Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет48/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
Байланысты:
027-1

емтиханнан шығарылады
және емтихан бағасы 
«0» балл
есебінде қойылады
* - білім алушының пән бойынша емтиханға алып кіретін қосымша материалдар тізімін
академиялық мәселелер вице-ректор бекітеді;
** - емтиханда емтихан қабылдаушының қызметін кезекші оқытушы және қосалқы көмекші
оқу құрамы атқарады;
*** - әр студентке қосымша бір жауап парағы беріледі. 


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 53–ші
беті


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 54–ші
беті
Қосымша 18
ЖАЗБАША ЕМТИХАН ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУШЫ
Міндетті:
1. «Білім алушының емтихан тапсыру ережесін» білуге;
2. «Емтихан өткізу кезіндегі емтихан қабылдаушы ережесін» білуге;
3. Емтихан басталардан 30 минут бұрын келіп, Өлшеу және бағалау секторының
қызметкерлерінен емтихан конвертін және келу парағын қабылдап алуға;
4. Емтихан конвертінің ашылып қалмағандығына анық куә болу. Емтихан конвертінің бүтіндігі
бұзылған жағдайда тіркеуші офис қызметкеріне және академиялық мәселелер жөніндегі
департамент қызметкеріне мәлімдеме беруге;
5. Міндетті түрде білім алушыларды келу парағындағы аты-жөнін жеке куәлікпен тексеріп
кіргізуге;
6. Әрбір білім алушының келу парағына қол қойғандығын, «шахматтық» тәртіпте отыруын
қадағалауға;
7. Емтихан басталмас бұрын білім алушыларды «Білім алушының емтихан тапсыру ережесімен»
таныстырып шығуға;
8. Емтихан конвертін білім алушыларға көрсетіп, оның бүтіндігіне білім алушылардың көздерін
жеткізуге;
9. Емтихан конвертін ашу үшін 3 білім алушыны шақырып, «Бүтіндігін растайтын қолтаңба аты-
жөні» емтихан конвертіне жазба түсіріп, конвертті ашуға;
10. Келу парағындағы білім алушы санымен емтихан жауап парағы санының сәйкестігін тексеруге;
11. Барлық Өлшеу және бағалау секторының мөрі басылғандығына көз жеткізуге, кейбір жауап
парақтарында мөр басылмай қалған жағдайда декан орынбасарына хабарлауға;
12. Білім алушыларға жауап парақтарын таратып беріп, оны толтыру ережесімен таныстыруға;
13. Емтиханның басталуын білім алушыларға хабарлап, дәл басталу және аяқталу уақытын тақтаға
жазып қоюға; 
14. Білім алушылардың «Білім алушының емтихан тапсыру ережесін» қатаң сақтауына бақылау
жүргізуге;
15. Білім алушыға емтиханның аяқталуына қалған уақытты (90 минут, 60 минут, 30 минут, 15
минут, 5 минут) хабарлауға; 
16. Білім алушыны жазба жұмысы 2 параққа сыймаған жағдайда қосымша жауап парағын***
беруге;
17. Білім алушы «Білім алушының емтихан тапсыру ережесін» бұзған жағдайда білім алушыдан
емтихан жауап парағын алып, акт жасап, білім алушыны емтиханнан шығаруға;
18. Білім алушы емтихан сұрақтарына белгіленген уақыттан бұрын жауап берген жағдайда, ол
білім алушыдан жауап парағын алып оның аудиториядан шығып кетуіне рұқсат беруге;
19. Емтиханға бөлінген 120 минут аяқталған кезде білім алушыларға емтиханның аяқталғандығын
хабарлауға және білім алушылардың жауап парақтарына ары қарай жазбауын қадағалауға;
20. Емтихан жауап парақтары жиналып алынған соң, білім алушыларға орындарынан тұрып,
аудиториядан шығуына рұқсат етуге;
21. Емтихан жауап парақтарын және келу парақтарын шифрлеу бөлмесіне жеткізуге;
22. Білім алушы тарапынан тәртіп бұзушылық орын алған жағдайда білім алушының жауап
парақтары мен актты ТО қызметкеріне беруге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет