Диплом жұмысымды жазуда пайдаланатын әдебиеттер тізімін алып



Pdf көрінісі
бет20/32
Дата04.01.2022
өлшемі1,09 Mb.
#109559
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
педагогика
1.4

 

Тура әдіс 

 

«Әдіс»  түсінігі  (грек  тілінен  methodos  -  танып-білу  және  зерттеу  жолы) 



мақсатқа  жету  тәсілі.  Әдістеменің  базистік  категориясы  бола  тұрып,  оқыту 

әдістері  оқыту  жүйесінің  компоненттері  болып  табылады.  Оқытудың  сәйкес 

әдістемесінсіз оқудың мақсаты мен тапсырмаларын іске асыру мүмкін емес.  

Бұл  түсінік  қазіргі  заманғы  ғылымда  үш  мағынада  қолданылады:  жалпы 

әдістемелік(қоғам мен табиғат құбылыстарын зерттеу тәсілі, танып-білу құралы 

ретінде),  жалпыдидактикалық(білім  мазмұнын  игеруді  қамтамсыз  ететін 

оқытушы  мен  оқушының  бірлескен  іс-әрекетінің  жүйесі)  және  жеке 

дидактикалық немесе спецификалық әдістеме(оқытушының оқыту әрекетіндегі 

стратегисын анықтайтын, оқуға бағыт беру әдісі). 

Бұл  әдістердің  көмегімен  қоршаған  ортаны  танып  білу  жүзеге  асады. 

Жалпыметодикалық әдістерді жасауда ерекше орынды грек философы Сократ, 

Платон, Аристотел; неміс классикалық философиясының өкілдері Кант, Фихте, 

Гегель алады. Гегельдің дидактикалық философиясында танып-білу процесінің 

анализі дамыды, бұл қоршаған ортаны танудың жалпыға ортақ әдісі сипатында. 

Жалпыметодологиялық  әдістерді  екіге  бөлу  көзделген:  мазмұнды  және 

формальды. 

Біріншісі, 

ғылыми 


теорияның 

өзгеру, 


жұмыс 

істеу, 


заңдылықтардың туу, ғылыми білім жүйесін дамуды қамтамсыз етеді, екіншісі 

ғылыми  тілін  анализдеумен,  білім  білім  жүйесінің  типологиясымен 

байланысты.  Оқытушы  үшін  жалпыметодологиялық  әдістерді  білу  маңызды, 

лингводидактика  саласында  зерттеу  әрекетінің  методологиялық  негізі  ретінде 

қолдану  жолдарын  танып-білу  тәсілдерімен  формаларын  анықтайтын 

методологилық  әдістерді  білген  жөн.  Салыстыру  әдісі  зерттеу  объектісіне  тән 

оқтықты  көрсетуге  зерттеліп  жатқан    объектіге  тән  жаңалықты  анықтауға 

мүмкіндік  береді,  ал  модельдеу  әдісі  –  оқу  процесін  құру  үшін  жасалатын 

оптимальды  жағдайларды  анықтау,  жаңа  және  бұрыннан  бар  объектілердің 

сипатын  анықтау.  Лингводидактика  саласында  көптеген  зерттеулердің 

методологиялық    негізі  болып  танып-білудің    диалектикалық  әдісі  саналады, 

бұл  зерттеу  пәнінің  ғылыми  –  теориялық    концепциясын  құру  тапсырмасын 

шешеді.  

Жалпы  дидактикалық  әдістер. 

Оқытудың  бұл  әдістері  универсалды 

болып  табылады.  Оларды  түрлі  оқу  орындарында  тәрбие,  білім  беру,  оқу 

мақсатына  жету  үшін    қолданылады.    Жалпыдидактикалықтың  қатарына, 

мысалы,  жаңа  материалды  түсіндіру  немесе  үлгерімді  бақылау  жатады.  

Универсалды  бола  тұра,  жалпыдидактикалық  әдістердің  әр  пәнде  өзінің 

спецификалық  көрінісі  бар,  бұл  көрініс  оның  ерекшеліктерін  көрсетеді. 

Осылайша, оқытудың жалпыдидактикалық әдісі білім, тәрбие және оқушының 

мақсатына жетуіне бағытталған, оқушы мен оқытушының бірлескен әрекетінің 

жиынтығы.    Бұл  принциптер  түрлі  белгілеріне  қарай  классификацияланады:  а) 

іскерлік  пен  дағдыны  қалыптастыру,  білім  алудың  шығу  көзіне 

байланысты(мұғалім  сөзі,  әңгіме,  тілді  анализдеу,  жаттығу,  мәтінмен  жұмыс, 

көрнекілік  құралды  қолдану);  б)  оқушылардың  оқу  процесіне  қатысу  сипаты 



 

26 


мен  деңгейіне  байланысты(активті  және  пассивті  әдістер);  в)  оқушылардың 

жұмыс істеу қабілетіне байланысты (ауызша және жазбаша, сыныптық және үй, 

жеке ұжымдық әдістер). 

Қазіргі кезде жалпыдидактикалық әдісті классификациялау кең таралған. 

Осыған  байланысты  мынадай  әдістерді  көрсетуге  болады:  оқу  пәнін  игеруді 

қамтамасыз  ететін(сөздік,  көрнекі,  парктикалық  репродуктивті,  индуктивті, 

дедуктивті);оқу  әрекетін  тартымды  ететін(рөлдік  ойындар,  талдау,  жобалау 

әдісі);оқу  әрекетін  бақылау  және  өзін-өзі  бақылау(сынақ,  емтихан,  сұрақ  және 

т.б.). 

Әдістерді  жүзеге  асыру  оқытушы  мен  оқушының  қатысуымен 

болатындықтан,  әдістердің  бір-бірімен  тығыз  байланысты  екі  тобы  түрінде 

қарастыруға  болады;  сабақ  беру  (жаңа  материалды  түсіндіру  үшін,  игеруді 

ұйымдастыру  және  игерілгенді  бақылау)  және  үйрену  (практикалық  және 

танып-білу әрекеті процесінде оқушылар қолданылады). 

 

«кесте 2» 



Жалпы дидактикалық әдістер   

                                                                       

Үйрету әдісі 

Үйрену әдісі 

Көрсету 

Түсіндіру 

Жаттығуды ұйымдастыру 

Қолдануды ұйымдастыру 

Түзеу 

Баға 


Танысу 

Түсіну 


Жаттығуға қатысу 

Практика 

Өзін-өзі тексеру 

Өзін-өзі бағалау 

                                                                                                              [8]. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет