5.4.3 ШАМАДАН АРТЫҚ ЖҮКТЕЛУДЕН ҚОРҒАУДЫ ЕСЕПТЕУ
Шамадан артық жүктелуден қорғауды шектелген тәуелді сипаттамалары бар бір ғана РТ-80 релесі жүзеге асырады. Қорғау уақыт шыдамдылығы бар сигналға жұмыс істейді. Іске қосу тоғын трансформтаордың номинал тоғы кезіндегі реленің артқа қайту шартынан таңдайды:
IСЗ= . (11)
Шамдан артық жүктелудің қорғауының әсер ету уақыты МТҚ қарағанда бір саты жоғары таңдалады:
tпер = tмтз + t = 1,3+0,5=1,8c.
5.4.4 АВТОМАТИКА ЖӘНЕ СИГНАЛ БЕРУ
Қосалқы станцияларда автоматиканың келесі түрлері қарастырылған:
1) Резервті автоматты қосу (АВР). РАҚ қоректендіруде немесе қондырғыларда барлық жағдайда ескеріледі, электр жабдықтау шығындар туғызғанда, РАҚ құрылғысының орнату құнынан барынша асатын. Трансформаторлардың біреуі зақымдалған кезде, оның ажыратылуы жүзеге асырылады және секциалық ажыратқыш автоматты түрде қосылады, соның арқасында тұтынушыларды тоқтаусыз электрлік жабдықтаумен қамтамасыз етеді.
2) Трансформаторларды автоматты қайта қосу (АПВ) апаттық ажыратылудан кейін олардың қалыпты жұмысын автоматы түрде қалпына келтіруге арналған, трансформатордың ішкі зақымдалуына байланысты емес. Трансформаторлардың АҚҚ бір жақты қоректенуі бар бір трансформаторлық қосалқы станциаларда міндетті түрде болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |