2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы мен Оғыз және және Қыпшақ қалалары Сауранның жеті қабырғасы. Сырдария белінде белгілі қалалардың бірі – Сауран. Өз атауын сақтап қалған Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жатыр. Қала туралы бірінші деректер Х ғасырдан әйгілі. Х ғасырдың белгілі араб географы қаланы былай деп сипаттаған: «Сауран бірінен кейін бірі 7 қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан. Ол гүздер мен қыпшақтарға қарсы құрылған шегаралық бекініс қамал».
Кейінірек ол туралы Ибн-аль-Асир мен Якут Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі мәдени және сауда -өнеркәсіптік орталық ретінде жазған. ХІІІғ. ортасында Сауран Савран атауымен армян патшасы Гетумның жол бағдарламасында Сығанақ /Сгнах/, Қарашық /Карачук/ және Асон /Яссы/ қалаларымен бір қатарда аталған.
ХҮ ғасырдың бірінші жартысында джучидтер кезінде Сауран тіпті Ақ-Орданың астаналық ортасы болған.Қалада 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың патшасы Сасы-бұқа жерленген. Оның ұлы Эрзен Сауран және басқа қалаларда медресе, хапака, мешіттер салған.[6] Аcтаналық орталық ролін Сауран кейінгі кезде де сақтап келген. ХҮ ғ. 80-ші жылдары қаланы алғашқы қазақ хандарының бірі Жәнібектің ұлы Иренші-сұлтан билеген.[7] ХҮІ ғасырлық Сауранды Рузбихан толық сипаттаған. Ол оны «аса жайлы» тамаша қала, өте сауықшыл, жарқын, жанға шипа болып, бойды сергітетін жұмсақ ауасы бар ... бүкіл аймағында әр түрлі әдемі ағаштар өскен және көрінген. Қаланың өзі биік қабырғамен қоршалған... ал оның айналасында - ор». [8]
Қала туралы құнды деректер мұнда 1514-1515 жылдары тұрған ақын және жазушы Басифидің мемуарында бар. Ол қаланың аса көрнекті ғимараттарының бірі теңселмелі екі мұнарасы бар медресе туралы мәлімдейді: «Оның айванының иықтарына орасан зор және аса келіскен екі биік мұнара қойылған. Ол мұнарлардың «гүлдастына» екі шынжыр бекітілген, ал әр мұнараның күмбезінің астына бөренені қатты күшпен қозғалысқа келтірсе, шынжыр тербеледі де, қарама-қарсы мұнарада тұрған адамға мұнара құлап кететін сияқты көрінеді, ал бұл - әлем ғажаптарының бірі».
Васифи Қазақстан үшін әдеттен тыс кяриздер – жерасты суларды сыртқа шығаратын жерасты галереялар көмегімен қаланың сумен қамтамасыздандырылғанын да сипаттайды. Васифидің айтуынша, «олар сияқтыны бүкіл әлемдегі жер мен суды шарлап шыққан адамдар да көрмеген». Олардың құрылысында 20 индиялық құлдар жұмыс істеген. Кяриздердің бастауы Саураннан бір фарсах жердегі қашықтықта болған, оның үстінде қамал салынған, қамалдың ішінде терең құдық қазылған, 200 гяз, жер бетінен суға дейін 50 гяз, құдықтағы су діңгегі 150 гяз болған, суды шығыр арқылы көтерген. Шығыр бұқамен қозғалысқа келтірілген. Кяриздердің басында су қоймасы орналасқан. Кяриздердің біреуінің суымен суғарылатын жер участогінде бағы, жүзім бақшасы және шаруашылық қора-қопсылары бар шарбақ орнатылған.
Кезінде Сауран мықты қамал болған, қала бекіністері туралы айта кетуді замандастары өздеріне борыш тұтқан. Мысалы, Хафиз Таныш қаланың қорғаныс биналарының және сумен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыздандырылуының арқасында бірнеше ай бойы жау қамауына төтеп бере алатындығын мәліметтейді. Сауранның бекініс жүйесінің ішінде ол мұнаралары және кіріп шығатын есіктері бар қамал қабырғаларын, қорған дуалын, орын атаған. «Сауран бекінісінің күші мен мықтылығы соншалықты, тіпті құйты тағдыр қолы оның дуалының кенересіне де жетпеген».
Сауранды археологиялық жағынан бақылау бұдан 100 жылдан астам уақыт бұрын басталған. Ол туралы П.И. Лерхтың шығармаларында, П.И. Пашиноның жол жазбаларында, А.И.Федченконың берген есебінде айтылған. Олардың бәрі ескі қала қалдықтарының, оның қабырғаларының жақсы сақталғандығы туралы, медресенің қаусырықтары туралы жазған. [9]
Көне қала қалдықтарының бірінші археологиялық зерттеулерін біздің жүзжылдықтың 40-жылдарында А.Н.Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Ескерткіштің көрнекі сырт пішіні жобаға түсіріліп, Алынған материалдар негізінде кезеңдеме ұсынылған. [10]
Қала тарихы жайында айтыс туғызған мәселелердің бірі болған оның қоныстанылу мәселесі. Егер ХІІІ-ХҮІІІғғ. Сауранның орналасқан жері күмән туғызған болса және оған Сауран атты ескі қала қалдығы сәйкес келсе, моңғолдарға дейінгі қаланың қонысы тура тауып көрсетілмеген болатын. Мәселе көне Сауран қаласының ХІІІғ. дейінгі материалдары бар қабаттарының жоқтығында, яғни бұл қала ХІІІ ғасырда пайда болып, ХҮІІІғ. дейін өмір сүрген.
Тек Қаз.ССР ҒА АЭҒЗИ-нің ескерткіштер жинағы археологиялық экспедициясының ескі Сауран қаласының микроауданында жасаған тиянақты зерттеулері моңғолдарға дейінгі Сауранның орналасқан жері жөніндегі сұраққа сенімді жауап беруге мүмкіндік туғызды. Сауран-төбе атты ескі қала қалдығы жатыр. Онда әлденеше рет зерттеушілер болып, қаланы б.д. бірінші-ҮІғғ. - мен кезеңделген.
Алайда жаңа зерттеулер Қаратөбе өмірі кезеңін қайта қарастырып, оны б.д. бірінші ХІІ ғасырларына жатқызуға мүмкіндік берді.
Көне қала орнына ақ ангобаның үстінде ХІ-ХІІ ғасырларға тән мөлдір жалатпасы бар және жасыл, қызыл, қоңыр бояулармен көркем суреттелген су құятын тостаған сынақтарының бай коллекциясы жиналып алынған.
Сонымен, ҮІ-ХІІ ғасырлардың Саураны Қаратөбе көне қалашығының орнында болған, ал ХІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Сауран жаңа жерде орналасқан және оған өзіне аттас ескерткіш сәйкес.
Соңғы жылдардың зерттеулерінде бұл көне қала қалдықтарының сипаты туралы жаңа мәліметтер алынған, ал археологиялық-топографиялық байқаулар мен жазбаша деректерді салыстыру орта ғасырлардың аяқ шеніндегі Сауранның көрінісін толығырақ елестетді мүмкін етеді.
Көне қаланың аэрофотосуреттерінің мәнін ашу, топожобаларды талдау-көрнекті зерттеулермен қосыла келе – қаусырықтарды былайша сипаттауға мүмкіндік береді.
Сауран қалдықтары жобасында құлап шөккен бөліктері 3-тен 6м., дейінгі биіктігінде сақталған қабырғамен қоршалған сопақ алаң. Ол солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 800м және солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 550м-ге созылған. Қала ауданы төңірегіндегі жерлерден 2-2,5м көтеріңкі. Қала қабырғасы биіктігі 2-3м, стилобаттың үстіне тұрғызылған. Оның сыртқы бөлігі берма болып келген. Қабырға шикі кірпіш пен пахсадан жасалған, оның бойында екі қабатты, дөңгелек, қабырғадан жуандау 4 мұнара орналасқан. Жоғарғы қабаты күмбезбен жабылған, Ал күмбездің тіректерінің қалдығы осы күнге дейін сақталған. Мұнараның жазықтығында зеңбірек атуға арналған жіңішке саңыраулар ойылған. Қаланың 2 қақапасы болған. Бас қақпасы қабырғаның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және ол екі жағынан сыртқа қарай шығыңқы тұрғызылған 2 қабатты қорғаныс мұнараларымен бекітілген мықты фортификациялық бина болған. Кіретін жері – қабырғаның шығып тұрған кесінділерінен құралған 20-метрлік коридор тәріздес өткел. Екінші қақпасы қала қабырғасының оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылған. Шығыс жағында мұнараның ішінде тағы да бір қалаға кіретін, құпия болу керек, ені 1,2м биіктігі 1,7 м есік болған.
Қабырғаның сыртын айналдыра тереңдігі 1-3м дейін, ені 15-20м ор қазылған. Одан шығарылып тасталған топырақтан биіктігі 1-1,5м, ені 5м үйінді-дуал қалған. Солтүстік-шығыстағы қақпадан басталған орталық көше қала территориясын солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай қақ бөлген. Қабырғаның оңтүстік батыс бөлігіне 150м жетпей ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған төте көшеге келіп тіреледі. Бұл көшенің бір бөлігі оңтүстік-шығыс қақпасына шығады. Екі үлкен орталық көшеден басқа көне қала топографиясында шиеленісе тармақталған жол торабын құрайтын көптеген кішігірім көшелер мен мұқалмалар байқалады. Солтүстік-шығыс жағындағы қақпадан 210м жерде орталық көшенің сол жағында күйдірілген кірпіштен жасалған үлкен бина қалдықтары жатыр. Бұл үстін күйдірілген кірпіш пен қыр сынықтары жауып қалған төбе қалдықтары. Төбе жобасында өлшемдері 100х100 м үшбұрыш формалы, ал көптеген глазурь жалатқан сылақтың бөлшектеріне қарағанда, дәл осы жерде жазбаша деректер мәлімдейтін медресе тұрған.
Орталық қаусырықтардың радиусы 1400-1600м айналасында тығыздығы әртүрлі болып салынған қора-жайлы, бау-бақшалы жеке қоныс қалдықтары жатыр.
Әр-бір қоныстың үй-жайы мен жері айнала қабырғамен қоршалған. Жерінде бақша дақылдары, жүзім, жеміс –жидек және дәнді дақылдары өсірілген. Әсіресе бақша дақылдары егілген жерлер анық байқалады.
Ұқсас ортасында суаты бар квадраттағы бөлінген тік бұрышты төртбұрыш болып келген бау-бақша отырғызу жобасы Шаһарлық төңіректерінде және Сол жағадағы Хорезмдегі Дэвкескенде кездеседі.[10] Ал бақшалардың молдығы Жаңадариядағы ХҮІІІ-ХІХғ.ғ. түркімендер тұрған жерлерде байқалады. [11]. Жеке қоныс аудандары әртүрлі. Ішіндегі ең ірілерінің өлшемдері 150-110, 180-90м. және алатын орны 1,5-1,8га. Орташа қоныстың ауданы 1га-ға дейін, ал кішілері 0,5ға-дан аспаған. Орташа қоныстар саны басымырақ. Барлығы – Сауранның ауыл шаруашылық аймақтарының аэрофотосуреттері негізінде жасалған болжалды есеп бойынша – 350 қоныс шамасында.
Көтерім материал – керамика, тиындар Сауран маңайындағы жеке қоныстардың өмір сүрген уақытын ХІІІ-ХІҮ және ХҮ-ХҮІІІ ғасырлармен кезеңдеуге мүмкіндік береді.
Алда айтылғандай қаланы сумен қамтамасыз ету және қала төңірегіндегі бақтарды суғару кяриздер көмегімен жүзеге асырылған. Кяриздердің қалдықтары басында қаланы самолеттен қарап шыққанда байқалған, соңынан аэрофотосуреттерде белгіленген. [12].
Кяриз күрделі және орасан зор еңбекті қажет ететін бина. Оның құрылысы мен тазартылуы тек ауыр еңбекпен ғана емес, өмір үшін де зор қауіп-қатермен сыбайлас болған. Жер қазушыларға үстеріне жер опырылып құлау, шахта газдарына тұншығу, кенеттен су атқылап шығу қатерлері әрдайым төніп тұрған. Васифи Сауран кяриздері туралы былай деп жазған: «Бір уақытта құдық ішіндегі ауа бұзылып, жұмыс істеуге болмайтын жағдай туды. Сонда құдықтың бір жағынан оның түбіне дейін мөлшері кішірек арықтай жол қазып, оның ішінен былғарыдай ұстаның көрігін орналастырды да ауа шайқады, ал жер қазғыш шеберлер жұмыс істеп жатты. Су фонтаны болып атқылап шыққан жағдайда батып кетпес үшін жер қазушылар белдеріне 2 асқабақтан байлап алып жұмыс істеді». [13]
Орта Азия мен Қазақстан территориясын кяриздер арқылы суару Туркменияда кең өріс алған. Онда жақын уақытқа дейін, тіпті қазірдің өзінде де бірнеше кяриздер қолданылып келеді. Олардың ішінде ұзындығы 2,8 шақырым құдықтарының ең тереңі 19,9м. Ал су кірісі секундына 20,5 Исберзен, ұзындығы 2,36 шақырым, 70 құдығы бар және су кірісі секундына 176л. Хан-кяриз, Дэв. Ишан және т.б.
Бұхара хандығында кяриздер Нұрат өңірінде қолданылған. Әзірбайджанда жақынға дейін кяриз саны 812 болған.Кяризбен суғару жұмысы әбден жетілдірілген Иран жерінде ұзындығы 50 шақырымға дейін кяриздер болған. Сонымен, Сауран кяриздерін соларға ұқсас биналармен салыстыру олардың кең өріс алғанына және Сауран аймағында кяриз арқылы суарудың зор маңызы болғанына куәлік етеді. Көне Сауран қаласы, өзінің биік, қазірге дейін жарым-жартылай бүтін қалған қабырғаларымен, тұрғын кварталдары және қоғамдық ғимараттары қаусырықтарымен, уникальды кяриздермен, төңірегіндегі қоныс-жайларының қалдығымен және ежелгі егінді жерлерімен Қазақстанның аса құнды археологиялық және архитектуралық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Бұл Қазақстан және Орта Азия халықтары ата-бабаларының еңбегі мен мәдени өмірінің ерекше музейі. Сауранды қорғау әрекеттерін жасау және жоспарлы түрде зерттеу – ғалымдарының, Совет органдарының, бүкіл республика жұртшылығының алдында тұрған актуалды міндеттерінің бірі.