Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып


ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ



бет10/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Интеграция

2 ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ


2.1 Қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

Мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға кездесіп отырған белгілі. Атап айтқанда оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету және тағы басқа мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді:


Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынадай:
- әрбір жеке пәнді оқытқанға басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
- түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру;
- оқушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруің, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру;
- жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
- оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою;
- оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру [8, 102].
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үдерісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларға түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т.Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі:
- Интеллектілік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б.);
- Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс істеу, т.б.);
- Спорттық икемділік пен дағды;
- Өнерге деген икемділік пен дағды, т.б. [8, 103]
Оқу үдерісінің барысында оқушылар танымдық, эксперименттік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады. Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр.
Сонымен қатар, пәнаралық байланыс – қазіргі замандағы ғылымының, ғылымдардың бірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын анықтаудың басты шарты болып табылады. Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін қалаушы құрылыс бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту үдерісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңыздылығы бар.
Оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың негізгі алғышарты − жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдердің пән бойынша пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі. Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеліп соғады.
Білім мазмұнын меңгеру пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені, ол – өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Әрбір жеке пән мұғалімдері оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, бір пәннен алған білімін екінші бір пәнге пайдалану жағын қарастырады. Оқушылар әрбір пәннің өзіндік заңдылықтарын меңгермейінше, сол пәннен тиянақты да терең білім ала алмайды. Сондықтан оқушылардың әрбір пән бойынша практикалық дағдыларын қалыптастырғаны дұрыс. Осындай жүйелі практикалық дағдылар негізінде ғана оқушылардың жеке пән бойынша танымы шоғырланып, басқа пәндерден алған білімімен ұштастырылады, тереңірек білуге мүмкіндіктер туады.
Жалпы білім беретін мектептің негізгі деңгейінде «Қазақ тілі» пәні барлық пәндермен байланысқа түседі. Қазақ тілінің лексика тарауында барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылады. Сөзжасамда биология, география, астрономия, физика, химия пәндеріне қатысты ұғым атаулары меңгертіледі. Морфологияның сөз таптары аясында математика, тарих, қоғамтану, өнер, технология, валеология, т.б. пәндерге қатысты терминдердің табиғаты мен тұлғалық ерекшеліктері танытылады. Синтаксис пен стиль салаларында мектептегі оқу пәндерінің сөйлем жүйесі мен қолданылу ерекшеліктері игертіледі.
Қазақ тілі пәнінің әдебиет, музыкамен байланысы өте күшті. Өйткені әдебиет адамтану ғылымы болса, музыка сол адамның жан азығы. Оқушыларға қазақ тілі сабақтарында әдістемелік түрлі мақсаттарда көрнекілік үшін, эмоциялық әсерді күшейту үшін түрлі бейнелеу өнерін (сурет, портрет, иллюстрация, мүсін, т.б.) музыкалық шығармалар пайдаланылады.
Қазақ тілін не себепті өзге пәндермен байланыстырамыз? Себебі, пәнаралық байланыс нәтижесі - пәннің қызықтылығына, ұғынықтылығына кепіл бола алады деген сенімдеміз. Бұл туралы Я.А.Коменский: «Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек» деп жазды.
Бүгінгі таңда пәнаралық байланыс туралы Б.М. Кедров, Ю.А.Самариннің позициялары алға тартылып, пәнаралық байланыс – әр шәкірттің санасын өркендететін қолайлы жағдай болып есептеледі.
Оқыту үдерісінде «Қазақ тілі» пәні төмендегі оқу пәндерімен тығыз байланысты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет