Диплом жобасының өзектілігі



бет9/11
Дата31.07.2020
өлшемі0,96 Mb.
#75849
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
теория
теория

Ақпараттық технология


Мәліметтер базасында негізделген

Мәліметтер базасы типі


Реляциондық

Кодтау жүйесі

Фасеттік жүйе

Ақпараттық қорғау

АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.

1.2.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын талаптар


Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз– ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

Ақпараттық жүйені тұрғызу– ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.

Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы– математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру– құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен можернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру– құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі.

1.2.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау– бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.

Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:



  1. Ақпаратты алу.

  2. Ақпаратты түрлендіру.

  3. Ақпаратты тұтыну.

Бірінші саты– экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.

Екінші саты– ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.

Үшінші саты– операциялар тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.

Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:



  1. Ақпаратты жинау және тіркеу;

  2. Ақпаратты өткізу;

  3. Машиналық тасығыштарды дайындау;

  4. Ақпаратты өңдеу;

  5. Ұйымдастыру техникасы.

Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.

Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.

1.2.6 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау деп– техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау– бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және– немесе ” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.

Операциялық жүйе– ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін программалар жатады.

Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакентін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.

Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.
Кесте 1.2

Программалық жабдықтау



Тип


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет