Жұмыстың практикалық маңыздылығы – бастауыш мектепте тіл сабағындағы жазуды оқыту мен жүргізілу мүмкіндіктерін ашып, қолдану жолдарын білімгер өзі әдістерін құру арқылы ұсынады.
Зерттеудің теориялық мәні – оқу, жазудың жалпы даму тарихына, оқу, жазуды зерттеген әдіскерлер, гигиенистердің, физиологтардың еңбектеріне шолу жасалынды.
Зерттеудің методологиялық негізі - бастауыш мектептің 1,2, 3,4 –ші сыныптарындағы оқу, жазуды үйрету сабағын жүргізудің қажеттілігімен пайдасын анықтап көрсетті.
Дипломдық жұмысымызда қолданылған зерттеу әдістері – оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ – синтез, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым.
Зерттеудің өміршеңдігі – оқу мен жазуды байланыстыра жүргізген жеке тұлға, сауатты да жан – жақты болып дами алады.
Зерттеу кезеңдері – 1. Кезеңде ғалым - әдіскерлер, физиолог – гигиенистер еңбектеріне шолу және талдау жасалып (реферат, баяндама, жаттығу) теориялық негіздері қарастырылды.
2. кезеңде білімгерлер арасындағы ғылыми – практикалық конференцияда «Көркем жазу сабақтарын жүргізудің жаңаша жолдары» деген тақырыппен баяндама жасалынды. Ғылыми жұмыс негізінде «Білімгер - зерттеуші» атағы берілді
3. кезеңде жүргізілген жұмыстар негізінде диплом жұмысын жалғастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |