Диплом жұмысын жазу барысында студент алдына қойған мақсатына толық жеткен деп санаймын. Жалпы, диплом жұмысын



Дата18.04.2020
өлшемі26 Kb.
#62995
түріДиплом
Байланысты:
Сын пікір

Қазақстан Халықтар достығы университетінің

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты

С 117-41 Ағыбаева Мөлдірдің «Т.Ахтанов

романдарындағы шындық және көркемдік

шешім» тақырыбындағы диплом жұмысына


СЫН ПІКІР
Қазақ әдебиетінде алыптар шоғырының ізін басқан, тарландар тобы көш басшыларының бірі – сөз зергері Тахауи Ахтановтың прозалық шығармалары арнайы дипломдық жұмыста проблема ретінде қарастырылуы заңды. Ахановтай кемел таланттың шығармашылығын әлденеше қырынан зерттеуге болады. Қандай да болмасын ірі қаламгер тудырған көркемдік әлем бір типті, бір ізді ғылыми таным шеңберіне сыя бермейтіні мәлім.

Ал студент Тахауи қалам тартқан төрт арнаның ішінен прозалық шығармаларын таңдап алған. Оның қаламынан туған алғашқы «Күй аңызы», «Қызғаныш», «Алыстан жеткен сарын» әңгімелері мен «Махаббат мұңы» повесінен бастап, әлем әдебиетінің таңдаулы мұрасына айналған «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдарына дейін адамзаттың сонау балаң шағынан бастап, бүгінгі өркениеттік шырқау шыңына дейін өзекті де басты мәселе болып отырған адамгершілік ізденістерге толы.

Диплом жұмысында пайдаланылған пікір-тұжырымдар, жасалған сілтемелер жұмыс мазмұнын ашуда салмақты рөл атқарған. Қорыта айтқанда, ізденуші тақырыпты терең меңгеріп, негізгі зерттеу нысанын жан-жақты ашқан. Зерттеу жұмысының негізгі бөлімдері бір-бірімен тығыз байланысты және жүйелі.

Диплом жұмысын жазу барысында студент алдына қойған мақсатына толық жеткен деп санаймын. Жалпы, диплом жұмысын «өте жақсы» деп бағалауға болады.

Пікір жазған ф.ғ.к. К.Хамидуллаев
Қазақстан Халықтар достығы университетінің

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты

С 117-41 Ағыбаева Мөлдірдің «Т.Ахтанов

романдарындағы шындық және көркемдік

шешім» тақырыбындағы диплом жұмысына

ПІКІР
Ахтановтай кемел таланттын шығармашылығын әлденеше қырынан зерттеуге болады. Қазақ әдебиетінде алыптар шоғырының ізін басқан, тарландар тобы көш басшыларының бірі – сөз зергері Тахауи Ахтановтың прозалық шығармалары арнайы дипломдық жұмыста проблема ретінде қарастырылуы зеңды. Қандай да болмасын ірі қаламгер тудырған көркемдік әлем бір типті, бір ізді ғылыми таным шеңберіне сыя бермейтіні мәлім. Сондықтан Т.Ахтанов шығармашылығы да күрделі әрі жүйелі зерттеуді қажет ететіні сөзсіз. Әдеби әлеміне өзіндік дара қолтаңбасын қалдырған суреткер.

Диплом жұмысында пайдаланылған пікір-тұжырымдар, жасалған сілтемелер жұмыс мазмұнын ашуда салмақты рөл атқарған. Қорыта айтқанда, ізденуші тақырыпты терең меңгеріп, негізгі зерттеу нысанын жан-жақты ашқан. Зерттеу жұмысының негізгі бөлімдері бір-бірімен тығыз байланысты және жүйелі



Диплом жұмысын жазу барысында студент алдына қойған мақсатына толық жеткен деп санаймын.

Пікір жазған: М.Нұсқабай

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет