бойынша
сабақтың өтуі мен ұйымдастырылуы былайша өтеді: оқу
материалының кіріспесі мен бекітілуі қарым-қатынас ситуациясы мен тақырып
қолданылуымен өтеді, бұл қарым-қатынас ортасы сабағының мазмұнын
көрсетеді.
Тілді игерудің қарапайым деңгейіне 100-120 оқу сабағы беріледі, сәйкес
коммуникативті тапсырмаларды жүзеге асыратын бір тақырып көлемінде
күнделікті және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынас ситуацияларында іске
асады. Егер де тілді иеңгеру процесі қарым-қатынастың шынайы жағдайларына
жақын және оқушылардың қызығушылығын көрсететін ситуациялар мен
тақырып материалдар негізінде ұйымдастырылса, тілдік іскерліктер мен
дағдылардың қалыптасуы табысты өтеді.
Оқытудың принциптері әдістеменің базистік категорияның бірі, оқу
жүйесіне деген талаптарды анықтайды. Олар жалпылау результаты ретінде
педагогикалық
практика
қажеттілігінен
пайда
болған,
Пассовтың
пайымдауынша «оқыту процесі» болып табылатын тапсырманың фундаменті.
Оқытудың барлық принциптері бір-бірімен байланысты, олардың ешқайсысы
универсалды болып табылмайды. Оқыту үшін оқудың принциптерін білу ғана
маңызды емес, сонымен қатар оқудың түрлі этаптарында сабақтарды өткізу
және ұйымдастыру кездерінде оларды қолдана алу [6].
|