Диплом жұмысын жазу үшін Г. Орынбекова ғылыми теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден, бастауыш мектептердің озат



бет1/5
Дата22.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
түріДиплом
  1   2   3   4   5
к і р

Орынбекова Гүлзат аталған тақырып бойынша 2003 жылдан бері ізденушілік жұмыстарын жүргізуде. Тақырып бойынша алдымен курстық жұмыс жазды, оны ойдағыдай қорғап шықты. Студенттердің ғылыми-практикалық конференқияларында бірнеше рет баяндама жасады.



Кіріспеде жұмыстың көкейкестілігі, мақсаты мен міндеті, практикалық қолданылымы, зерттеу әдістері сөз етілсе екінші бөлімде казақ ертегілерін бастауыш кластарда оқытудың тиімді жақтары қарастырылып, олардың оқушыларға беретін тәлім-тәрбиелік түстары на талдау жасалынған.

Диплом жұмысын жазу үшін Г. Орынбекова ғылыми - теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден, бастауыш мектептердің озат мұғалімдері мен өзінің педагогикалық іс-тәжірибелерін пайдаланған. Жұмыс үш тараудан, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста баяндалған мәселелер әр такырыпшаға сай іріктелген, мысалдары жеткілікті.



Диплом жұмысын орындаушы тақырыпты толық ашуға әрекет еткен. Тұжырым, дәлелдемелері ғылыми негізде тиянақталған.

Зерттеу жұмысы дипломның талабына сай жазылған және өзіндік пікірі бар.









П і к і р

Ана тілін дамытудың ғылыми дәрежесін көтеру мәселелерінің бір жағы қазақ тіл біліміне, екінші жағы педагогика мен жеке әдістемеге байланысты . Қазіргі тіл ғылымы ана тілін мектепте оқытуға қажетті мәселенің ғылыми жағынан айқындап, тужырымдап берді. Дегенмен, практикалық өмірде сауатты жазу мәселесінде көптеген олқылықтар кездесуде. Қазіргі кезде бастауыш оқушыларына қарағанда, жоғарғы сынып оқушыларының тіл байлығы, шығарма, диктант жазуға деген талпыныстары төмен. Өз ойын дәл жеткізіп бере алмайды. Жазбаша сауаты нашар,тіл тазалығы мен тіл мәдениетіне қатынасы талапқа сай емес. Сондықтан «Баланы бастан» деп халқымыз айтқандай, баланың мектепке келген алғашқы күнінен бастап, тіпті отбасында тіл тазалығына, сөйлей білуге, ойды жинақтап айта білуге, ойлаған ойын қағаз бетінетүсіре білуге дағдыландыру керек. Диплом жұмысында осы аталған мәселердің бәрі жан-жақты сөз болған.

Ізденушінің көптеген теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, мектептегі өз тәжірибесін пайдаланғаны көрініп тұр. Жұмыста авторлық талдау және пікір қорыту жеткілікті. Жұмыс дипломдық зерттеулерге қойылатын талаптар деңгейінде жазылған.




П і к і р

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Олай болса, Қазақ ұлт мектебінің негізі де, аркауы да - ана тілі. Ана тілі - мектепте тек пән ретінде оқытылып коймайды, өзге пәндердің бәрінен де білім беруге және ондағы бүкіл тәлім-тәрбие, қоғам жұмыстарын жүргізуге негізгі құрал есебінде қызмет етеді.



Ана тілі -балаларды жүйелі сөйлеуге,жүйелі жаза білуге, ана тілінің сөздері мен құралдарын саналы түрде жұмсай білуге үйретеді.

Қазіргі мектеп бағдарламасында окушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Қоғамның , оның мүшелерінің жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де көтеріліп, сөйлейтін я жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп кұрауды қажет етеді. Бұл үшін оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамыту қажет. Диплом жұмысында осы жайттар сөз болып, жан-жақты зерттелінген.
Гүлзаттың осындай ізденімпаздығынан болашақта білімді, тәжірибелі үстаз шығатынына сенімдеміз. Диплом жұмысы жоспарына сай орындалған,ғылыми аппараты көрсетілген. Жұмыс дипломның талабына сай.


Мазмұны

Кіріспе .......3

1 Орфографиялық дағдыны қалыптастыру жолдары ........4



  1. Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық мәселелері..........9

  2. Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі .......13

2 Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар ...........17

  1. Орфографиялық жаттығулар орындату ......18

  2. Жаттығу материалдарын іріктеу .......20

  3. Орфографиялық талдау .......23

  4. Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары .......25

  5. Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік

қателерді түзету әдістері .......27

3 Кейбір дыбыс құбылыстарының орфографиядағы көріністері ........31

3.1 Фонема, дыбыс және әріп .......36

Қорытынды ........52

Пайдаланылган әдебиеттер тізімі ........54




Кіріспе

«Жазу әрекеті» - әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе.

Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын қарастырған. Мәселен, лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын сөз етсе, психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін, жүру бағытын зерттейді. Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін, құралдарын, қызметін тексереді. Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік тұлғалардьщ санамен байланысын, сөйлеу мүшелерінің ойга қатысты қимыл -қозғалысын дәлелдейді.

Әдіскер болса, ол осы салалардың барлық заңдылықтарын ескере отырып, сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды жалпы сөйлеу әрекетін жүзеге асыруды көздейді. Бұл салада ғалымдар кімді оқытатынын: оларды неге үйрету керектігін: не үшін, не мақсатпен және калай оқыту қажеттігін қарастырады. Тілші - әдіскерлердің ең бірінші мақсаты сапалы оқытудың жолдарын табу, яғни қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді деген сауалға жауап іздеу. оны практикалық жағынан дәлелдеп, теориялық тұрғыдан жүйелеп көрсету.

Зерттеу әдісі -жұмысты орындау барысында талдау,жинақтау, әңгі-мелесу, салыстыру, байқау т.б. әдіс-тәсілдерін пайдалануға болады.

Зерттеу нысаны - балалардың қазақ тілі сабағында сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін оқытуда сауатты сжазу дағдысын қалыптастыру арқылы тиянақты

білім беру, олардың ынта-жігерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.



Зерттеу міндеті:

- жазбаша тілін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;

-жазу тілін дамытудың әдістемесін жасау.


1. ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Білімді жүйелі қабылдау әрқашан белгілі бір икемділік пен дағдыға — байланысты. Білім алуға негізделген әрекет қандай да бір икемділіктің, кей жағдайда дағдының болуын қалайды. Оқытудағы білім мен дағды байланысының дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Ол әр пәннің өзіне тән ерекшелігімен сараланады.

Орфографиялық дағды - күрделі процесс. Ол - жазу, сөздің дыбыстық құрамын талдай білу, грамматикалық білімге сүйене отырып орфограмманы тану, оған лайық ережені пайдалана білу дағдыларын қамтиды. Орфограмманың сипатына қарай бұлардан басқа көптеген жеке операциялар жүргізілуі мүмкін. Ондай жекелеген операциялар түгелдей есепке алынып отырылады. Бірақ үнемі олай бола бермейді. Егер оқыту барысында күрделі әрекеттер дағдыға айналдырылуы қажет болса, онда жеке жаттығулармен шектеліп қалуға болмайды. Осыныңы керісінше, егер оқушыға шығарма жаздыру керек болса, онда олармен өздерінің ойын жазбаша беруіне және орфографиялық норманы сақтауына көмектесетін жеке-жеке жаттығулар жүргізілуі тиімді.

Орфографияға байланысты жекелеген жұмыстар орындату үшін, оқушылардың бар назары сол әрекетке аударылады, яғни жүргізілетін әрекет саналы орындалады. Ал оқушының назары оның творчестволық еңбегін қажет ететін басқа бір жаңа мақсатқа жетуге аударылса (мысалы, өз ойын жазбаша баяндап беруге), онда бірінші әрекет (орфографиялық жаттығу) басты мақсат болудан қалады да, оқушылардың бар ынтасы жаңадан қойылған екінші мақсатқа (шығармаға) шоғырландырылады. Шығарма жазу кезінде бірінші әрекет автоматтандырылған, оқушы жазған шығармасында орфографиялық білімі мен дағдысы берік болғандығын байқауға болады. Егер оқушы жазған шығармасында орфографиялық қате жіберген болса, онда бірінші әрекетке қайта оралып, орфографиялық жаттығулар орындатуға тура келеді.



Орфографиялық сауаттылық диктант я шығарма жаздыру арқылы есепке алынып жүр. Бұл жерде ескеретін жағдай мынандай: диктант —

оқушылар алдына ешқандай жаңа мақсат қоймайтын таза орфографиялық жұмыс, ал шығарма оқушылар алдында өз ойын жатық бачндап беру сияқты творчестволық талап қояды. Сондықтан да білімнің және орфографиялық дағдылардың қаншалықты берік қалыптасқандығына нақты көз жеткізу үшін шығарма (мазмұндама) жаздыру тиімді.

Ойын күрделендіруге үйрету үшін алдымен әрбір жеке әрекетті оқушының ұқыпты байымдап алуы талап етіледі. Сонан соң барып жалпы түрде ойын қорытады. Орфограмманың грамматикалық сипатын анықтаудағы бұл сияқты ақыл-ой жұмысын орфографиялық дағдының грамматикалық бөлігі деп атауға болады.

Дағдының берік қалыптасуы қайталау және жаттығу жұмыстарына тығыз байланысты. Орфографияны оқытудағы қайталау теориялық (грамматикалық, орфографиялық) білімді жазу практикасына пайдалану болып табылады. Қайталау арқылы оқушылардың ойлау әрекеті жетіледі, орфографиялық мақсатты қандай амалдармен, тәсілдермен шешу керектігі анықталады. Орфографияны оқытудың амалдары мен тәсілдеріне орфографиялық іс-әрекеттерге анализ жасау, абстракқиялау, сөз контексінен тілдің морфологиялық әлементтерін бөліп алу, ол әлементтерді белгілі бір грамматикалық категорияларға жатқызу, орфографиялық ережені айқындау т.б. жұмыстар жатады.

Жаттығу ережелерді пайдалана отырып, сөздің қалай жазылуын пысықтаумен шектелмейді, сонымен қоса ақыл-ой жұмысын дамытуға көмектесе түседі. Ережені білу, ережені пайдалана білу, ережені практикада қолдана білу үшін жүргізілетін жаттығулар дағды қалыптастырудың негізгі шартты жағдайлары болып табылады.

Әрекеттерді орындаудың амалы мен тәсілін білу қимылдық дағдысы сияқты саналылық дағдының да пайда болуында маңызды роль атқарады. Қимыл дағдысы дегеннен біз жай қимылдардан бастап (жүру, жүгіру т.б.) күрделі қимылдарды (дене шынықтыру, спорт) орындау амалын түсінеміз. Саналық дағды анализ, синтез, абстракқиялау, нақтылау т.б. жұмыс жүйелерін қамтиды.


Күрделі ақыл-ой қызметі арқылы қалыптасатын орфографиялық дағдыны игерудің қиындығы тек ереже немесе грамматикалық ұғымды білмеушілікте ғана емес, қайта ережені жазу практикасында қолдана алмаушылықта. Орфографиялық ережені жақсы білетін оқушының жзазуда сол ережеге байланысты қате жіберетіндігі белгілі. Бул оқушының өз білімін іс жүзіәнде қолдана білмейтіндігін көрсетеді. Ережені практикада пайдалану үшін орфограмманы танып, оларды грамматикалық жағынан топтастыру, қандай ережеге лайықты екендігін аңғарту қажет. Бұл үшін ойдың аналитикалық - синтетикалық күрделі жұмыс істеуіне тура келеді.

Жазуға үйренбестен бұрын бала таяқша, ілмек, имек сызық, жартылай дөңгелек сияқты әріп әлементтерін сызып, қол қимылын жақттықтарады. Жаттығу үстінде белгілі бір әріпті жазу үшін қай әлементтерді пайдалану керектігін түсінеді де, тұтас әріпті жазуға дағдыланады. Бірнеше әріпті жаза алатын болғаннан кейін, екі немес үш әріптен құралатын сөз жазуға дағдыланады. Осылай әріп саны көп сөздерді жазуға әрекеттенеді.

Сөйлеу тілі мен жазба тіл арасындағы айырмашылық әріп пен дыбыс катысында ғана емес, сөз құрылысына да тән. Бала сөйлеп тұрған кезде сөздің морфологиялық құрылысына, олардың жіктелуіне (қосымша) назар аудармайды да, өзінің ойын түсінікті етіп айта береді. Ал жазуда грамматикалық ерекшелік белгілі дәрежеде ойғңа оралып отырады. Жаңадан жазуға үйрене бастаған бала жеке әріптерден сөз құрағанда сөздің грамматикалық құрылысының әлементтерін сақтайды. Осыдан барып қатесіз жазу дағдысы көрініс береді.

Орфографиялық дағдыны жетілдіру және оны дамыту әр алуан психологиялық проқестер негізінде жүргізіледі. Оқушы қандай да бір жеке орфограмманы тақтадағы я таблиқадағы, немесе кітаптағы жазылуы бойынша танысады, яғни орфограмманы алғаш тану, көру сезімінен басталады.

Оқушы назарын белгілі бір орфограммаға аудару үшін, оның сол орфограмманы дара түрде танып қана қоюы жеткіліксіз, сонымен бірге оған анализ жасату, салыстыру т.б. тәсілдер қолданту керек. Өйткені



орфограмманы қабылдау баланың саналы да белсенді әрекеттеріне негізделуі тиіс. Бұл мақсатта оқушы зейінін жалпы сөзге аударып, олардың жазу тәжірибесін байыта түсу керек. Баланың тілі неғүрлым жақсы жетілсе, орфограмманы да соғүрлым жақсы қабылдайтын болады.

Орфограмманы қабылдау кезінен бастап орфографиялық түсінік пайда болады. Алайда қаншалық зейін қойын қабылдау орфограмманы толық түсіну болып табылдмайды. Мектеп программасының негізгі міндеті тілдік заңдылықтарды орфографиялдык ерекшеліктермен ұштастыра түсіндіру болып отыр.



Демек, мектеп оқушысына грамматика мен орфографияны оқыта отырып, белгілі бір сөзді неліктен осылайша жазамыз деген талап қоя аламыз. Мұндай талапқа сай білімдік ждағды алған оқушы өтіліп отырған орфограмманы есіту, айту, көру және жазумен ғана шектелмейді, грамматикалық көптеген әрекеттерді орындайды: сөздерді бөліктерге бөледі, ұқсас формадағы сөздерді тізеді, белгілі жұрнақтар арқылы жаңа сөздер жасайды, сөздегіә өзгерісті байқайды, жеке сөздер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтайды, өтіліп отырған форфограмманың өзіне тән ерекшеліктерімен танысады, өз білімін жүйеге келтіреді. Осылардың негізінде құбылысмтарды танудың жолдарын көрсетеді, ережені пайдалану тәсілдері мен бақылау жасау тәсілдерін белгілейді, қандай жағдайда қалай жазу керектігін саралайды, қажетті үлгілерді алдын ала жасап қояды. Оқушы грамматикалық ережені игере отырып, ойлау процесіне тән операцияларды орындайды. Құбылыс кұүрделі болған сайын, оқушының ойлау жұмысы күрделене түседі. Бұл — орфограммаларды саналы түрде түсінуге көмектеседі.

Грамматикалық әрбір ереже белгілі тұжырым, қорытынды болып табылады. Орфографиялық ережелерді үйрену нәтижесінде оқушы жеке жағдақларды қорытындылап, оған ережені қалай пайдадлануға болатындығын аңғартып отырса, онда оның орфограмма мен ережені дұрыс түсінеьтіндігі. Ол үшін мұғалім ережені түсіндіріп, оған қоыртынды жасағннан кейін, бірден өтіліп отырған ережеге байланысты сөздер мен тұлғаларды тексттен табуды ұсынады, сол ережеге байланысты мысалдар ойлап айтқызады, сөздің жазылуын тексеруді ұсынады т.б. сы сияқты жаттығу - пысықтау жұмыстарын жүргізеді.



Орфография тілдік ерекшеліктердің көрінісі болғандықтан, оның грамматикалық құрылысы, яғни ережені білу грамматиканың өзін жақсы білуді көздейді. Оқушы тілдік құбылыстарды, сөздердің грамматикалык топтарын, сөздің дыбыстық құрылымдарын, сөздердің өзара байланысын неғүрлым жақсы білген сайын, соғұрлым орфограмманы да жете танып, оған лайықты жеке ережелерді де жақсы білетін болады.

Міне сондықтан да орфография грамматикаға негізделіп оқытылады, өйткені грамматиканы білу дегеніміздің өзі - сауатты жазу.

Грамматикалық ережені игерту жолында үзбестен жаттықтыру нәтижесінде оқушы қатесіз жазатын болады. Алайда, қатесіз жазу көп еңбекті талап етеді, зейіннің шоғырландырылуы, ақыл-ой еңбегі жұмсалуы қажет болады. Жазып келе жатып оқушы кідіріс жасайды, ойналады, ережені еске түсіреді, сонан соң барып жазуын жалғастырады. Бұл - оқушының дағды қалыптастыру алдындағы табалдырық икемділік. Оқушыда орфографиялық дағды қалыптаса қоймағанымен, жазуда көптеген табысқа жеткендігі байқалады. Өйткені ол ереже мен нақты фактінің бір-біріне қаншалық сәйкестігін саналы түрде бағдарлай үғына бастаған. Оқушы өзінің икемділігін жетілдіре түсуі үшін тағы да жаттыға түсуі қажет. Мұндай жаттығу кезінде оқушының ойлау процесі де, жазу дағдысы да шапшаңдай ттүседі. Белгілі мысалға лайық ереже, сондай-ақ белгілі ережеге лайық ойға оралып отырады. Міне, дағды осылайша пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, дағды - ұзақ уақыт, үнемі қайта-қайта жаттығудың нәтижесінде қалыптасады.

Ережені практикада пайдалана білу дәрежесіне қарай окушының өздігінен жұмыс істеу ауқымы және оның творчестволық сипаты да кеңейе түседі. Көшіріп жазу, диктант, мазмұндама, шығарма сияқты жұмыстардың әрқайсысынң өзөі бірнеше амалдармен орындалады. Мәселен, текстті көшіріп жазу бар, көп нүктенің орынан әріп жазып көшіру бар, сөзді өзгерте жазып


көшіру бар. Осы сияқты жұмыстардың әрқайсысына лайық творчестволық жұмыс тәсілдері де өзгеріп отырады. Айталық, көшіріп жазу мен шығарма жазу мазмұны жағынан да, күрделілігі жағынан да, қиындығы жағынан да бірдей емес. Ендеше көшіріп жазу мен шығарма жазуға даярлау үшін жүргізілетін жаттығулар сипаты да өзгеше болады. Көшіріп жазу жаттығуларын жақсы орындаған оқушы диктант кезінде қате жіберуі мүмкін. Бұлай болмас үшін аралық жаттыығулдар жүргізіледі. Көшіре жаздырудың күрделенген кезінде диктант әлементтері көрініс беріп отарады. Осындай тәсілдер қолдану арқылы оқушы әр тарапты болуына қамқорлық жасмалады.

Оқушы орфографияның белгілі бір тақырыбын орындауы қажет болса, онда оның бар зейіні осы бір тақарыпқа шоғырланған болар еді. Егер әртүрлі емлелік ерекшеліктер қамтылған диктант жаздырылса, онда оқушы зейіні әр тарапқа бөлінеді. Ал шығарма жазу үстінде оқушының ойлау қызметі мүлде күрделенеді. Өйткені шығарма орфографиялық қатесіз жазылуы керек, сөйлем дұрыс құрылуы керек, стильдік байланыс сақталу керек, мазмұнды жазылуы керек. Шығарма жаздыруда орфография тілдің лексика, сөйлем құрау, пунктуация, стиль т.б. сияқты жақтарымен қоян-қолтық келеді. Мұндай әлементтермен оқушылар бұрыннан таныс. Бірақ өте тар көлемде өтілген. Егер бұрын сұраққа жауап қайтару Түрінде, жеке сөйлемдер кұрау түрінде, орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау түрінде оқытылған болса, енді жұмыс көлемі үлғайып, орфография жүйелі баяндау процесіне айналып отырады.




1.1 Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық

мәселелері

Чехтың үлы педагогы Ян Амос Коменский «дидактика» терминін кең ұғымда қолданып, өзінің әлемге тараған шығармасын «¥лы дидактика» деп атады. «¥лы дидактикада» тек оқыту мәселесін ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік, дене, әстетикалық сияқты тәрбие Тұрлерін де әңгімеледі. Сөйтіп, өз еңбегінде педагогикалық жүйені әрі терең, әрі ғылыми тұрғыдан негіздеуді мақсат етті.



Бүгінгі таңда дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оқыту теорияларын белгілейтін бір саласы және маңызда саласы. Дидактика: 1) оқытудағы таным процесін анализдеу, 2) дидактикалық принциптер, 3) білім берудің мазмұны, 4) оқыту жұмыстарын үйымдастыру формалары (сабақ туралы ғылым), 5) оқыту әдістері, 6) оқушы білімін бағалау және есепке алу мәселелерін зерттейді. Дидактикада мектепте оқытылатын барлық пәндерге тән оқыту проқестерін жалпы заңдылықтары қарастырылады.

1. Орфографияны оқытуда қолданылатын әдістер.



Оқыту әдістері сан алуан. Солардың ішінде орфографияны оқытуға байланысты мына әдістерді қолдануға болады. 1) байқау әдісі, 2) баяндау әдісі, 3) әңгімелесу әдісі, 6) кітаппен жұмыс істеу әдісі, 5) жаттығу әдісі, 6) талдау-жинақтау әдісі, 7) салыстырмалы әдіс, 8) индукқия-дедукқия т.б.

Байқау әдісі. Нақтылы материалды меңгеруде байқау әдісі шешуші орын алады. Тіл сабағында оқушылар тілдік құбылыстарға тікелей байқау жасайды. Байқау процесі абстракт ойлауға негізделмейді, керісінше, байқау арқылы қорытындылап, абстракт ой туады. Байқау танымдық роль атқарады. Ол шындық өмір құбылыстары туралы түсінікті реттейді. Сөзді немесе сөйлемді байқай отырып, оқушы тіл заңдылығының ережесін үйренеді.

Баяндау әдісі. Мұғалімнің баяндауы әрі әңгіме, әрі түсінік және нүсқау Түрінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің сөйлеуі, ойын көркем құрып баяндауы, тиісті дәлелдер келтіріп қорытындылауы тыңдаушыларға үлгі бларлық сипатта кұрылуға тиіс. Бұл жағынан алып қарағанда, баяндау әдісінің тәрбиелік маңызы жоғары.

Мұғалімнің баяндауына оқушылардың тыңдау процесі үйлес келуі тиіс. Баяндауға қойылатын талап тыңдауға да қойылады. Баяндай отырып, оқушыларды тыңдай білуге баулиды. Баяндауды тыңдау ойлау қабілетін арттырады, әрекетке тікелей араластырып, оқушының сезімін оятады.

Баяндау әдісі басқа әдістер әлементтерімен үштастырылып отыруы тиімді. Баяндау барысында байқау, әңгімелесу және жазбаша жұмыстар қоса жүргізіліп, мұғалімнің сөзі өтіліп отырған объектіні көрсету, сұрақ-жауаптар арқылы толықтырылып отырылса, оқушы жалықпайды. Көрнекі кұрал пайдалану оқушының тікелей сезінуі және қабылдауын дамытады.

Әңгімелесу әдісі. Оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі - әңгімелесу әдісі. Әңгімелесуді жаңа материалды түсіндіруге кірісу мақсатында да, қайталау кезінде де, оқушылардан сұрау кезінде де, тіпті материалды түсіндіру мақсатында да үйымдастырып отыруға болады. Мұғалім сабақтың әрбір кезеңінде класқа сұрақтар беріп, оқушылардлың жауаптары арқылы сабаққа белсенділігін арттырып отырады. Баяндау әдісінің құрамына да әңгімелесеу әдісі енгізіледі.

Оқушылар үшін әңгімелесу-коллективтік еңбек. Оқушыларды негізгі материалмен алдын-ала таныстыру, сұрақ-жауаптың логикалық жүйесін дұрыс белгілеу, олардың кеңінен ойлау мүмкіндігін жасау, класты коллективті түрде қатыстыру, жауап беру кезінде оқушылардың иеркін сезінуі, мұғалімнің бағыттаушы ролі мен оның қорытынды сөзі әңгімелесу әдісінің амалдары болып табылады.



Кітаппен жұмыс істеу әдісі. Оқушылар ең алдымен жұмыс істеуге үйретілуі тиіс. Оқулық нақтылы матералдарды меңгеріп, одан тиісті қорытындылар жасап отыруға көмектесетін, практикалық жұмыс икемділігіне нүсқайтын құрал болып табылады. Сонымен бірге оқушыларға сөздіктер мен анықтама кітаптарды пайдалану тәртібі, көркем шығармалар мен ғылыми- көпшілік әдебиеттерді пайдалану жолдары үйретіледі.

Кітаппен жұмыс істеу әдісінің тәрбиелік сипаты мол. Кітап оқу-оқушылардың ынтасы мен қабілетін арттырудың маңызды факторы. Оқу және оқығанын ұғынып түсіну бірден нәтижелі бола қаймайды. Бастауыш кластан бастап оқушылар оқылған тексін түсінуге үйретіледі. Оқуға ынтасы арта түскен оқушы кітапты көбірек оқи бастайыд, мәнерлеп оқуға төмселеді, оқығаннан түсінгендерін жазып үйренеді, бірте-бірте сөздіктер мен анықтамаларды, иллюстрияларды дұрыс пайдалан алады.



Жаттығу әдісі. Жаттығу арқылы оқушы білімі беки түседі. Жаттығу әдісі көп жағдайда қайталаумен байланысты. Жаттығу арқылы теориялык білім қайталанады. Жаттығу күрделі психологиялық функқияларға негізделеді. Ол - оқушылардың сезінуі мен түйсінуіне тікелей байланысты. Жаттығу үстіне қашан белгілі бір дағды қалыптасқанша, оқушының ойлау жұмысы тоқьтамайды. Жаттығу зейінді, есті және ерікті белгілі дәрежеде тәрбиелеуге көмектеседі.

Талдау -жинақтау әдісі. Заттар мен құбылыстарды тану үшін олардың жекелеген әлементтерін ажырата білу, жеке бөліктердің атқаратын қызметі мен алатын орнын біле отырып, олардан тиісті логикалық қорытындылар жасап отыру - талдау - жинақтау әдісі бойынша жүзеге асырылады. Бүтінді бөлшекке бөлу - талдау, ал бөлшектен бүтін құрау - жинақтау. Талдау мен жинақтау жеке-жеке емес, бірлікте қаралатын болғандықтан, талдау -жинақтау әдісі деп қосылып айтылады.


Салыстырмалы әдіс

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет