Диплом жұмысы тақырыбы: «Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар»



бет9/13
Дата28.11.2023
өлшемі321,5 Kb.
#193956
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дип.-Ұлы-Жібек-жолындағы-ортағасырлық-қалалар 2

2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары
Оғыздар державасы Орта Азия мен Европаның саяси және соғыс тарихында маңызды роль атқарған. Оғыздар Орта Азияға шапқыншылық жасаған, Хорезм және құдыретті Хазариямен бақталас болған. Тарихи дәректер оғыз патшасы мен Киев князі Святослав арасында 965 жылы хазарларға қарсы әскери келісім жасалу фактісін мәлімдейді. Олар да, бұлар да нақты саяси мақсаттар мен экономикалық пайда көздеген.
Назар аударарлық мәселе – қыпшақтардың ХІ-ХІІІ ғғ. Орта Азияның ең құдіретті мемлекеттерінің бірі болған Хорезммен ара қатынастары. Хорезм мен қыпшақтардың әскери соқтығыстары бітім жасаумен және қыпшақ хандарының хорезмшах вассалдары болуымен аяқталған. Алайда көп кешікпей қыпшақ ақсүйектері өз қолдарына шешуші әскери мансаптарды шоғырландыру арқылы сарайдағы ең күшті топқа айналады. Оның үстіне, қыпшақтың бір қожасының қызы Тұрқанхатун соңғы хорезмшах Мұхаммедтің анасы болған. [14]
ХІІІ ғасырдың басында Хорезмшах Мухаммед қыпшақтарды әбден бағындырып алды.
Оғыздан, онан соң қыпшақтар иелік еткен қалалар қазір археологиялық ескерткіш қала қалдықтары ретінде тұр, оларды зерттеу және қазбалау жұмыстары құлашын әлі де кең жая алған жоқ. Сондықтан қазір олардың көбінесе сыртқы топографиясы мен материалдық мәдениетінің кейбір жақтары белгілі.
Жанкент атауымен белгілі Яншкент қаусырықтары Сырдарияның оң жағалауында Қазалы қаласынан алыс емес жерде жатыр. Көне қаланың сыртқы пішіні өлшемдері 375х255м. тік бұрышты төртбұрышқа ұқсас болып келген. Солтсүтік-батыс бұрышында өлшемдері 100х100м, және биіктігі 7-8м, ішкі қамал орналасқан. Қаусырықтардың топографиясында шығыс және батыс қабырғаларындағы қақпаларды байланыстыратын негізгі үлкен және кіші бағыты оқылады. Мұнда б.д.д. бірінші ғасырлардан ХҮІІІ ғасырларға дейін жерлеу жүргізілген. Бір уақыттарда майолик плиткалар және кірпіштер мен қапталған тозығы жеткен ХІІІ-ХІҮ ғғ. Мавзолейлері назар аударарлық, Жанкенттің Сырдариядағы бұзылған ескі қала қалдықтарының ең ірілерінің бірі және археологиялық зерттеулер үшін перспективалы екендігі даусыз. Бұны Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеушілері де өте жақсы түсінген. Жанкентке П.И. Лерх, суретші В.В.Верещагин назарларын аударған. Верещагин бұл жерде тіпті кішігірім қазба жұмыстарын да жүргізген. Белгілі орыс ғалымы В.В.Стасов: «...Неліктен Жанкенттің жанындағы көне қалаға біздің Помпей болмасқа!» - деп жазған.
Ескерткіштің маңыздылығын қала қалдықтарына 1867 жылы күзет ұйымдастырған, қаусықтардың арасынан күйдірген кірпіштерді талан – таражға түсіріп тасымалдаумен күрескен орыс офицерлері де түсінген. Жанкент б.д. бірінші – ХІІІғғ. даталанған. [15]
Жанкенттің қасында Сырдарияның ең төменгі сағасында тағы бірнеше оғыз қалаларының қаусырықтары жатыр.
Оғыз және қыпшақ қалаларына Жент-Жаңқала жатады. Оның қаусырықтары Жаңадрияның оңтүстік жағасында, Қызылордадан солтүстік-батысқа қарай 300 шақырымдай жерде орналасқан. Көне қала бекініс қабырғасымен қоршалған және ауданы 40 га шамасында. Қаланың солтүстік батыс бұрышында квадрат төбе ұсқынды ішкі қамал орналасқан. Қала айналасындағы бекініс қабырға кейбір жерлерінде 8м биіктігінде сақталған. Женттің айналасында каналдар арналары, ирригациялық тораб, бау-бақша қалдықтары, құрылыс іздері сақталған. Қала І-ХҮІІІғғ.-мен кезеңделген, алайда көтерме материалдарға қарағанда, қала әсіресе интенсивті түрде Х-ХІІІғғ.-да өмір сүрген. ХІІІ ғ. Жент қыпшақ мемлекетінің астанасы болған.
Қалада осы уақытта тиын соғылған деген деректер бар, қалай болғанда да «Жент» деген жазуы бар күміс дөңгелек бір қазнаның құрамында табылған.
Сығанақ қаласы туралы алғашқы рет Хғ. жазбаша деректерінде айтылған, ал ІХ ғ. оны Махмұт Қашқари оғыз қалаларының ішінде атап өткен.
ХІІ ғасырда Сығанақ қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің астанасы болады.
Сығанақтың айналасында Сырдариядан Төмен-арық және Бұзғыл-Ұзақ арқылы шығарылған каналдармен және Қаратаудан ағатын Мыңбұлақ, Шолақ, Арсланды, Қызыл-тала, Келте-Шалғыз тау өзендерінен шығарылған арықтармен суғарылып айдалған жерлер жатқан. Ол каналдар мен арықтардың көне қала маңайында әлі күнге дейін сақталған.
Қала, басқа да көптеген Сырдария қалалары сияқты, ХІХғ. Орта шенінде иесіз қалған, бірақ осы күнге дейін бұл және Сырдарияның басқа қалалары туралы Ұлы Жібек жолы трассасындағы ірі сауда орталығы ретінде халық аңыздары мен ертегілері сақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет