«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңның жалпы ережелерінде республиканың қазіргі Конституциясының талаптарына сәйкес, елді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің басты қызметіне жататыны және Қазақстанның барлық халқының ісі болып табылатындығы айтылған. Заңда заңды түрде әскери қызметшілердің құрамы, әскери атақтар мен оларды беру тәртібі, әскери киімді кию тәртібі бекітілді. Заңда әскери қызмет түрлері анықталды, әскери қызмет мемлекеттік қызметтің айырықша түрі екендігі, оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда басымдылыққа ие екендігі көрсетілген. Заңның 5 бабында ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар шақыру бойынша әскери міндеттілік негізінде аумақтан тыс және аумақтық принциптерді ұштастыра отырып және осы заңда белгіленген тәртіппен әскери қызметке ерікті түрде (келісім-шарт) кіру жолымен әскери қызметшілерден жасақталады
Ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарынын бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған. Ата - бабаларымыз кең далада өмір сүрген де, сондықтан оларға «Атамекен, туған жер» ұғымы - әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім - тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі тұрлаусыз.