Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып



бет7/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Интеграция

1. Бақылау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен білім беру және оны практикалық дағдылар арқылы іске асыруда қолданылады. Қазақ тілінен теориялық білімді мектеп оқушыларына меңгертуде түрлі психикалық дағды жұмыстары жүргізіледі. Олар мыналар: үй тапсырмасының мақсаты, шартты түрде үйге тапсырылатын жұмыстың көлемі, оларды орындаудың методикалық жүйесі. Мұны тәжірибе жасаушы мұғалім сабақта және сабақтан тыс орындарда бақылау жасауы керек.
2. Эксперимент әдісі. Бұл әдіс те ғылыми методикалық еңбек жасау үшін жүргізіледі. Эксперимент ғылыми тәжірибе деген сөз. Бұл барлық білім саласында, ал қазақ тілін оқыту методикасында тым жиі қолданылады. Теориялық және практикалық еңбектер сол арқылы жазылады. Эксперимент әдісі қазақ тілін оқыту методикасында, негізінен, 1960 жылдардан кейін қолданылады. Бұл әдіс бойынша қазақ тілі фонетикасын, синтаксисін, орфографиясын, пунктуациясын оқыту методикалары жасалады. Эксперимент өзінің іске асырылу мақсатына қарай төмендегі түрлерге бөлінеді:
а) бақылау эксперименті – кейін жүргізілетін методикалық эксперименттер материалын іске асыру үшін жүргізіледі. Алдымен экспериментке қойылатын объектінің жағдайын, мақсатын, мазмұнын, түрлерін анықтайды;
ә) сыныптық эксперимент – мектептің бірнеше сыныптарында іске асады. Экспериментке қойылатын жұмыстың мақсатын, мазмұнын, негізгі жасалатын жұмыстың барысы мен негізгі нәтижелерін анықтайды;
б) кең таратылған эксперимент. Мұнда сыныптық эксперименттің нәтижелері бірнеше мектептің бірнеше сыныптарында сыннан өткізіледі. Әр сабақта, әр сыныпта эксперимент материалдары іске асырылады.
Негізгі мақсаты:
- біріншіден, экспериментке қойылатын жұмыстың негізгі мазмұнын;
- екіншіден, оқушыларға берілетін білім мен дағдының көлемін;
- үшіншіден, эксперимент объектісіндегі білім беру әдістерінің түрлері мен құрылымдық элементтерін;
- төртіншіден, экспериментке қойылатын материалдардың сабақ түрлері мен элементтерінде жүзеге асатындығын анықтайды [3, 48].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет