе, соңғы жылдары боз баланың көбi осындай түлкi тұмаққа ауысқан едi.

ә) Мағынасы жағынан бiр-бiрiне қарама-қарсы жұмсалған сөздер қолданылады. М: Надан Малқар ескi әдетiмен елдi қорқытып ұстамақ болса, залым Шәлкендер алдап ұстамақ. (Ғ.Мұст.).

б) Бағыныңқы компонеттiң баяндауышы болса, сияқты түрiнде аяқталып, келесi компонеттегi оймен салыстырылады. М: Я, мен көк ит болсам, сендер көп итсiңдер (М.Ә.).

Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыруда есім, басқа етістік формалары да қатысады:

Есім сөздердің сабақтастарды байланыстыру функциясы дегенде мына мәселеге баса назар аударған жөн: есімдер бағыныңқы баяндауышы қызметін дара тұрып атқара бермейді. Мұндайда есім сөзге тіркескен көмекші етістіктерді және осы көмекші етістікке жалғанған есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларын ескергеніміз жөн. Бірақ көмекші етістіктер жеке тұрып бағыныңқы сөйлем баяндауышының қызметін атқара алмайтындықтан, құрама баяндауыш құрамындағы есім сөз басты семантикалық мәнге ие болады да, белгілі бір тұлғадағы көмекші етістікпен бірге өзі тұрған компонентті келесі компонентпен байланыстыру функциясын атқарады. Мысалы: Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Күн салқын болғанмен, ауа қапырық. Бласы үйленіп, көңілі жайланғандай болды.

Басқа етістік формалары арқылы құрмаласатындар, негізінен, мақсат бағыныңқылар. Бағыныңқы компонентi басыңқы компоненттегi iс-әрекеттiң мақсатын бiлдiретiн сабақтасты мақсат бағыныңқылы сабақтас деймiз.

Жасалу жолдары:

1) Тұйық райлы етiстiк + үшiн

2) бұйрық райлы етiстiк +деп

3) –ар формантты есiмше + деп.

Мақсат бағыныңқылы сабақтастың синтаксистiк компоненттерiнде арнайы грамматикалық бастауыштары болуы қажет, бұлай болмаған жағдайда сабақтас құрмалас емес, жай сөйлемнiң күрделенген түрi деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет