Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 50–ші
беті
Қосымша 15
ЕМТИХАН ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ДЕКАН ОРЫНБАСАРЫ
Міндетті:
1. Емтихан өткізу кезеңіне қатысты барлық ережелерді білуге;
2. Білім алушылардың аудиторияға тәртіппен кіріп шығуын қадағалауға;
3. Емтихан конвертінің бүтін күйде қабылданғанын және бұл жайлы емтихан қабылдаушылардың
конвертке сәйкес жазба жазғанын қадағалауға;
4. Білім алушы «Білім алушының емтихан тапсыру ережесін» бұзған жағдайда білім алушыдан
емтихан жауап парағын алып, акт жасап, білім алушыны емтиханнан шығаруға;
5. Факультет бойынша емтихандардың Ережелерге сәйкес өтілуін қадағалауға;
6. Емтихан өткізілу Ережелерінің бұзылғандығын анықтаған кезде бұл жайлы акт жасап,
университет жұмыс комиссиясы төрағасына тапсыруға;
7. Факультетте өткізілген емтихандардың Ережеге сәйкестігі жайлы күнделікті университет
жұмыс комиссиясы төрағасына жазбаша есеп беру;
8. Кезекшілікке кешігіп келген емтихан қабылдаушыларға, кезекшілерге Акт толтыруға.
Тыйым салынады:
1. Бөгде адамдарды жұмысқа қатыстыруға;
2. Емтиханнан шығу актілерін өзіне алып қалуға;
3. Күнделікті университет жұмыс комиссиясы төрағасына берген жазбаша есебінде жалған
ақпарат беруге.
Аталған ережені
Достарыңызбен бөлісу: