Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып


Методикалық эксперимент жұмысы төмендегіше өткізіледі



бет8/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Интеграция

Методикалық эксперимент жұмысы төмендегіше өткізіледі:
1. экспериментке қойылатын материалдардың болжамы жасалынады;
2. сосын екі-үш мектептің бірнеше сыныбы таңдалады;
3. осы таңдалған сыныптарда тәжірибе жасаушы мұғалім сабақ өткізеді. Методикалық материалдың нұсқау болжамына сабақтың күрделі жоспары жазылады, онда экспериментке қойылатын объектінің мақсаты және оның мазмұны, оны іске асырудың әдістері, жұмысты жүргізудің жүйесі айтылады;
4. методикалық жұмыстың негізгі қорытындылары бірнеше мектептің бірнеше сыныптарында сынақтан өтіледі.
5. экспериментке қойылатын материалды сынап көру үшін алдымен бақылау, мұнан кейін эксперимент сыныптары таңдалады.
Жұмыстың барлық түрлері біз эксперимент ретінде таңдалған 5-сыныпта жүргізілді. Эксперимент сыныбында методикалық, нұсқау-болжам бойынша оқытылады, оған лайықты материалдың, көлемі мен жүйесі таңдалды. Эксперименттің нәтижелері бақылау жұмыстары бойынша өлшенді. Қазіргі ретте эксперимент алғышарттарын толығырақ қарастыра кетейік.
3. Қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыра зерттеудің тағы бір әдісі –методикалық мұраларды үйрену, игеру әдісі.
Қазақ тілін оқыту методикасының тарихында методистер С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Қ.Жұбанов, Д.Әлімжанов, т.б. елеулі орын алады. Бұлардың методикалық көзқарастары, ұсыныстары сабақ беруде үнемі қолданылады. Сонымен қатар, осы күнгі методистер Қ.Жолымбетов, Х.Арғынов, т.б. пікірлері, методикалық еңбектері зерттеу жұмыстарын жүргізу процесінде ескеріледі. Сонымен қатар, методика теориясына арналған қазақ тілі синтаксисі мен қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері ғылыми зерттеу жұмыстарына негіз болады.
4. Методикалық тәжірибелерді талдау әдісі. Қазақ тілін оқыту методикасынан зерттеу жұмысын жүргізуде мұғалімдер тәжірибесі зор рөл атқарады, сондықтан мұғалімдер тәжірибесін жинақтау, олардың практикалық тәжірибелерін теорияға айналдыру, зерттеу жұмысының басты бағыты болуға тиіс [3, 52].
Мұғалімдер мен методистердің тәжірибелері екі жақты жарияланып отырады. Біріншісі, газет пен методикалық журналдарда басылады. Зерттеу жұмысын жүргізуде осыларды ескеруге тура келеді. Екіншіден, методикалық әдіс бірліктерде талданады, мұғалімнің тәжірибелері әрбір мектептің әдіс бірлестігінде қаралады. Оның нәтижелі жақтары сабақ беруде ескеріледі. Қазақ тілін оқыту методикасының зерттеушілері мұғалімдердің тиімді, құнды тәжірибелерін талдап, мектеп қауымына насихаттайды.
Аталған зерттеу әдістері білім беруде пәндердің ішкі тоғысуын (пәнаралық байланыс), оларды жаңаша жүйелеу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, таным мәселесін сабақ мақсатының алдыңғы қатарына шығару, көп салалы мәдени білім беру, білімді өмірмен байланыстыру салаларында қолданылады. Яғни, интегралды оқыту технологиясы басқа технологиялармен кешенді байланысқанда ғана оң нәтиже береді.
Пәнаралық байланыс – бір ғылым саласының заңдылығын айқын, дәл білу үшін басқа ғылым саласындағы ұқсас құбылыс. Ал, интеграция дегеніміз - ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дифференция үрдісімен қатар жүреді. Пәнаралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс әлемдік білім кеңістігімен интеграциялануға жол ашады. Бұл процестер баланың дүниетанымын кеңінен қалыптасуына себеп болады.
Баланың дүниетанымын қалыптастыру – барлық пәндердің міндеті. Пәнаралық байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бірізді, үйлесімді дамытады. Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан ерекшелікті таныту – әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден-бір жол. Ендеше оқытуда тиімді деп танылған таным кезеңдерін жүйелеп көрсетуге болады.
М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясында» да сабақтың үш кезеңдік құрылымы орын алған: «Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады» [4, 8].
Бұл технология тұлғаны дамыту идеяларын ұстанғандықтан оқушының әрекеттеріне көп көңіл бөліп, оларға үш деңгейдегі («жеңілдетілген» стандарт, «стандартты», «стандарттан жоғары») тапсырмалар ұсыну арқылы «оқушылардың білім сапасын едеуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді [4, 8].
Модульдік оқыту технологиясында сабақ (модуль) «Кіріспе – Сөйлесу – Қорытынды» құрылымында өткізіледі. «Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді» [5, 19].
Оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім келесі әрекеттерді атқарады:
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымы және мазмұнымен таныстырады;
ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттірді әрбір оқушының «қабылдауына», түсініуіне ерекше көңіл бөледі;
б) тірек сызбаларға («орамалға», белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді [5, 15].
Сабақтың «Сөйлесу» атты келесі модулінде «оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы» жүзеге асырылады[4, 8].
Бұл бөлім оқушылардың «тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді» [4, 9].
Бұл бөлімде оқушылар шағын топтарға бөлініп, белсенді әрекеттер атқарады: «Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған» [7, 10].
Модульдік технология бойынша сабақтың (модульдің) үшінші «Қорытындылау» бөлімі бағалауға арналады: «Оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, бірлігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі [7, 10].
Ұстаз бен шәкірттердің жұмысы мен әрекеттері келесі тәртіп бойынша ұйымдастырылады:
1. Индукция.
Бұл атау «бағыттау» деген ұғымда қолданады. Ол білім игеру процесіне деген оқушының ерекше көңіл-күйін білдіреді. Оқушылар тақырыпты қарастыруға ниеттеліп, бар сезімдерін «іске қосады», оған деген өздерінің қатысын анықтайды.
Индуктор дегеніміз сезімді оятатын, еске түсіретін, ассоциациаларды туғызатын, сұрақтардың пайда болуына әкелетін қандай да болмасын түрткілер: сөздер, бейнелер, фразалар, заттар, дыбыстар, суреттер.
2. Өзіндік инструкция.
Бұл үйренушілердің өзіндік білім құрастыратындығын білдіретін сөз. Мұнда оқушылар қарастырып жатқан мәселе бойынша жекелей жұмыс жасайды: жорамал, гипотеза құрады, шешім келтіреді, мәтін жазып, сурет салады, жобалайды.
3. Әлеуметтік құрастыру.
Оқушылар өз жасағандарын жұптасып немесе шағын топ құрамында қарастырады, олардың бірлескен әрекеттердің нәтижесінде жаңа туындылар пайда болады: гипотеза, шешім, мәтін, сурет, схема, жоба, т.б.
4. Әлеуметтендіру.
Бұл ұғым жұмыс нәтижелерін өзгелердің назарына ұсыну дегенді білдіреді: жекелей не пікірлер тоғысуымен топ ішінде жасалған барлық жұмыстар талқыланып, оқушылар олар жайлы пікірлеседі, пікір таластырады, кеңеседі, өз жұмыстарының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ажыратады. Мұнда барлық пікірлер тыңдалып, барлық ұсыныстар қарастырылады.
5. Афишалау.
Жұмыстарды жариялау: барлық мәтіндер, суреттер, схемалар, жобалар қабырғаға ілініп, оқу процесінің қатысушыларына таныстырылады. Ұстаз бен оқушылар сыныпты аралап, оларды оқу, талқылау мүмкіншіліктеріне ие болады.
6. Қанағаттанбау.
Үйренушілер өздерінің бұрынғы білімдерінің толымсыз екендігін, олардың жаңа түсініктерге сәйкес еместігін сезінеді, сол себепті де оқушыларда қанағаттанбаушылық пайда болады. Өз кезегінде бұл сезімдер оларды ізденуге, осы немесе басқа да туындаған проблемаларды шешімін табуға, өз білімдерін басқа мәлімет көздерімен (кітаптар, өзге пікірлер) салыстыруға ынталандырады.
7. Рефлексия.
Бұл кезең шәкірттердің сезімдері мен ойларының көрініс табуын меңзейді. Ұстаз үшін оқушыларының әрекеттері ойланудың, өз жұмысын өзгертуі мен жетілдіруінің негізі болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет